«Серпіндетіп» жүріп, сиреп қалмаймыз ба?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Серпіндетіп» жүріп, сиреп қалмаймыз ба?

«Серпіндетіп» жүріп, сиреп қалмаймыз ба?
  • Асқар ӘДІЛЖАН

Қоғамдағы әрбір мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ, ұтылмайтынымыз анық. Бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етпек. 2014 жылдан бастап елімізде «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы сәтті жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаға сәйкес, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облысының талапкер жастары Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс және Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының жоғарғы оқу орындарына оқуға түсемін десе, мүмкіндік беріліп, мыңдаған жас осы аталған облыстарда білім алып жатыр.

Бағдарлама оқуды бітірген соң жұмысқа орналасуға ықпал жасауды да мойнына алған. Тіпті ҰБТ кезінде 50 балл алғандар да осы бағдарламаның арқасында бағы жанып, білдей оқу орнының студенті атанып шыға келгенін естіп, ертеңгі күнге үнемі үрейлене қарайтын қолы қысқа кедей-кепшіктің «үкіметтің басы істеген жері осы болды» деп үміті оянғандай болды. Аз балмен грантқа түсудің үздік амалын бұдан басқа қай елден табуға болады? Оңтүстіктіктің жас мамандары солтүстікке тартылып, шақырту алған да жайы бар. Мемлекеттік бағдарламаның мақсатын қысқаша ғана түйіндесек, «Серпінге» сенгендер жұмыссыз сенделмейді! Керемет емес пе? Бұдан артық қандай қолдау керек? Осының барлығының астарында солтүстік өңірлерді қазақыландырамыз, қазақтың санын көбейтеміз деген ізгі ниеттің жатқанын аңғару қиын емес еді. 

Өте дұрыс. Бірақ солтүстікті қазақыландырамыз деп жүргенде, оңтүстікті өзбектендіріп жібермейміз бе? Одан қалса «баспана береміз, жеңілдетілген несие береміз» дейді. Халқы тығыз қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Түлкібас, Түркістан қалаларында өзбек диаспорасының табиғи өсімінде ілгерілеушілік басым екені жұрттың бәріне белгілі жайт. Қазақ отбасысымен салыстырғанда, кез келген өзбек отбасысының үйінен 5-6 бала қайтсе де ойнап шығады. Соғыс болып жатқанда да тууын тоқтатпаған шешен әйелдері сияқты, өзбек әйелі де «ынтымағы мен бірлігі жарасқан» қазақ елі жәрдемақысын төлеп, жағдайын жасап отырса, «құдайдың бергендеріне» қалайша тоқтау салсын? Сайрам ауданында 150 мың, Түркістан ауданында 150 мыңдай өзбек бар. Шымкентте де 100 мыңға тарта өзбек өкілі өмір сүріп жатыр. Бүгінгі 300-400 мың өзбек ертең 20-30 жылда бір миллионға жетіп қалуы мүмкін. Осының бәрін саралай келе, «халық тым тығыз қоныстанған» деп сырттан келген қандастарымызды солтүстікке қарай қуалап, одан қалса, «Серпінмен» қызықтырып жүргенде, оңтүстігімізде этнодемографиялық баланс бұзылып, ұлттық қауіпсіздігімізде жаңа мәселе туындап жүрмей ме деген ой туады. Өзбекстандағы қаракөздеріміз оқитын қазақ мектептері жаппай жабылып жатқанда, дәл бүгінгі таңда оңтүстік өңірде 64 таза өзбек мектебі, 75 аралас мектеп жұмыс істеп тұр. Ал осыдан үш жыл бұрын Сайрам ауданындағы 120 қазақтың баласы ауылда бала санының толмауына байланысты өзбек мектебіне баруға мәжбүр болғаны туралы шу көтерілген еді. Өз қазағымызды өз қолымызбен өзбектендіріп жатқан сол 120 баламен ғана шектеле ме екен, тойымызда өзбектің әніне билеп, теледидардан киносына елітіп, тіпті «түлкі заманды» өзбекше танып, өз ықтиярымызбен өзекеңдердің ығына қарай жығылып бара жатқанымызды аңдаймыз ба, осы? Өз жерінде отырып өзбектің өңешінде кетіп, жұтылатындай жағдайды басқа жерден кезіктіру де қиын шығар. Өзбекстан жерінің тапшылығы мен экономикалық жағдайының төмендігінен осындағы ағайынын сағалап немесе жұмыс іздеп келіп, қалып қойып жатқан әкалардың санының артып бара жатқанын дабыл қағып айтса да, дым естімегендей қалып танытатындар «ассамблея» саясатынан ары аса алмайды. Басқа ұлт диаспорасына біздің мемлекеттей жағдай жасайтын елді Еуропа мен Азияны екі айналып шықсақ та, табу қиынға соғатын шығар. Өз қандастарымыз басқа шетелдіктермен бірге Ішкі істер саласына келіп, өгей азамат ретінде тіркеліп, төрт жыл бойы тентіреуді бастан кешіп жүргенде, өзекеңдер қыш құйып, баспанасын қалқайтып, базардағы саудасын қыз-қыз қайнатып, балаларын шұбыртып егістікте жүреді. Әйтеуір, біздің елде бәрі керісінше. Бұл тұрғыда ұлт мәселесіне бей-жай қарай алмайтын азаматырымыз не дейді, құлақ салайық. 

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы: Бұл мәселені осыдан оншақты жыл бұрын мемлекет алдына мәселе етіп қойғанбыз. Шындығында, егер облыстық мәслихатқа сайлау болатын болса, мына қарқынмен Түркістан, Сайрам сияқты өзбек халқы көп шоғырланған аудандарда 4-5 депутатқа дейін орын алуы мүмкіндігі бар. Бірақ бізге олардан қауіптенуге негіз жоқ. Өзбектер жергілікті оңтүстік халқымен араласып-құраласып кетті. Әрине, жас балалардың арасында әртүрлі бұзақылықтар, кикілжіңдер болып тұратынын естіп жатамыз. Сол шағын төбелестердің өзінен әр тарап ұлтараздық қайшылық көрінісі сияқты сипат танып жатады. Мұндай шетін нәрсе бірден ұлтаралық реңк алатыны белгілі. Меніңше, Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы тұрғыны болып сіңісіп кеткен өзбектердің қазақтануы, Қазақстанның азаматы атына лайықтылығы болуы өз деңгейінде сияқты. Олардан әзірге сеператистік пиғыл немесе автономдық аңсаған ниет байқаған жоқпыз. Кезінде өзіміз ішіне кіріп тұрып араласқан шешен, күрд, ұйғыр мәселесі сияқты қауіпті мәселе жоқ. Мені мазалайтын бір-ақ нәрсе: оңтүстіктегі әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан 12 тәжік мектебінің жағдайы. Тәжік диаспорасының басшылары мен өкілдерінің өзі кездескен жерде маған талай рет бұл туралы айтты да. «Тек тәжікше ғана оқып шыққан біздің балаларымыздың бұл елдегі ертеңгі күні қалай болмақ? Осы бізге керек пе, керек емес пе?»дегені бар. Меніңше, бұл жерде астыртын саяси ойын бар сияқты. Ұлтаралық ынтымақты дәріптеуге құмарлық «Бізде осыншама тәжік мектебі бар» деп асыра мақтануға аса қолайлы болмақ . Елімізде 63 яки 64 өзбек мектебі бар. Бірақ «Бір халық. Бір тағдыр» деген ұранымызға бұл қайшы келетін сияқты. Мәселе оларды ассимилляцияға айналдыру емес, Қазақстан азаматы есебінде туысқан халықтарды мемлекеттік тілдің, қазақ тілінің аясына, саясына алып келу. Барлығын мемлекеттік тілге көшіру, шынында да, қазақ тілінің қоғамдық саланың барлық бағытында жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал осында тұрып жатқан халықтарды өзбек, ұйғыр, тәжік, орыс тілінде тәрбиелеу мемлекеттің тіл саясатына қайшы құбылыс болып есептеледі. Тек осы бағыттан ғана алаңдаушылығым бар. 

Ал өзінен басқа халық 1 миллионнан асып көбейіп, қауіп тудырғандай болып жатса, ол сол аймақтағы жергілікті халықтың мықтылығына байланысты болмақ. Кез келген ірілі-ұсақты сеператистік, тағы басқа мемлекеттің ішкі тұрақтылығын бұзатын бағыттағы мәселелерге дер кезінде жауап беріп, мониторинг жасап отыратын болса, ешқандай қауіптенудің қажеті жоқ. 

Әзімбай Ғали, саясаттанушы: Бұл мәселеге ұлттық қауіпсіздік принциптеріне сәйкес келу керек. Өйткені қазір Қазақстандағы сан жағынан үшінші орын алатын ұлт украин да, неміс те емес – өзбектер. Сеператистік пиғылы болмаса, мұның жаманшылығы жоқ деп ойлаймын. Өкінішке қарай, Қырғызстанда және Тәжікстанда ондай жағдайлар болды және ол қанды жолмен, әскери жолмен шешілді. Бірақ біздің елде тұрып жатқан өзбек халқының өкілдері тыныш, толерантты деп ойлаймын. Келіп жатқан қандастарымызды оңтүстіктен солтүстікке көшіру керек. Ол – дұрыс. Өйткені, Маңғыстау облысында халық өсімі күрт көбейгенде, локалдық проблемалар туындады. Жұмыс қолы тым артық болып кетті де, соңы негативті жағдайға ұрындырды. Халықтың өсімін дұрыс реттеп отырмаса, ол соңы әлеуметтік тығырыққа, толқуларға дейін әкелетін диспропорциялар тудырады. Сол себепті қазақ, өзбек, басқа деп ұлтына қарамай-ақ, солтүстік жаққа олардың да қоныстануына мүмкіндік жасау керек. Біз екі жылдай эмиграцияны тежедік. Бұл дұрыс саясат болмады. Қазақстанда шетелден оралып жатқан қандастардың 60 пайызы Өзбекстаннан келеді. Ұлтына қарамастан, оңтүстіктің шалғайдағы бір ауылында жұмыссыз жүргенше, солтүстікте, Петропавл мен Павлодардың түбінде жұмыс тауып, қоныстанғаны қолайлы болмақ. Өзбектердің миграциялық белсенділігі қазақтан төмен. Миграция, ол – дамудың шарты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter