Ордабасының сайты Алмасбектің отбасылық сайтына айналып кеткен бе?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ордабасының сайты Алмасбектің отбасылық сайтына айналып кеткен бе?

Туған күн деген қандай жақсы. Дос-жараннан, туған туыстан құттықтаулар естіп, сыйлықтар алып, бір жасап қаласың. Ал енді әкім болсаң... Басқа әкімдерді қайдам, бірақ күні кеше туған күнін атап өткен Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбековті басқа емес, өз әкімдігінің ресми сайты құттықтап, фейсбукте бөлісіпті.

Ол посттың астына әкімнің өзі рахмет айтып, коммент жазған. Негізі адам баласын адам баласы құттықтайды ғой, бірақ енді өзі басқаратын аудан әкімдігінің ресми сайты құттықтау айтқанын бұған дейін көрсек, көзіміз шықсын. Ұзынқұлақтың айтуынша, жарнамасы онша келісіңкіремей жүрген әкім шырақ өзін бірдеңе ғып көрсету үшін сайт администраторларына «туған күніммен құттықтаңдаршы» деп өтінген көрінеді. Онда тұрған не бар дейтін шығарсыз? Иә, негізі онда тұрған ештеңе жоқ. Алайда білдей бір ауданның ресми сайты туған күнмен құттықтайтын телеарнаның «жүгіртпе жолы» не болмаса «құттықтау бағдарламасы» емес қой. Мұны көрген фейсбуктегі қазақтар «Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты Әлекеңнің отбасылық сайтына айналып кеткен бе, ертең әйелінің туған күнін де осы сайт құттықтап тұрса, таң қалмаңдар» деп келеке етіп жүрген көрінеді. Шынын айтсақ, Алмасбек әкімнің туған күнін кеш естіп қалдық, әйтпесе «Айғақтың» не «ШТВ»-ның құттықтау бағдарламасы арқылы Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «туған күн» әніне «заказ» берер едік. Суреті теледидарға шығып, бір жырғап қалар ма еді...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter