Бірнеше облыс «Нұрлы жолдың» қаржысын игере алмай отыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бірнеше облыс «Нұрлы жолдың» қаржысын игере алмай отыр

Бірнеше облыс «Нұрлы жолдың» қаржысын игере алмай отыр
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Алматы, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыны игере алмай қалуы мүмкін.

Қазір ел аумағында 96 білім беру нысандары салынып жатыр. Оның 77-сі – мектеп, 19-ы – балабақша. Бірақ, бірқатар облыстарда бөлінген қаржы дер кезінде игерілмей қалу қаупі бар екен. Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов баяндама жасап, білім беру нысандарына инфрақұрылым жүргізуге бөлінген қаржының жартысына жуығы ғана игерілгенін айтты.

«Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша қаржыландыру көлемі 60,9 млрд теңге болса, соның 22,3 млрд теңгесі ғана игерілген. Оған қоса инженерлік-коммуникациялық жүйе құрылысына 2016 жылы 78,5 млрд теңге қаралған. Қаржыландыру жоспары бойынша шілденің соңына дейін 30,5 млрд теңге бөлініп те қойған. Соның өзі толық игерілмеген. Берілген қаржыны Алматы, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары тиісті мақсатқа толық жұмсап үлгермей қалуы мүмкін. Салдарынан, салынып жатқан нысандар дер кезінде пайдалануға берілмеуі ықтимал.

«Нұрлы жол» бағдарламасы қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы Қазақстанның экономикалық дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Сол арқылы ел аумағындағы өңірлерді біртұтас жүйеге біріктіру жоспарланған. Осының бәрі айналып келгенде ішкі экономиканың жекелеген секторларын қолдау арқылы дағдарысты еңсеру. Бұл орайда, халықтың қазынадағы ақшасын тиімді жұмсағанда ғана жұмыс жемісті болатыны айтпаса да түсінікті жәйт. Алайда, біздегі билік мол қаржымен жұмыс жасауға қауқарсыз екенін қайта-қайта байқатып қоя береді. Мұның арты ел экономикасының дамуын тежеп отырғанын дәлелдеудің қажеті жоқ.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter