Жылаған сәбидің даусы шығатын жалғыз үй
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жылаған сәбидің даусы шығатын жалғыз үй

Жылаған сәбидің даусы шығатын жалғыз үй
  • Аман БЕК-АТА

Бүгінде өзбек шекарасының ішінде қалған, бұрындары қазақтың жері болған Амангелді мен Арнасайды білмейтін адам аз шығар. Сол ауылдардан Шардараға қарай шыға берісіндегі Арнасай су бөгетіне бес-алты шақырым жетпей бір ауыл бар. Жиырма шақты үйден тұратын шағын ауыл да бүгінде шекараның ішінде қалды.

Әңгімеге арқау болып отырған ауыл соңғы он жылда тоз-тозы шығып, ондағы үйлер әр жерде қалған үйіндіге айналды. Сатып кетейін десе алатын адам болмай, сатпайын десе бөтеннің жеріне айналған ауылдағы үйлерді иелері шама-шарқынша бұзып алды. Жұртта қалған үйлердің қай бір оңған келбеті болсын, бір кездері сырт көзді сүйсінтетіндей-ақ сәні болған ауыл әп-сәтте қаңырап қала берді. Бірақ, сол ауылдан өзгермеген бір белгі қалды. Ол – ауылдан шеттеу орналасқан жалғыз үй еді. Осыдан 30-40 жыл бұрын қалай салынған болса, әлі күнге дейін сол күйі тұр. Рас, жаңбыр жуып, күн қақтаған есік-терезелері аздап тозған. Дегенмен басқа бұзылған үйлермен салыстырғанда жапан даладағы жалғыз үйдің хан сарайындай болмаса да, мойын бұрып қарауға тұрарлықтай тұрпаты бар. Көнекөз қариялардың айтуынша, ол үй бала-шағасы болмаған жалғызілікті шалға ауылдастарының асарлатып салып берген баспанасы екен. Қария қайтыс болған соң, біразырақ жыл бос тұрады да, кейіннен біреу көшіп келеді. Көп тұрақтамай қайта көшіп кетеді. Тағы бір отбасы келеді де айдың-күннің аманында астынан су шыққандай олар да тайып тұрады. Одан кейін де бір-екі отбасы уақытша паналап, ұзақ отырмай көшіп кеткеннен кейін ел ішінде ол үй туралы үрейлі әңгімелер тарай бастайды. Жалғызілікті жанның жапандағы үйді қалай паналағанын қайдам, бірақ одан кейін көшіп келгендердің ешқайсысы да көп тұрақтамайды. Міне, содан бері «жылаған сәбидің даусы шығатын жалғыз үй» деген ат беріліп, айдар тағылған үйді солай қарай жолаушылап шыққандар әлі де көреді. Бұрынғыдай жасыл ағаштары жайқалған ауыл жоқ, қайраңда қалған қайықтай болып қаңырап қалған үйлердің қалдықтары бар. Жұртта қалған ауылды күзетіп жалғыз үй қарауытады.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter