Көшербаев, Қызылорда жекеменшігіңіз емес
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 20 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Көшербаев, Қызылорда жекеменшігіңіз емес

  • Асқар ӘДІЛЖАН

Ел ішінде мемлекетшіл тұлға, принципшіл әкім атанған Қырымбек Көшербаевтың биліктің биік эшалонынында жүріп қалыптастырған репутациясы халықтың ризашылығымен ғана көмкерілген десек, түзу сөзден қиғаш кеткеніміз. Бір аймақты дүр сілкінткен оқиға түгілі, бір ауыз сөз түбіне жетіп жатқан әкімдер бар. Бірақ министр болса да, батыс облыстардың бірқатарына әкім болса да, премьер-министрдің орынбасары болса да, саяси тұлғаның соңынан ере жүретін сол сұйық сөздер Көшербаевтың беделін кеміте алған жоқ. 

Жалпыға алғанда, дәл қазір Қызылорда облысының әкімі қызметінде отырған ол кісінің қоғамдағы сүйкімді бейнесі бір құдіреттің күшімен сақталады, әйтеуір. Ол ең әуелі қазақы кадрлығымен қадірге ие болды. Қайда әкім болып барса да, Қырекең қарқ қылатындай қарсы алады қазағы. Саясаттағы салмағы зор Қырымбек мырзаға біздің де қара күйе жаққымыз жоқ, бірақ жуырда жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен өткізген кездесуінде айтқан әңгімесін естіп, тағы да үндемей қалғымыз келмеді. 

Қарапайым халық рушыл да емес, жершіл де емес. Ауылдағы қазақтың рушылдығы мықтағанда «қыз алысып, қыз берісу» деңгейінде, ал жершілдігі көп болса, «біздің Шымкенттен». Болды, арыға аса алмайды. Рушылдық, жершілдік дерті шығармашылық ортаны жасайтын әдебиет пен өнердің төңірегінде жүргендерге тән деп жатамыз, бірақ бұлардікі де түк емес, бөлу мен бөлінудің көкесі одан да биік биліктің жоғары сатысында жүрген үлкен кісілерде асқынған. Руға, жерге бөліну – олардың саяси қызметінің бір қыры болып саналады. Бұл кездесу де өзі туралы жағымды пікір қалыптастырып, салмақты келбеті саясаттағы үзеңгілестеріне үлгі болған Көшербаевтың сол саяси қырын жақсы ашып, көрсетіп берді. 

Әкім сол жиында әлемдік дағдарысқа қарамастан, мұнай өндіру деңгейін сақтап қалу қажеттілігі туралы айта келіп, «Мен мұнай өндіру компанияларынан өз жұмыс жоспарын қайта қарауды сұраймын. Келесі жылдың жоспарын арттырса деген ұсынысымыз да бар. Өнім көлемін арттыру үшін мемлекеттен қандай көмек керек, компания басшылары өз ұсынысын айтсын. Біз барлық жағынан көмек беруге әзірміз. Сервистік қызмет көрсететін компаниялар жергілікті болуы тиіс. Сонда ғана аймақ тұрғындарының жұмыс орындарын сақтап қалуға болады» деген екен. Ал, Қызылорда аймағындағы мұнай компанияларындағы сервистік қызмет көрсететін мекемелерде 29 мың адам жұмыс істейтін көрінеді. Алайда мұнай бұрғылау жұмыстарының көлемі 80-90 пайызға дейін қысқарған. Қысқарту жұмыстары әлі де жүргізілетіні белгілі. Қысқартылатын жұмысшылар үшін жаңа жұмыс орнын ашатындары жақсы-ақ. Түсінеміз, Қырымбек Көшербаевтың өзі де Қызылорда өңірінің тумасы. Батыс өлкеге кіндігімен байланған Қырымбек Елеуұлының қанында тап сол сәтте «саяси қыры» ойнап кеткен болуы керек, ол ашылатын жұмыс орындарының жұмысшылары тек «жергілікті» болу керегін салмақтап тұрып айтты. Әуелде өз құлағымызға сеніңкіремей, «жергілікті» дегенде, Қазақстанның төрт бұрышынан сабылып жұмыс іздеп, сыбысы шықса, сағалап барғанды жөн санайтын жалдамалы жалпы қазақты айтып тұрғаны болар деп топшылағанбыз. Бірақ газ, мұнай, уран өндірістері мен күріш, тұз өнеркәсібі, мұның сыртында логистика, коммуникация, туризм ісі жолға қойылып, жақсы дамыған Қызылорда аймағына басқа болмаса да, көршілес отырған Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облысынан жұмыс іздеп баратын азаматтар көп. Амал нешік, «тұмсықтарын» сұға алмай, меселі қайтып, кері қайтатындары жиі айтылады. Облыстағы мұнай-газ компанияларының есігінің алдын қорып тұрған күзетшісіне дейін «өз адамдары». Республикадағы әкімдер рейтингісінің көшбасында жүретін Қ.Көшербаевтың ең алдымен туған елінің азаматтарын жұмыспен қамтып, туған жерін көркейтемін деген ниеті құптарлық. Бірақ бұл ірі өндіріс ошақтарының республикалық, тіпті халықаралық маңызға ие нысандар екенін естен шығармаған абзал. Ендеше, бұл жұмыс орындары барша Қазақстан еңбеккерлері үшін де ортақ болатынын ескергені орынды болар.

Жалпы, Қызылордада өзге облыстан келген кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне көп кедергі жасалатыны ел ішінде жиі айтылатын әңгіменің бірі. Ғайыптан тайып бір кәсіптің құлағынан ұстаған күннің өзінде, ұрып-соғып, күн көрсетпей, ақыры «ауып» келген кірме қашып кетуге мәжбүр болады екен. Бір елде, ортақ Отанда тұрып, өзге өңірден келген өз қазағына жұмыс істетпеу нағыз жікшілдік, трайбализм емей немене? Әкімнің өзі бас болып, қаймықпастан «жергілікті» деген сөзді қадай атып, елді қақ жарып отырғанда, етекте жүрген телпекбайлар мұндайда тартынып қала ма, «тапсырманы» едіреңдеп жүріп, еке есе орындап беретіні белгілі. Мұндайда атасы басқаның бәрін атынан аударып түсіруге бір ғана «жергілікті» сөзі жетіп жатыр. 

Ұлт алдында қазақшыл ұл болып, ағайынның аламан бәйгесін ұйымдастырып отырған әкімді шындап келгенде кез келген аймақтың тізгінін ұстағандардың ішінен қиналмай тауып алуға болады. Командасымен шұбырып, көшіп-қонып жүрген бүгінгі билік иелерінің бәрінің бұдан аманы жоқ. Ал, оның ең кішкентай көрінісі – он адамның басын қосатын осындай шағын жұмыс орнының өзі батпаққа белшесінен батып жатады. Жерге, руға бөлінудің қасіреті сол, ұлттық тұтастыққа қатер төндіреді. Өзі де атқа мінгелі идеологиямен иін қандыра айналысып, тісқаққан, мықты идеолог ретінде бағасын алған Қырымбек Елеуұлы осының бәрін біле тұра, лексиконында лаң тудырар әлгі сөзді қолданғанына жол болсын?.. Бұл «жаптым жала, жақтым күйе» емес, бір жағы қоғамда айтылып жүген абың-күбің әңгімені әкімнің құлағына салып қою болса, екіншіден, күн өткен сайын айналадағының бәрі анталап азу тісін ақситып келе жатқанда, «жергілікті» және «басқалар» деп бөлудің қазақты біріктіретін құндылыққа зиянын тигізбесе, пайда бермейтінін айту ғана. Елеуұлы ескере ме, ескермей ме, өзі біледі.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Жанболат
+1 Жанболат 26.12.2015 19:27
Көшербаев деген сұмдық болды ғой әйтеуір. Елбасыға қарсы шығып жүрмесін, Қызылордаға кіргізбеймін деп
Жауап беру
Төмен арықтан
0 Төмен арықтан 26.12.2015 19:34
Осы Көшербаевты мықты саясаткер, идеолог дейді ғой. Мықты болса оны неге Нұр отанға отырғызбады екі сөздің басын қинала қосатын Мырзахметовті әкелгенше. Сонда көруге болар еді кім екенін. Идеолог деген бес-алты жазарманды жандай шаптырғанмен анықталмайды ғой.
Жауап беру
Ерке
0 Ерке 26.12.2015 20:59
Қызылорданың кезкелген тұрғыны іштей сезеді. Бұл негізі Көшербаевқа дейін қалыптасқан мәселе. Бұл соны жалғастырушы ғана. Жоюдың орнына жалғастырып, уже ресми жиындарда қозғауды бастады. Басшылардың жоғары мінберде бұлай сөйлеуі төмендегі қара халықтың арасында сепаратизмді қоздыруы мүмкін.
Осы жайттарды ескере келе Көшербаев мықты идеолог емес, қарапайым ауылдан шыққан демогог па деп отырмын. Елбасы бәсекеге қабілетті болу керек десе, мынау басқа әңгіме бастап жүр.
"Жанымызда тұрған шымкенттіктерді осылай алыстау ұстамаса қаптап кетеді" дейтін де шығар әкіміміз. Онда жарымадық жақсы басшыға. Сау болындар!
Жауап беру
Тұрғын
0 Тұрғын 26.12.2015 21:17
Көре алмай жатқан Оңтүстіктің тұрғынының жазғанына ұқсайды. Қырымбек жеті атасынан бері ел басқарып келе жатқан асыл ер. Оған тіл тигізуге болмайды. Ол бастысы өңір тұрғындарының көңілінен шықса болды!Қалғандарың пошел ...
Жауап беру
анонимус
0 анонимус 26.12.2015 21:22
Қырымбектің барлық имидждік жұмыстары мен өңірдің рейтингімен кәріс кеңесшісі айналысады. Ол маңғыстаудан бірге келді. Қазақшаға судай. Адайлардың біразының қанын ішкен десе де болады. Сол оған тексттерді дайарлайтын. Ал идеология бойынша орынбасары жай ғана орындаушы ғана. Сенбесеңдер сурап көре қойыңдар әкімдіктердегі жігіттерден
Жауап беру
Мақсат
0 Мақсат 07.01.2016 12:07
Коллажды өлтіріпсіңдер. Мақаланы да. Көшербаевтың артын ашатын біраз деректер бар негізі. Бір күні жазамын осы жерге.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Отандық азық-түлік сатып алған Назарбаевтың төлеуге ақшасы жетпей қала жаздады (видео)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қалтасына 5 мың теңгеден артық ақша салып жүрмейтін болып шықты.

Korrespondent.kz Саясат

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

97
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

97
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

86
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

91
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

86
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter