Сараптама
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сараптама

Министрлерiмiз өз халқына қарсы жұмыс істеп жүрген жоқ па?

Кәсіби Парламент құру үшін мерзімінен бұрын сайлау өткіздік. Дәл осы жолы әділ болуы тиіс деп көпшілік сенген саяси науқан әдеттегі сайқымазақ сарында өтті. Сайлау өткен соң жағдай өзгерер деп үміттеніп едік. Үмітіміз ақталды. Жағдай өзгерді. Бірақ қай жаққа? Сайлау ауыр тиді ме, әлде дағдарыс кезіндегі күтімі нашар боп жүр ме, әйтеуір жоғары жақтағылар өздерін «біртүрлі» сезініп жүрген сияқты. Күн құрғатпай не мәжіліс депутаттарының, не министрлердің «ауыздарынан авария боп» жатқанының куәсі болып жүрміз. 

Фонограммасыз ән айтатын бес үздік әнші

Бағзыдан жеткен көне кітаптардың бірінде: «Математикті, батырды, әншіні Тәңір жаратады» деген жазу бар деседі. Шынында, нағыз талантты өнерпаз сирек туатыны белгілі. Парижде ән салып, әлемді әнімен аузына қаратқан Әміре Қашаубаев та, есімі ғасырлардан көнермей бүгінге жеткен Балуан шолақ, Ақан серілер де сол дарындардың айқын көрінісі. Ал күні кешегідей көрінетін Кеңес заманында да оншақты нағыз әншілер болды. Қайрат Байбосынов, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова сынды хас таланттар сол көш басшылар...

Жұмсақ заң қалталы қылмыскерге қол боп тұр

Осыдан алты жыл бұрын Қазақстан темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүргендер саны жағынан Орталық Азия елдері арасында алдыңғы орында тұрды. 2012 жылы елімізде мың адамның 295-і сотталғандар болатын. Яғни, әр үшінші немесе төртінші қазақстандық түрмеде отырған. Бұл еуропаның дамыған елдеріндегі көрсеткіштен екі есеге көп.

Той бюджеті: ең кемі 2 миллион қажет

«Ойын-тойсыз өмір – аялдайтын бекеті жоқ ұзақ жол сияқты» демей ме Демокрит? Расында да, дүниенің қызықшылығының дені осы бір той-томалақпен өлшенеді. Бүгін біз ұлын ұяға, қызын қияға қондыруға келгенде барын шашып, жоқтан бар жасап той жасайтын үйлену тойының орташа бюджетін есептеп шығаруды жөн көрдік. Ол үшін алдымен мейрамхана мен серуендеу көліктерінің, қалыңдық көйлектерінің бағасын білдік. 

Адамнан жасырсаң да, Алладан жасыра алмайсың

Жақында ғана елімізде мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында смартфон (ұялы телефон, планшет, смарт-сағаттар) қолдануына тыйым салынды деген ақпарат тарап, ел қызу талқылаған еді. Алғашында тек мемлекеттік қызметшілер ғана гаджеттерден бас тарту керек деген талаптың кейінірек тек шенеуніктер емес, мемлекеттік мекемелерге келіп-кетушілерге де міндеттелетіні айтылды. Бұл құпия ақпараттардың көпшілікке жиі таралып кетуімен тікелей байланысты көрінеді.

Ресейге салынған санкцияның кесірі бізге тиіп жатыр

Солтүстік көршіміз бен батыс бір-біріне санкция салудан шаршамайды. Ресейліктердің бірнеше рет Украина, Түркиядан келген тауарларды бүкіл елдің көзінше жойып жібергені де есімізде. Алайда, содан дүниесі бүлінген ол жоқ. Қайта, сол сансыз санкцияларға қарамастан Ресейдің сыртқы сауда саясаты қарқынды жүргізіліп жатыр. 

Қырымбектің «Аққуы» Сыр бойына қонбасын...

Қырымбек Көшербаев Маңғыстау облысына әкім болып келе салысымен елді елең еткізер жобаларды қолға ала бастаған еді. «Ақтау Сити» саламыз деп, оның шағын ғана макеттік жобасын теледидардан бірнеше мәрте жарнамалаған болатын. Жобасына қарап, Ақтау әлемдегі екінші Дубайға айналады деп күткен едік. Өкінішке орай, жобаны қаржыландырушы шейхтар дағдарысты алға тартып, «Ақтау Ситиді» қаржыландыра алмайтынын айтыпты-мыс. Осылайша жұмақ қаланың жұмбағы шешусіз қалды. Жарнамаланған жобалар тоқтап қалғанын ел түсінбей дал болды. 

«Сирек кітаптарды оқуға көбінің өресі жетпейді»

Тарихтың көмескіленбеуіне қызмет ететін құнды дүниелердің ең бас-тысы – кітап. Кітап демекші, Түркістанда ерекше бір кітапхана бар. «Түркі тілдес халықтар кітапханасы» деп аталады. Бүгінде 40000-ға жуық қоры бар кітапханада бұрынғыдан сұраныс азайғанымен, әліге дейін оған шекара асып, арнайы келетін оқырмандары баршылық. Біз осы жолы кітапхананың сирек кездесетін кітаптарымен танысу үшін әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы Құлбек Ергөбекпен әңгімелесіп қайтқан едік. 

Қай елдің әскері мықты?

«Жау жоқ деме, жар астында» дейді қазақ. Расымен де, бүгін тату отырған ағайынды елдердің демнің арасында қырғиқабақ болып соғысып, қас жауға айналғанын кәрі тарих сан мәрте дәлелдеп бере алады. Соғысы құрысын әрине, дегенмен әскер ұстамасаң, заманауи әскери техникаң және сол техниканың тілін білетін кәнігі мамандарың болмаса, етектегі қай ел болсын шекараңды қия басып кетуі мүмкін. Сол үшін де Отанды қорғар әскердің болуы шарт. 

Әзірет Сұлтанға барсаң, қалтаңды қампайтып бар

«Түркістан – екі дүние есігі ғой. 

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой».

Шындығы сол, көпшілік киелі шаһарды осылай таниды. М.Жұмабаевтың жыр жолдарында келтірілгендей «екі дүние есігі, ер түріктің бесігі» саналатын қасиетті қалаға зиярат етушілердің қатары қай кезде де азайған емес. Алыс-жақыннан ат арылтып келіп жататын ізгі ниетті бауырларымыз да баршылық. Жылына сан мыңдаған адам алыс-жақын шет елдерден осында ағылып жатады. Дінді діңгегім деп білетін, қасиетті өлкелерді қадірлей жүретін жамағат үшін, сөз жоқ, Түркістанның орны бөлек. 

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter