Показать содержимое по тегу: Мұхаммед Қамшыбек
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бала Мұхаммедті ұрлаған әйел мультфильм көрсетіп, уақытылы тамақтандырған

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кетіп, қайта табылған 6 жасар бала тілшілерге сұхбат берді. Бүлдіршін қорқып қалған болу керек, әңгімесін қысқа ғана қайырды, деп жазды Tengrinews.kz.

Подробнее ...

6 жасар Мұхаммедтің табылуына көмектескен азаматша көшеге шыға алмай отыр

Қазақстандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Абай басылымына хабарласып, 20 ақпан күні мектептен шыққан бетте жоғалып кетіп сейсенбі күні табылған  оңтүстікқазақстандық бала туралы жазба ұсынған. Оның сөзіне қарағанда, баланы тауып алуға жәрдемдескен жан (әзірге аты-жөн атамауды өтінді) әлдекімдерден қорқып отырған көрінеді.

Назарларыңызға Б.Дәулетбекқызының жоғарыда атап өткен басылымға  жазбасын ұсынамыз:

«20 ақпан күні мектептен шыққан 6 жасар Мұхаммед Қамшыбекті (суретте) белгісіз бір әйел ұрлап кеткен болатын. Неше күннен бері ел сабылып, іздеді.  Ол балақай кеше менің Инстаграм желісіндегі бір оқырманым арқылы  табылды. Шымкенттегі балақайдың табылғанына ҚАЗАҚСТАН халқы қуануда. Ал, осы баланы тауып беруге себепші болған қыздың жағдайы қандай күйде екенін мен ғана білем. Қазір ол үйінен тысқа шыға алмай қорқып отыр.

Таңғы 4-ке дейін оның тағдырына алаңдап  көз ілмедім. Әрдайым телефонмен сөйлесіп, халын сұраудамын. Ел шулап жатқан оқиға былай болған:

Бір баласы бар келіншек, пәтеріне ОLХ арқылы адамдар тұрғызатынын жазады. Содан бірден телефонына ер кісі звондап, анасы мен баласын уақытша тұрғыза тұруын сұрайды. Аяғын сылтып келген апай: "Келініммен ұрысып қалдым. Мынау немерем", -деп таныстырады. Жұмыссыз отырған келіншек оларға онша мән бермейді.

- Пәтершілер:"3-ақ күнге қонып кетеміз", - дегенде, біртүрлі болып қалдым. Көрпе-жастығым жоқ екенін айтып едім. Олар ештеңе етпейді деді. "Ендеше құжаттарыңызды беріңіздер " дегенім сол еді, олар бірден кететінін айтты. Содан есіктен шығып бара жатқан еркек: "Бізді сен көрген жоқсың!" - деп ескертті. Өздерінің отбасылық кикілжіңі болар деп, бастапқыда онша мән бермедім.

Осы жайттарды телефон арқылы баяндаған куәгер менің инстаграмдағы жазбаларымды ғана оқиды екен. Телевизор көруге уақыты жоқ. Күндіз баласымен жүреді. Қолы қалт етсе, сабағына дайындалады. Мұхаммедтің жоғалғаны туралы постымды оқыған бойда ол маған бірден хабарласып:

- Бибігүл апай, мен бұл баланы көрдім. Оны ұрлаған хиджабтағы әйел емес, басқа. 50-55 жастағы әйел. Әйелдің  жанында 35-40 жас шамасындағы ер кісі болды, -деді.

Мен шұғыл түрде полиция бөліміне хабарласуын өтіндім. Бастапқыда қыз қорықса да, ІІБ-не хабарласты (менде аудиожазба да бар). Кеше түнде, сағат 1.30-да  Шымкент қаласындағы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері ер кісінің фотороботын жасауға көмектесу үшін әлгі қызды үйінен алып кетті.   Мен ІІБ қызметкерлерімен сөйлесіп, бала ұрлығына қатысы бар адамдардың фотобейнелерін жасауға жәрдем етіп жатқан куәгердің өміріне қауіп төнбейтіндей жағдай жасауын сұрадым» деп жазған журналист қыздың бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білдірген.

«Алайда, иә, алайда... байғұс қыз бүгін үйінен шыға алмай отыр. Дүкенге барып нан сатып алуға қорқуда. Себебі, баланы ұрлаған еркек бостандықта жүр. Достарыммен сөйлесіп, 102 бөліміне хабарласуын айттым. Ол Шымкенттегі тиісті орынға хабарласты. Бірақ, аталған бөлімдегілер ІІБ  келуін талап еткен. Ал, куәгер жоғарыда айтқанымдай, көшеге шығуға қорқып отыр.   

Менің түсінбейтінім, неге Шымкент қаласындағы ІІБ қызметкерлері куәгердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді?   Марапаттамай-ақ қойсын. Онсызда кеше ғаламторға өздері тапқандай сүйіншілетіп, сұхбат берді. Бірақ, бұл қыз да адам баласы емес пе?! Сонда жоғалған баланы тауып беруге атсалысқан куәгерді пайдаланды да, әрі қарайғы өміріне жауап бермейміз дегендері ме бұл? Құқық қорғау қызметкерлері осылай істесе, ертең ел ішінде өзінен басқаның тағдырына селт етіп, сергек қарайтын жан қала ма?» деп ойын түйіндеген ол.

Подробнее ...

6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әйел бұған дейін де мұндай қылмысқа барғанын мойындады

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жасар баланы ұрлады деген күдікпен ұсталған әйел бұған дейін де дәл осындай қылмыс жасағанын мойындады. Бұл жайында бүгін ОҚО ІІД өкілдері өткізген брифингте айтылды, деп жазды sn.kz.

Подробнее ...

ОҚО-да жоғалып кеткен бала отбасымен қауышты (видео)

Ордабасы ауданы, Амангелді ауылында жоғалған 6 жастағы Мұхаммед Қазыбекұлы Қамшыбек аман-есен отбасымен қауышты. 3 тәулік бойы өзге жерде түнеген Мұхамед дін аман, тек аздап қорқып қалғанын айтады анасы. Сондай-ақ, бала ұрлады деп күдіктелген әйел азаматы балаға ешқандай зомбылық көрсетпеген.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter