Қай елдің әскері мықты?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қай елдің әскері мықты?

Қай елдің әскері мықты?
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

«Жау жоқ деме, жар астында» дейді қазақ. Расымен де, бүгін тату отырған ағайынды елдердің демнің арасында қырғиқабақ болып соғысып, қас жауға айналғанын кәрі тарих сан мәрте дәлелдеп бере алады. Соғысы құрысын әрине, дегенмен әскер ұстамасаң, заманауи әскери техникаң және сол техниканың тілін білетін кәнігі мамандарың болмаса, етектегі қай ел болсын шекараңды қия басып кетуі мүмкін. Сол үшін де Отанды қорғар әскердің болуы шарт. 

Иә, қазақ жауынгер халық. Алып даланы біреу «мә, сенің жерің» деп тегін бере салған жоқ, «бұл сенің атақонысың, тимейміз» деп көзін алартпай бұрылып кеткен жоқ. Қазақ иен далаға сол әскерінің мықтылығымен, сардарларының ептілігімен Отанын қорғап, кеңейтіп, сақтап келді. Жаңа ғасыр жаңа әскери күшті талап етеді. Бұл тұрғыда қай көршіміз болмасын қарап қалып жатқан жоқ. Мүмкіндігінше әскери күшін нығайтып әлек. Осы тұрғыда көршілес елдердің әскери қуатына қысқаша шолу жасағымыз келіп отыр. Кімде қанша әскер бар, қанша мылтығы бар, өңірде мықты кім дегендей...

Таяуда жарияланған Global Firepower Military Ranks-2016 рейтингісінде әлемнің 126 мемлекеті арасында Қазақстан әскери қуаты жөнінен 66-орынға ие болыпты. Қырғызстан – 78, Тәжікстан – 81, Түркіменстан 90 – орында. GFM-нің сараптауы бойынша Орталық Азиядағы посткеңестік елдер арасында ең қуатты әскер Өзбекстандыкі болып шықты. Жаһандық әскерлер қауқарының рейтингісін жасақтау кезінде ядролық қару ескерілмеген. Тек әуе, теңіз және құрлықтағы әскердің қуаты бағаланған. 

Рейтингті құрастырушылар елдегі қарудың жалпы саны, ел экономикасының ахуалы, жағрафиялық орналасуы, табиғи ресурстар қоры мен оны өндіру, әскери қызметке жарамды халық саны секілді әртүрлі 50 факторды ескерген. Рейтинг АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының мәліметі, БАҚ-тағы материалдар мен өзге де дереккөздер негізінде дайындалған. Осы рейтинг бойынша «Азия — Тынық мұхит» аймағы елдерінің арасында әскери қуат жағынан Қазақстан 21-орында.

Рейтинг мәліметтері бойынша:

Өзбекстанда 13,3 млннан астам адам әскери қызметке жарамды екен. Мұнда жыл сайын 600 мыңнан астам адам әскерге шақырылатын жасқа толады. Армия құрамының саны — 65 мың адам. Ел әскерінің иелігінде — 420 танк, 715 БТР және БМП, 880 бірлік артиллериялық қару, 143 өзі жүретін артиллериялық қондырғы, 109 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйе, 166 ұшақ (оның 69-ы тосқауылшы/истребитель, 50-і жүк ұшағы және 69 тікұшақ) бар. Рейтингті құрастырушылардың мәліметтері бойынша, Өзбекстанның қорғаныс бюджеті $70 млн құрайды. Дегенмен, «Фергана» интернет-ресурсы ала тақиялы ағайындар елдің қорғанысына жылына шамамен $2 млрд жұмсайтынын айтқан. 

GFM-нің дерегі бойынша Қазақстанда әскери қызметке 6,44 млн азамат жарамды, жыл сайын 245 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, армия құрамының саны — 110 мың адам.

Қазақстандық армия меншігінде 300 танк, 1613 БТР және БМП, 285 өзі жүретін қондырғылар, 744 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 393 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 12 кеме, 244 ұшақ (оның 103-і тосқауылшы/истребитель, 64-і жүк тасымалдаушы ұшақтар мен 69 тікұшақ) бар. Қазақстанның қорғаныс бюджеті $2435 млн құрайды.

Қырғызстандағы әскери қызметке жарамды халықтың саны 2,377 млн құрайды, жыл сайын 111 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, 16.500 адам әскерде қызмет етеді.

Армияның иелігінде 150 танк, 438 БТР және БМП, 30 өзі жүретін қондырғылар, 159 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 21 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 6 ұшақ, оның ішінде – 4 жүк ұшағы және 6 тікұшақ бар. Қырғызстанның қорғаныс бюджеті $ 240 млн құрайды.

Тәжікстанда әскери қызметке 3,2 млн адам жарамды, жыл сайын 152 мың адам әскерге шақыру жасына жетеді, армияның сандық құрамы – 6000 адам. Елде — 37 танк, 46 БТР және БМП, 10 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 3 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 25 ұшақ, оның ішінде тосқауылшы/истребитель – 10 және 15 жүк ұшақтары, сондай-ақ 20 тікұшақ бар. Тәжікстанның қорғаныс бюджеті $ 75 млн құрайды.

Түркіменстандағы әскери қызметке жарамды халықтың саны 2,255 млн құрайды, жыл сайын 110 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, 122 мың адам әскерде қызмет етеді.

Армияда 712 танк, 1941 БТР және БМП, 68 өзі жүретін қондырғы, 269 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 110 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 63 ұшақ, оның ішінде — 24 тосқауылшы/истребитель және 18 жүк ұшағы, сондай-ақ 16 тікұшақ бар. Түркіменстанның қорғаныс бюджеті $ 200 млн құрайды.

Бұл рейтингте алғашқы үш орынға, тиісінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Соңғы үш орынға Мали, Мозамбик, Сомали жайғасқан.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter