Соқада состиып отырған кім?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Соқада состиып отырған кім?

Соқада состиып отырған кім?
  • Айдын СӘТЖАН

Бұл жағдай осыдан біраз жыл бұрын болған еді. Ауылды жерлерде егістіктен босаған жерлер қыстың күндері трактормен қайта жыртылып, ерте көктемдегі егін салуға дайындалады. Қыс мезгілінде күн қысқа болып, жұмысты өндіру үшін тракторшылар түнделетіп жұмыс істейтіні бар. Осындай күндердің бірінде ауылдан алыс жатқан егістікке кеткен ағам ертеңіне тракторының соқасында түнімен состиып біреудің отырғанын айтып келді. Алғашқыда «елес шығар» деп, онша мән бермеген ағам ағараңдап отырған «біреуді» анық байқайды. Түсіп көруге жүрегі дауаламаған. Тракторды тастап қашайын десе, екі адырдың ортасындағы айдалада қайда бармақ?! «Неде болса таң атқанда көремін» деген ол осылайша тракторының бұзылып қалмауын тілеп, таңды атырады. Бір таңқаларлығы, соқа үстінде екі аяғын салбыратып отырған неме таң ағараңдағаннан-ақ ғайып болған. Ағамның бұл әңгімесін естіген құрдастары сол кезде әзілге балап, мазақ етіп күлген болды. Дегенмен, бұл әңгіме менің бала көңілімде тылсым дүниенің таңғажайып сырларына деген қызығушылықты оятқан еді. Арадан біраз жыл өткенде ағамның осы әңгімесін есіне түсіріп, қалай болғанын айтып беруін өтіндім.

«Сол күні жер аяз болды да, жұмысты түс қайта бастадық, – деп бастады әңгімесін Бастарбек ағам. – Ұжым басшысы ай соңына дейін біздің кооперативке тиесілі 200 гектарды түгел қопсытып болуымыз керек екенін шегелеп тұрып тапсырды. Біздің ұжымда бар болғаны үш-ақ трактор бар, оның біреуі бір күн жүрсе, екі күн бұзылып жатады. Сол үшін бар салмақ бізге түседі. Кейде күн-түн демей жұмыс істеуімізге тура келеді. Ауа райы ашық болған күндері өндіріп қаламыз. Қатты аяз түсетін болса, ондай күндері түс қайта жұмысқа шығамыз. Ұйқысы қанып, көңілі жайланған адам түнімен жұмыс істемегенде қайтсін, сол күні тракторымның май-суын тексеріп алдым да, ауылдан он бес шақырым жердегі Сортаңдыға қарай тартып тұрдым. Келемін дегенше кеш батты. Үйден алып шыққан нан-сумен жүрек жалғап алдым да, жұмысқа кірісіп кеттім. Обалы не керек, астымдағы тырылдағым түннің бір уағына дейін тынған жоқ. Ай ұясына батарда май-суын тағы бір тексеріп алдым да, жалғыз көзді тракторыммен меңіреу түнді тілгілеп жүре бердім. Артқы айнадан жердің қалай жыртылып жатқанына қарап қоямын. Артқы «фардың» жарығы өлімсіреп жанады. Бір кезде соқаның басында состиып біреу отырғандай болды. «Қорыққанға қос көрінген шығар» деп онша елемедім. Бірақ, бәрібір мойнымды бұрып қарай беремін. Мен қараған сайын ақ желеңді ол желпініп қояды. Ол кезде қазіргідей суретке тартып алатын «сотка» жоқ, әйтпесе маған анық көрінген «адамды» фотоға түсіріп алар едім».

Осы оқиғаны айтып, ешкімді сендіре алмаған ағам тағы бірде мынадай қызық болғанын айтып берді. «Ауылдағы ағайын-туыстан бастап, дос-жарандардың есік алдындағы жерін жыртып беру менің мойнымда болғанын білетін шығарсың. Көктем шыға бере бірінен соң бірі қиылып келіп тұрады. Жылдағы әдет болған соң, өзің де үйреніп қалады екенсің, кімнен кейін кім келетініне дейін біліп отырамын. Тіпті, кейбір «добрый» кезде айтқызбай барып жерін қопсытып беремін. Бір күні үйге Досбол келді. Екеулеп оның жездесінің жерін дайындап бердік. «Қайтамыз» дегенімізге қарамай, үйге кіргізді. Ет жеп, арасында «ақаңнан» тартып, біраз отырдық. Ертеңіне егістікке кететін болған соң тракторды қалдырып кетуге болмайтынын ескеріп, қалайда мініп кетуге бел будық. Аздап мастығымыз болмаса, бәрі ойдағыдай келе жатқанбыз. Кенет көзім соқаның басыда отырған баяғы бейнеге түсті. Қасымда Досбол болған соң, бұл жолы қорықпадым. Қайта оны қорқытпақ болдым. Ауылдағы стадионның тұсына келгенде тракторды шыр көбелек айналдырып бұра беріп едім, соқа басында состиып отырған неме жалп етіп жерге құлады. Тракторды тура үстіне айдадым. Жынға да жан керек екен, қолындағы ақ матаны лақтырып тастап, екі қолын көтеріп қаша жөнелді. Ырсылдатып біраз жерге дейін қудық. Өкпесі өшуге таяғанда барып тоқтадық. Сөйтсек, өзіміздің сыныптастардың ойлап жүргені екен. Менің егістікте көрген шайтанымды естіген олар соның кейпіне еніп мені және қорқытпақ болыпты. Ішімде «жүз граммның» күші, қасымда Досбол бар екенін қайдан білсін, осылайша қорқытамын деп жүріп өзінің өкпесі түсіп қала жаздады».

Иә, бұл әр ауылға тән көрініс болса керек. Бір-біріне жын болып көрініп, қорқытып жүретін «жүгірмектер» ауылды жерлерде әлі де бар. Жұмыстың бәрін жаздың күндері артығымен орындап тастайтын ауылдықтар қысқа қарай қолы босап, бір-бірін қалжыңға қосып, әзілге айналдырып, құтты мекеннің қызығын арттырып жатады. Қайран ауыл десейші...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter