Жалған құжат жасап, ақша жымқырған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жалған құжат жасап, ақша жымқырған

Жалған құжат жасап, ақша жымқырған
  • Айдын СӘТЖАН

Бүгінде жалған құжат жасау арқылы мемлекетке шығын келтіріп, өздерінің есеін түгелдеп жүргендер аз емес. Заңға томпақ келетін әрекетке барғандар таяуда тағы анықталды. Бұл жолы қазына қаржысына қол сұққандар анау-мынау емес, бала тәрбиесімен айналысып отырған мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері болды.

Сарыағаш аудандық прокуратурасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелеріне мемлекеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар заңбұзушылық деректерді анықтады. Мәселен, «Балдаурен» ЖШС балабақшасында өткен жылдың қыркүйек айы мен ағымдағы жылдың наурыз айы аралығында келмеген 5 бүлдіршінді табельдерге «келді» деп, негізсіз көрсетіп отырған. Осылайша №58 Марғұлан атындағы жалпы орта мектебінің басшылығы ай сайын Жібек жолы ауылдық округінің әкімшілігіне есеп беріп келген. Нәтижесінде әр балаға мемлекеттен бөлінетін 18375 теңгеден жалпы сомасы 643125 теңгені заңсыз иемденіп отырғаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша аудан прокуратурасының СДТБТ-да тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ресми сайты хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеп, тексеру нәтижесімен 2016 жылы 28 маусымда келтірілген залалдың орны толтырылып, кінәлі балабақшаның құрылтайшысы С. жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter