Оқиғалар
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оқиғалар

Жарнама көреміз бе, кино ма?

Жарнама көреміз бе, кино ма?

«Мемлекеттік арналарда жарнамаға тыйым салу керек, бұл туралы Қазақстан медиасаммитінде «КТК» телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов айтты» деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жақсылықты түсінбесе, қамшыны қолға алайық!»

«ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бизнесті заңсыз тексеру әрекеттерін сынға алып, санитарлық нормалар мен ережелерді қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Бұл туралы ол «Бизнесті қорғау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы» тақырыбын арқау еткен ҚР Бас прокуратурасының алқа мәжілісінде айтты» деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Домовой» туралы долбар

«Домовой» туралы долбар

Ел ішінде үй иесі, яғни «домовой» жайлы ара-тұра айтылып қалады. Көзбен көріп, қолмен түртіп көрмегенімізбен, көбіміз оның бар екеніне сенеміз. Және ол жайлы естімеген адам жоқ шығар. Шынында да «домовой» деген не? Ол қандай үйлерде болады? Және адамдарға зияны бар ма? Бұл енді қанша жылдан бері зерттеліп, бірақ нақты шешімі табылмаған жұмбақтың бірі. Ол жайлы айтылғанда адам бойын қорқыныш билейді. Көз алдыңа елестетіп көрші, жалғыз өзің отырған бөлменің есігі ақырын ашылып-жабылады. Әлдекім жүргендей болады. Бірақ көрінбейді. Көзге көрінбейтін нәрсеге сенбейін десең, басынан өткендер бар. Соның бірі – Бақберген. Енді осынау тылсымға толы тақырыпты соның сөзімен ары қарай баяндайық.

Заң жоқ. Коллекторлар бар

Заң жоқ. Коллекторлар бар

«Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасының Мәжілісте қаралып жатқанына жылға жуықтады. Әлі қабылданған жоқ. Ұлттық банк әзірлеген құжатты депутаттар біресе «антихалықтық» десе, бірде «мафияны жеңу үшін мафия болу керек» деген риториканы еске түсіріп, мафиоздық жобаға теңеді. Соңғы рет бұл заң тіпті «ақылға қонбайтын» статусқа ие болды.

Шайтан көрген шал

Шайтан көрген шал

Әр ауылда әңгіменің майын тамызып айтатын адамдар болады. Әсіресе, әзіл-шынын араластырып айтқанда, ауыздыға сөз бермейтін бәдіктердің бір-екеуі біздің ауылда да бар. Кейде жұмыстан қолымыз қалт еткенде сондай әңгімешіл ағаларды іздейміз. Олар да өздерін арнайылап іздеп келгендердің меселін қайтармай, өтірік-шыны аралас біраз нәрсенің басын қайырады.

Шымкенттің салқын сырасын іше алмай қалуыңыз мүмкін

Сот «Шымкентсыра» АҚ-ын сыра шығаруға құқық беретін сегіз бірдей лицензиясынан айырды. Бұған дейін зауыттың бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовтің өз басы дауға қалып, істі болып еді. Енді оның меншігінде болған өндіріс орнына да тоқтап қалу қаупі төніп тұр.

Жол біткенше жолаушысыз қалмайық...

Жол біткенше жолаушысыз қалмайық...

Ел аузында «Тәшкен трассасы» аталып кеткен Алматы - Термез тас жолының Оңтүстік Қазақстан облысындағы бөлігінде бір аптада 4 жол апаты болып, 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін күре жол арнайы бақылауға алынды.

Педофилы көп аймақтар аталды

Қарағанды, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласы педофилы көп аймақтар тізімінде көш бастап тұр. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті осындай қорытынды жасаған.

Қала көшелеріндегі қайыршыларды полицейлер неге көрмейді?

Бүгінде облыс орталығы болып саналатын Шымкент қаласының орталық көшелерінде қайыршылар қаптап кеткен. Бұл мәселеге қоғамдық тәртіпті сақтау тұрғысынан қарайтын болсақ, қоғамдық орындарда, әсіресе, орталық көшелерде полицейлердің барын біле тұра, қайыршылардың беймарал, әкесінің үйіндегідей жүрісіне біржағынан жол болсын десек, екіншіден, көшелерде дуаналардың жүруі қоғамдық тәртіпсіздіктің ең жоғарғы дәрежесіне жататыны тағы бар.

Айыппұлды азайту жағы қаралып жатыр

Астанада Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістердің жобасы таныстырылды. Қоғамдық тыңдау кезінде жобаны әзірлеген Әділет министрлігі жоба ішінде әкімшілік айыппұл мөлшерін азайтуды көздейтін бірқатар нормалардың да бар екенін айтты.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter