«Откат» бермесең, несие жоқ»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Откат» бермесең, несие жоқ»

«Откат» бермесең, несие жоқ»
  • Жанат ҚАПАЛБАЕВА

Шағын және орта бизнеске тұсау болып отырған кедергілер жайында газетіміздің өткен сандарында бірнеше рет жазған болатынбыз. Бұл салада сыбайлас жемқорлық пен парақорлық түпкілікті жайғасып, тамыр жібергені жайлы аз айтылмайды. Өткен аптада біз бұл жағдайға тағы көз жеткіздік.

Шымкенттік кәсіпкер Анар Сүлеева «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығынан бизнес бастауға 46 млн 983 мың теңге несие алуы тиіс болатын. 

– Мен малды бордақылау-сою кешенін ашуды мақсат етіп қойғанмын. Басында кепіл мүлкі жетпеген соң бірінші транш 13 млн теңгені біздің құрал-жабдыққа деп бөлді. Оның 60 пайызын құрал-жабдыққа төледік. Ол жабдығымыз 45 күннен соң келетін болды. Сол кездегі директор Ешназаровпен ауызша келісіп, құрылғы келгенше ақшаны жұмсай беретінімді айттым. Ол келісті. Қалған ақшаға малдың ақырын, кір су ағатын кәріз т.б. жасадық. Сол аралықта ережелер өзгеріп кетті. 3 ай бойы қабылдау актісінің әуресімен жүрдік. Сосын мүлікті бағалау кезінде тағы проблемаға кез болдық. «Максимум» мүлікті тек өздері таңдаған компанияға барып бағалат деп талап етті. Мен басқа тәуелсіз бағалаушыларға бағалатқанда 70 млн теңгеден асып жығылған зауытыма «Максимумның» бағалаушылары 52 млн тг ғана берді. «Бізде тәртіп сондай» деп олар да ырық бермеді. Сол күндері орталыққа жаңа басшы келді. Ол өзі ештеңе демесе де, бір кісіні жіберіп, берілетін несиенің 10 пайызын «шотал» ретінде сұрады. Олар мені басқалар сияқты сұрағанын береді деп ойлады. Мен оған не үшін алатын несиемнің 3,5 млн теңгесін тегіннен-тегін ұстата салуым керек? 

– Сізден ақша сұрағанын қалай дәлелдейсіз?

– Оны онсыз да барлығы біледі. Ол жерге барып несие сұраған кәсіпкердің бәрінен әуелі ақша сұрайды. Кепіл мүлкіңді көріп, бағалаған соң алатын несиеңнің белгілі бір бөлігін беруге тиіссің. 

– Сосын не болды?

– Біраз уақыт өткен соң жаңа басшы «13 млн теңгені қайда жұмсадың, бәрін дәлелдеп шық» деді. Бұрынғы директормен ауызша жасалған келісім бойынша мен ол ақшаны кәсіпорынның құрылысына салғанмын. «Ол біздің проблема емес» деді олар. Сонымен енді құрылғыны маған әкеп берген алматылық компаниямен келісіп, соны сатып алғанымды дәлелдейтін чекті әкеп бердім. Міне, содан бері де 1,5 ай өтті. Мәселем әлі шешілмей келеді. Біресе «мына құжатыңыздың мерзімі бітіп қалыпты, қайта жасатыңыз» дейді, жасатып апарам. Тағы бірде жұмыс уақытынан тыс уақытта шақырады. Бірақ жұмыстан тыс уақытта ештеңе де шешілмейді. Бұл сүргіннің себебін мен тиісті «откат» бермегенімнен деп білем. Ақыр соңы облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевқа да кірдім. Ол бәрін тыңдап, «сөйлесейін, заңды түрде шешейік» деді. Нәтиже жоқ. Соның кесірінен кәсібім тоқтап тұр. Мал сатып алынбады, құрылғыны кешенге жеткізбедім. Әу басында-ақ оларға «бірінші траншты мал алуға беріңіз, құрылғыны кейін әкелсем де болады, мал 40 күнде семіргенше құрылғы да келеді» деп қанша жалындым. Келіспеді. Бірінші құрал-жабдығыңды ал деді. Енді не жабдық жоқ, не мал жоқ, несие ол алынбаған. Сол былтыр алған аз ғана 13 млн несие үшін 70 млн теңгеден асатын зауытым кепілде тұр, - деп күйінеді Анар Сүлеева. 

Аталмыш жағдайға байланысты «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы әзірге түсініктеме бермеді. Алдағы уақытта екінші тараптың да жауабын жариялауға әзірміз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter