Сараптама
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сараптама

Іздегенге жұмыс табылады

Оңтүстікте жұмыссыз жастардың саны күрт өскен. Бұл туралы жыл соңында «Жастар орталығы» арнайы мәлімдеме жасаған еді. Мамандар мұның бір себебін жастардың қалаға көшу деңгейінің артқанымен ұштастырады. 

«Серпіндетіп» жүріп, сиреп қалмаймыз ба?

Қоғамдағы әрбір мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ, ұтылмайтынымыз анық. Бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етпек. 2014 жылдан бастап елімізде «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы сәтті жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаға сәйкес, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облысының талапкер жастары Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс және Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының жоғарғы оқу орындарына оқуға түсемін десе, мүмкіндік беріліп, мыңдаған жас осы аталған облыстарда білім алып жатыр.

Сайтына қарап, әкімін таны!

Интернет ресурстарының ғаламторға қолы жететін ағайын үшін таптырмас көмекші құралға айналғаны белгілі. Өйткені кейбір хабарландыру, мемлекеттен берілетін мүмкіндіктерді әр есікті бір қағып жүрмей-ақ, монитордың бергі жағында (ғаламтор арқылы) біліп отыруға мүмкіндік туып отыр. Бірақ, сол атқарушы органдардың интернет ресурстарындағы жағдай қалай? Арыға бармай-ақ, алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы биліктің, яғни, өңірге қарасты аудан, қала әкімдіктерінің ресми сайттарына шолу жасап көрсек. 

Тоқаевтардан қорыққан депутаттар қазақша сөйлеп жарытпас

Ұлттың қамын ойлау – қазақша сөйлеуден басталады. Ұлт деп ұртымызды толтырып айтпай-ақ қояйық, анда-мұнда журналистік жұмыс бабымен барғанымызда, ең іргелі мемлекеттік қызмет орындарының көпшілігінің табалдырығын аттап, есігінен ары өткен соң Қазақстан деген мемлекет жоқ сияқты әсер қалдыратыны бар. Президент «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» демей, «министрлер мен министрлер, депутаттар мен депутаттар немесе министр мен депутат қазақша сөйлессін» дегенінде жоғарыдағы жағымпаз біткеннің бәрі ендігі қазақша сайрап отырар еді.

Көкірекбаев мырза, бірнеше адамның «басын алумен» іс бітті ме?

Махаббат іздеп мауыққандарға 2015 жылдың көктемі төтенше «тәтті» болып келгенге ұқсайды. Жыл сайын қаңтар мен ақпанның аязында «жемісін» бере бастайтынын байқайтын едік, бірақ биылғы «мол өнімнің» жойқын қатігездікпен көзі жойылып жатқаны жаға ұстатып отыр. 

Ислам Әбішев! Ақша қайда, жол қайда?

Екі мыңыншы жылдары қазақ-өзбек шекарасын белгілеу кезінде Шардара мен Жетісайды жалғайтын күре жолдың 24 шақырымы ала шапанды ағайындардың «ауласында» қалды. Қатынасты тоқтатпас үшін Қазақстан оны жалға алды. 2008 жылы халықаралық келісімнің мерзімі бітіп, өзекеңдер не өзі жүрмеді, не өзгені жүргізбей қойды. Жолды жауып тастады. Салдарынан шекара шебінде жатқан Амангелді мен Арнасай ауылдары аралда қалып қойғандай күй кешті. 

Оңтүстікте өсім тоқтады

Өсім дегенде, халықтың табиғи өсімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық статистика департаменті ұсынған мәлімет бойынша 2015 жылғы 10 айда халықтың табиғи өсімі 57,3 мың адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға кеміген. Бұл негізінен Қазақстанның басқа аймақтарына және шет елдерге кеткендердің есебінен болып отырған құбылыс. 

Көшербаев, Қызылорда жекеменшігіңіз емес

Ел ішінде мемлекетшіл тұлға, принципшіл әкім атанған Қырымбек Көшербаевтың биліктің биік эшалонынында жүріп қалыптастырған репутациясы халықтың ризашылығымен ғана көмкерілген десек, түзу сөзден қиғаш кеткеніміз. Бір аймақты дүр сілкінткен оқиға түгілі, бір ауыз сөз түбіне жетіп жатқан әкімдер бар. Бірақ министр болса да, батыс облыстардың бірқатарына әкім болса да, премьер-министрдің орынбасары болса да, саяси тұлғаның соңынан ере жүретін сол сұйық сөздер Көшербаевтың беделін кеміте алған жоқ. 

Аралдың кебін кимесін...

Арал теңізінің тартылуы – өткен ғасырдағы жер бетіндегі ең үлкен экологиялық апаттың бірі ретінде тарихта қалды. Одан бері де қаншама өзен-көлдеріміз табиғат-анаға деген жанашырлықтың жоқтығы мен экологиялық ахуалға деген дұрыс көзқарастың болмағандығынан суы тартылып, құрғап қалды. Енді міне, осындай жайсыз жағдайды өзіміздің Теріскей өңіріндегі Қызылкөл де тартып жатыр. 

«Отырып» қалғандарға тықыр таяды

Естеріңізде болса, жақында Елбасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға вето қойған болатын. Н.Назарбаев өз сөзінде: «Жетер, 25 жыл барлығын ұстап тұрдық, енді зейнеткерлікке шығу керек. Әрқайсысында шығатын нақты мерзімі бар. Кеңестік кезеңде 2-3 жыл ерте босатса, қуанып, кететін еді, ал қазір ешкім шыққысы (зейнетке) келмейді», - деген. Яғни, зейнеткерлік жасқа жетсе де жылы орнынан кеткісі келмейтін зейнеткер-қызметкерлерді ертерек кетіруді ұсынды. Өзгерістер енген заң Парламентке қайта жіберілді. Жақында мақұлданып, Елбасы қол қойды. 2016 жылдан бастап заң күшіне енеді.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter