Бір әйелдің кәсібі...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бір әйелдің кәсібі...

Бір әйелдің кәсібі...
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

«Мемлекеттік кіріс комитетінде қызмет бойынша мүдделер қақтығысы үшін облыстық басқарма басшыларының бірі лауазымнан босатылды», - деп хабарлайды «Tengrinews.kz» тілшісі ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөйтсек, Маңғыстау облысында алкоголь өнімін сатумен айналысатын «Партнер Актау Компани» ЖШС қызметін тексеру кезінде алкоголь өніміне ілеспе жүк құжаттарына салыстырмалы талдау жүргізу кезінде тауар сомасы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталған. Бұл дерек бойынша МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасы салықтық тексеруді тағайындады. Оның нәтижелері бойынша осы заңбұзушылықтардан басқа ЖШС қоймаларында белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі табылған. Ал тергеу барысында бұл ЖШС құрылтайшысы Маңғыстау облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы С.Қуанышәлиевтің зайыбы болып шыққан.

«Мүдделер қақтығысының бар екендігін көрсетіп тұрған жағдайлар іс бойынша басшыларға және жоғарыда аталған ЖШС құрылтайшысына қатысты жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндігін болдырмаған. Алайда, С.Қуанышәлиев жазбаша рапортымен өзінің тікелей басшысына жүгінбеген және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың талаптарын бұза отырып, өз қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыра берген. Қызметтік тергеу нәтижелері және тәртіптік комиссияның ұсынымдары бойынша С.Қуанышәлиев атқарып отырған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» (51-бап) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15-бап) заңдарында мүдделер қақтығысына нақты түсінік берілгенін еске салып отыр.

Бұл – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін жеке мақсаттарда пайдалануға құқығы жоқ. Мүдделер қақтығысы болған кезде заңнамамен оны «оқшаулап шектеуге» бағытталған мемлекеттік қызметшілердің нақты әрекеті қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс шеңберінде заңнама талаптарын, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жұмысында мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылдап жатыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter