Показать содержимое по тегу: Бердібек Сапарбаев
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақтөбе әкімі 86 жастағы қарт сатушыны көріп, риза болды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа тұрғындар кабинетте былай тұрсын, енді базар ішінде де шағым айтуға көшті. Аймақ басшысы  «Табыс» коммуналдық базар ішін аралап жүргенінде, келеңсіз жағдайдың куәсі болды. Бақылау таразысының қасында тұрған сатып алушылардың бірі Бердібек Машбекұлына ет сатушысының өзін бағадан жаңылыстырғанын айтып шағымданды. Әкім кінәлі сатушыға "Бұлай халықты алдайтын болсаңыз, сізге сауда жасауға рұқсат берілмейді!"деп қатаң ескерту жасады. Бұл туралы aktobenews.kz жазды. 

Ал базарда тұрып, тары мен талқан, құрт сататын 86 жастағы Ханзада әжеге өңір басшысы риза болды. Әжейге қажет өнімді Әйтеке би ауданында тұратын келіндері дайындап, беріп жіберетін көрінеді.
— Бойымда күш-қуатым бар кезде осылай жұмыс жасап, оларға көмектескенімнің несі айып, — дейді Ханзада әжей.
Қарт ананың белсенділігіне риза болған облыс басшысы:
— Міне, қит етсе жұмыс жоқ деп шағымданатын жастарымыз үшін үлгі болар жан. Халыққа көрсетіңдер. Осындай адамдар туралы жазу керек, — деді кейуанаға ризашылығын білдірген өңір басшысы. 

Подробнее ...

Оңтүстіктің журналистері Бердібекті аңсайды

Жыл сайын маусымның 28-інде журналистер қауымы өздерінің кәсіби мерекесін тойлайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша атаулы дата қарсаңында тілшілердің құрметіне түрлі байқаулар ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылады. Жыл он екі ай өнімді еңбек еткен қалам иелері марапатталады. Арнайы сыйлықтар мен жүлделер табыс етіледі. Қала берді, әжептәуір мейрамханада дастарқан жайылады. Болды. Шерханша (Мұртаза) айтсақ, «Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистерге деген қоғамның ілтипат-ізеті осымен тәмам. Жүрісінен жаңылмайтын, көзіміз үйренген жылдағы сценарий – осы. Бұдан кейін журналисті қошемет көрсетіп, еңбегін бағалау үшін ешкім іздемейді де. Қайтадан сол баяғы Ахаңдар салып берген сүрлеуге түсесіз. Халықтың көзі, құлағы һәм үні боласыз. Бұқараның санасына оң өзгерістер сіңіріп, қоғамның дамуына жол сілтеп, ықпал етуге тырысасыз. Қарашаның мұң-мұқтажына құлақ түріп, оның оңынан шешілуіне жанұшыра көмектесесіз.

Подробнее ...

Ақтөбеде терактіге дейін қаруланғандар туралы естіген учаскелік полицейлер қол қусырып отыра берген

Ақтөбеде лаңкестік оқиға басталмай тұрып тұрғындар онға жуық адамның қарумен жүгіріп келе жатқанын көріп, полиция қызметіне хабарласқан. Байланысу мүмкін болмаған соң учаскелік полицейге хабар береді. Алайда шенділер  ешқандай әрекет жасамаған. Бір қызығы атыстан кейін де учаскелік полицейлер қарасын көрсетпепті. Бұл туралы NUR.KZ порталы жазды. 

Подробнее ...

Ақтөбеліктер өздерін "қала тұрғынымын" деп айтуға ұялады (фото)

Ақтөбеде қалада тұрғанымен, даладағыдай күн кешіп, тіпті өздерін "қалалықпыз" деп айтуға ұялатын тұрғындар бар.  Облыс орталығындағы шаңы шығып, жолы бұзылып, күл-қоқысы шашылып жатқан көшелердің тұрғындары осылай дейді. Бұл туралы aktobenews.kz жазды.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter