Түлкібастағы ауылдан жүз жылқы ұрланды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Түлкібастағы ауылдан жүз жылқы ұрланды

Түлкібастағы ауылдан жүз жылқы ұрланды
  • Айдын СӘТЖАН

Иә, бұл бүгінгі барымташылардың әбден басынғандығын білдіреді. Оңай жерден олжа тапқысы келетіндер кейінгі кезде тіпті қорада байлаулы тұрған малдарға да ауыз сала бастапты. Айналдырған үш айда аядай ғана ауылдан жүзден астам жылқы ұрланса және ол анықталмаса, бұл тұрғындардың тыныштығын күзетуге тиіс тәртіп сақшыларының дәрменсіздігін білдіреді емес пе?! Әлде, ел ішіндегі «қызыл жағалылар ірі ұрылармен ауыз жаласады» деген қауесеттің расқа айналғаны ма? Шынында да, шағын ғана ауылдан жоғалған жүз жылқы оңай дүние емес қой.

Түлкібас ауданына қарасты Абай ауылынан 3 ай ішінде жүзден астам Қамбар ата төлі ұрланғаны туралы ақпар таратқан «КТК» телеарнасы амалы таусылған тұрғындар түнделетіп келетін «қонақты» қосауыз мылтықпен қарсы алуға мәжбүр болып отырғанын да жеткізді. Тіпті, жайылымда жүргенін де, қорадағысын да айдап әкете беретін әккі ұрыларды полицейлер ұстай алмай жатыр екен. Тауы шағылған жұрт балгер мен көріпкелдердің көмегіне жүгініп, жоқ іздеуге өздері кіріскен.

Бір күнде он сегіз бас жылқысынан көз жазып қалған Қайрат Орынбаев есімді тұрғын бүгінде бар болғаны бір бұзаулы сиырға ғана қарап қалғанын айтады. «Қара шаңырақта 7 бауырымның тірнектеп жиған 18 жылқысын бағып отырған едім. Бір түнде соның бәрінен айрылдық. Міне, сарайдың бәрі бос! Бір бұзау бар. Бір бұзаумен қалай қыстан шығамыз?! Күнкөріс өте қиын болайын деп тұр».

Тағы бір таңғаларлығы, ұрылар мал иесінің бай-қуаттылығына да қарайды екен. Тұрғындардың айтуынша, бүгінгі күнге қолды болған малдардың басым бөлігі қарапайым шаруалардың еншісінде болған. Күнкөрісіне жарап отырған малдарынан көз жазып қалған тұрғындар жоқ іздеп, жолға шықты. Әр өңірдің мал базарларын өздері тексеріп, сандалып жүр. Жоқ іздеген олардың бармаған балгері де қалмаған. Полицейлерге арыз жазғанымен, неше айдан бері бір нәтиже шығармаған олардан көріпкелдердің қызметін артық көреді. «Шындығын айту керек, полиция келеді, тіркейді. Одан кейін жоқ. Полицияны ешкім көрмейді қайтып. Өйткені, осындай ғылым мен техниканың дамыған заманында полиция бір ұрыны да ұстамауы мүмкін емес шығар. Олар қырдағы жүрген малға біз жауап бермейміз деген желеу айтады», - дейді ауыл тұрғыны Әділ Жақсыбаев.

Ал, полицейлер малдың жоғалуын халықтың салғырттығынан көреді. Олардың айтуынша, мал ұрлатқандар бірнеше күннен кейін келеді екен арыздануға. Одан қалса, жылқылардың құжаттарының жоқтығы іздеу жұмыстарына қосымша қиындық туғызады екен. Дегенмен арнайы құрылған екі топ бүгінде мал базарларын тоқтаусыз тексеріп жүрген көрінеді.

Полицейлер ауыл жылқыларын бағып жүрген малшыларды да тексеруді жоспарлап отыр. Бірақ, ешқандай келісімшартсыз жұмыс атқарған оларды жауапкершілікке тарту қиын. Ал, жұрт болса, мылтыққа дейін сайлап, өз күзетін өздері күшейтіп жатыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter