ОҚО-да 25 мың АҚШ долларын қолды еткен ұрылар сотталды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да 25 мың АҚШ долларын қолды еткен ұрылар сотталды

ОҚО-да 25 мың АҚШ долларын қолды еткен ұрылар сотталды
Фото: comode.kz

Оңтүстік Қазақстанда ірі көлемдегі ақша ұрлады деген  күдікпен екі азамат құрықталды. Бұл оқиға өткен жылдың күз мезгілінде орын алған, деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қыркүйек айында Отырар АІІБ-нің кезекші бөліміне 50-жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Белгісіз тұлға үйіне жасырын кіріп сейфтегі ақшасын және алтын бұйымдарын қолды еткен. Оқиға орнына жеткен жедел-іздестіру тобы анықтағандай үнгі уақытта белгісіз тұлға жәбірленушінің үйінің терезесі арқылы ішке еніп, сейфтегі 25 мың АҚШ доллары және құны 4 миллион теңгені құрайтын алтын бұйымдарын қолды еткен.Қылмысты ашу мақсатында Отырар АІІБ-нің тәжірибелі деген полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, жұмыс атқарды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында шенділер 1992 және 1993 жылғы Сарыағаш ауданының тұрғындарын күдікті ретінде құрықтады. Ұсталған күдіктілер алдын сотты болған. Тергеу барысында анықталғаныдай күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігіне «ВАЗ-21014» автокөлігін сатып алған, ал қалған бөлігін өз қажеттіліктеріне жаратқан.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп алынды. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды. Күдіктілер қамауда.
Қазіргі таңда жасаған қылмысын толығымен мойындаған жас жігіттер Отырар аудандық сотының шешімімен 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter