Аралдың кебін кимесін...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 19 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Аралдың кебін кимесін...

  • Мақсат ҚАРҒАБАЙ

Арал теңізінің тартылуы – өткен ғасырдағы жер бетіндегі ең үлкен экологиялық апаттың бірі ретінде тарихта қалды. Одан бері де қаншама өзен-көлдеріміз табиғат-анаға деген жанашырлықтың жоқтығы мен экологиялық ахуалға деген дұрыс көзқарастың болмағандығынан суы тартылып, құрғап қалды. Енді міне, осындай жайсыз жағдайды өзіміздің Теріскей өңіріндегі Қызылкөл де тартып жатыр. 

Созақ ауданының экономикалық, экологиялық, мәдени-танымдық тіршілігінде Қызылкөлдің өзіндік ерекше орны бар. Сонымен қатар, оның эколгогиялық ахуалы тек Созақ ауданын ғана алаңдатып отырған жоқ. Бұл көлдің тартылуы елімізге, оның ішінде Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысына ортақ зардап деп ұғыну керек. 

Бүгінгі экологиялық жағдайына келсек, булану салдарынан, көлге құятын бұлақтар мен өзендердің алдын «байлап», мақсатсыз пайдаланудың кесірінен көл суы едәуір тартылып, жағалаудан алыстап кеткен. Есесіне көл табанындағы тұз шөгінділер молайып, кеуіп, қысы мен жазы, күзі мен көктемі тоқтаусыз азынайтын шаңды желмен аспанға көтеріліп, аудан аумағына, көршілес облыстардың егістіктері мен жайылымдарына, тұрғын халықтың төбесінен жауып, залал келтіруде. Ал борсыған көл табанының сасық исі әсіресе күн ысыған жаз айларында көл маңындағы елдімекендер мен ауыл тұрғындарының тынысын тарылтып, жағымсыз әсер етеді. Бұл жағдай экологтар мен басқа сала ғалымдарын да алаңдатып отыр. 

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Оразхан Қабылхановтың айтуынша зерттеу жұмысы 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша басталған. Алайда әзірге нақты жоба жоқ. Көңілге медет тұтатын бір мәселе, көп жылғы тәжірибеге сүйенген институт мамандары әйгілі көлді әуелгі қалпына келтіру үшін кезінде қазылып тасталған Жамбыл облысы аумағына қарасты карьерлердегі суды Қызылкөлге қайта құю жобасын ұсынды. Карьердің суын арнайы зертханалық тексеруге жібергенде оның Қызылкөлдің суынан айырмашылығы жоқ екендігі анықталған. Суды көлге насос арқылы айдау барысында электр энергиясын үнемдеу мақсатында күн сәулесінен энергия алу жобасы да айтылған болатын.

Екінші, скважиналар қазу жобасы бойынша сол уақыттағы ауыл әкімі Ә.Смайлов Қызылкөл көлінің сызбасы көрсетілген карта арқылы қоры мол болуы мүмкін аймақтарды көрсете отырып, бұл жобаның тиімді тұстарын анықтауға тырысқан еді. Алайда бұлақ суларының тартылуының өзі жер асты су деңгейінің төмендеп кеткенін көрсетеді. Мұнда толық су қоры бар жерасты су бассейіндеріне жету үшін алдымен зерттеу жұмыстары қажет екендігі басты назарға алынған-тұғын. Бүгінгі таңда Үшбас өзенінің суын Қызылкөл елдімекенінің тұрғындары толықтай пайдаланып отыр. Сол себепті Жылыбұлақтың суын халыққа пайдалануға жеткізіп беріп, Үшбас өзенінің суын көлге құю мәселесі де айтылып өтті. Сондай-ақ, Бабата суқоймасының суы бір-біріне жалғасқан табиғи арық, науа және жабық құбыр арқылы Қызылкөлге құйылуда. Мұнда 2008 жылы 4 сәуірде облыс әкімінің (Н.Әшімов) №94 қаулысымен осы 800 гектарды құрайтын Қызылкөл көлі табиғи ескерткіш ретінде Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің есебінде болса, «Бабата» суқоймасы «Қазсушар» РМК ОҚО филиалы Созақ аудандық өндірістік бөлімшесіне қарасты болып отыр. Осы жылы Бабата каналы 5,8 млн, 2010 жылы 173,6 млн, 2011 жылы 2,2 млн теңге облыстық бюджет қаржысына, 2012 жылы 163 977мың теңге республикалық бюджет қаржысына жөндеуден өткізілген еді. Бабата су қоймасы 1,967 млн текше метр, 1981 жылы салынған. 

Бір көлдің тағдыры бірнеше мекемелер мен құзырлы органдардың, қала берді қарапайым халықтың назарында тұр. Сондықтан, ауызбіршілік пен бірлікте, «сен салар да, мен саларды» ысырып, ынтымақта жұмыс жасасақ алынбайтын асу болмас. Басы басталған баянды бастамаға сәттілік жолдас болсын.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы Валентин күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан виртуалды достарын әулие Валентин күнімен құттықтады. Жылы лебізін шенді қызметкер «фэйсбук» әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

83
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

83
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

78
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

84
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

78
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter