Бауыржанның басынан сипаған кім?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бауыржанның басынан сипаған кім?

Бауыржанның басынан сипаған кім?
  • Аман БЕК-АТА

Сырға толы, жұмбағы көп бұл жалғанда кейде адам түсінбейтін, ақылға қонбайтын жағдайлар да болып жатады. Біреулер ата-бабаларының әруағы елес ретінде көзіне көрінгенін айтса, енді біреулер түсінде әруақтармен тілдесіп жүреді. Бірақ, әруақ басынан сипап, бетінен шымшып, еркелетіпті дегенді бұған дейін естіген емеспіз.

Несін жасырайық, көбіміз кеңес өкіметінің атеистік тәрбиесін көріп өскеннен кейін бе, кейде «әруақ көрдім» дегендерге онша сене қоймайтынымыз бар. Бірақ сол әруақтың расымен бар екеніне күмән келтірмейтіндер де жоқ емес. Соның бірі – Бауыржан есімді жігіт ағасы, десек сенер ме едіңіз? Біз де алғашқыда сенбедік, бірақ басынан өткенін баяндап бергеннен кейін, бір түрлі, иланайын дедік.

Иә, қазақтың салтында үйдің үлкенін ата баласы дейді. Бауыржан да бір үйдің үлкені, ата-әжесінің еркесі боп өсті. Әсіресе, әжесі көп өбектегендіктен бе, етегіне оралып қалмайтын. Атасы соғысты көрген ардагер, тұйық мінезді кісі болатын. Сонысынан ба, немерелерін еміреніп еркелеткенін көрмейсіз. Ең қатты еркелеткені сол — баланың маңдайынан иіскеп, басынан шертетін. Мұнысына сол үйдің кішкентайлары да үйреніп алған. Тақыр басынан саусағымен тыңқ еткізсе, атасының көңілі жібігені деген сөз.

Атасы қайтыс болғанда Бауыржан небәрі 11 жаста ғана болатын. «Өлім» деген суық сөзді ұғынып үлгермеген кезі. Атасы жоқ екеніне көзі үйренсе де, көңілі сене қоймаған. Марқұмды оң жаққа қойып, жерлеп келген соң сол бөлмені ретке келтіріп, әжесі екеуі жататын. Іргедегі қатар тұрған қос төсектің бірінде әжесі жатса, атасының бұрынғы орнына немересі жатады. Сол түні ол атасының әруағын көреді.

«Атамның портретін іргеге іліп қойған еді. Соған қарап жатып атамды ойладым. Түннің бір уағы болғанша ұйқым келмеді. Бір кезде көзім іліне бергені сол еді, біреудің басымнан сипап, құлағымды түртіп, шекемнен шертіп кеп қалғаны. Атамның күтпеген жерден осылай істейтін әдеті бар-ды. Сол есіме түсіп, орнымнан «Ата!» деп атып тұрыппын. Көзім бірден портретке түсті. Портреттегі қара лентаны көріп, көңілім қайта құлазып кетті».

Болған оқиғаны айтқанында «Атаң сені еркелеткені ғой», - деді әжесі маңдайынан сипап. Расымен, немересі есіне алып жүрсін дегені болар.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter