Апат кезінде көрінген елес пе, әлде...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Апат кезінде көрінген елес пе, әлде...

Апат кезінде көрінген елес пе, әлде...
  • Аман БЕК-АТА

Таяуда Астана-Бурабай тас жолының бойында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, жеңіл көлікті жолаушылар тасымалдайтын автобус жаншып өткен. «Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» дегендей, апаттан кейін адамдарды құтқарып жүрген кезде тағы бір автобус қатты жылдамдықпен келіп, ажалмен арпалысып жатқан адамдардың үстіне шығып кеткен. Салдарынан төрт бірдей адамның ажал құшқаны белгілі. Тұманның қалың түскені сонша, жиырма метр жердегі көлікті көру мүмкін болмаған. Жол апатының орын алуына да қалың тұман себеп.

Оқиға кәугерлерінің «Нұр кз» сайтына берген мәліметтеріне сенсек, адам шошырлық апаттан үш жасар сәбидің аман қалғаны таң қалдырады. Әлеуметтік желілердің бірінде баланы құтқарып қалып, күл-талқаны шыққан көліктен әйелдерді шығарып алмақ болған ер адам туралы жазба пайда болды. Facebook желісінің қолданушысы өзінің парақшасында жазба қалдырды. Оның айтуынша, жол апаты кезінде адамдарды құтқаруға тырысқан адамдардың оқиға орнына тап келуі жайдан-жай емес. Себебі, олардың қолында мұндай жағдайларда аса қажет болар деген жабдықтардың барлығы болған. Ол оқиға орнында не болғанын баяндап берді.

«Жол апаты кезінде зардап шеккендерді ажалдан арашалап алуға болар еді. Бірақ, оларды құтқарып жатқан кезінде тағы бір автобус келіп соқтығысады. Ол да тұманның қатты түсу салдарынан алдында тұрған көліктерді байқамай қалған. Бір таң қаларлығы, апат орын алған кезде Мемлекеттік күзет агенттігінің төрт қызметкері дәл сол жерден кездейсоқ (мүмкін кездейсоқ емес) өтіп бара жатқан екен. Солардың бірі менің досым», - дейді ол.

«Менің досым әлі де адамдарды құтқара алмай қалғаны үшін қатты уайымдап жүр. Майысып қалған көлік терезесінен тірі жатқан әйелді шығарып алмақ болған сәтте ер адам оларға қарай тағы бір көлік келе жатқанын айтады. Көліктен тез арада артқа шегінген досым сол сәтте-ақ жол апатына ұшыраған көлікті ірі автобус таптап кеткенін өз көзімен көреді. Одан 20 см қашықтықта жатқан әйелдерді автобус басып кетеді. Сол сәтте оның ойына бір-ақ нәрсе келеді: «Тағы бір минутым болғанда ғой» деген.

Ол сондай-ақ, 3-жасар Даниилді құтқарып қалған кісі туралы айтты. «Автобус соқтығысқанға дейін, шамамен бір минут бұрын, белгісіз ер адам Даниилді Кирил Гончаровтің қолына береді. Содан кейін ол ары қарай әйелдерді құтқаруға кіріседі. Ол да тұман ішінен «Қашыңдар!» деген жай-айқайды естісе де, қашып үлгере алмады. Қашатын жер болмады. Осылайша қолдан қолға өткен сәби аман қалып, оны құтқарған азамат ажал құшады. Сәбиді періште қаққан шығар. Баланың өмірі үшін ол өз өмірін қиды», - деп жазады Құрманбаев.

«Жол апаты болған жерге адамдар топтала жинала бастады. Қалың тұманның себебінен зардап шеккендер саны көп болуы ықтимал еді. Осы тұста досымның жолдастары басқа көліктерге белгі беріп, жол апаты оқиғасынан хабардар етті», - деген Жандос олар өте сабырлы түрде әрекет етіп, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға барын салғанын атап өтті.

Сонымен бірге, оның айтуынша, бұл қайғылы оқиға болған жерден келген суреттерден ол мистикалық деталь байқағанын айтты. «Автобустан мүйізі бар, түрі сұсты көлеңкелі біреудің түрін көруге болады», - деген ол автобуста жын болғанын айтады. Негізі, асығып жүретіндерді шайтан азғырады деген сөз бар. Бәлкім, автобустан байқалған бейне адам азғырушы мағлұндардың бірі шығар. Әлде «қорыққанға қос көрінеді» дегендей, жәй ғана елес пе екен, кім білсін...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter