Соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Күн райының күрт суытып, қазан айының қақ ортасында екі мәрте қар жаудырған табиғат-ана әжептеуір ойландырып тастады. Іле-шала «биыл қыс ерте түседі екен, суық болады» деген сөздер бірін-бірі жалғап, біраз адамның әңгімесіне арқау болып үлгерді. Әрине, алдағыны Алла біледі, десек те ауа-райын болжайтын синоптиктердің сөзіне де бір мезгіл құлақ түретініміз бар. Сонымен биылғы қыс жайлы жауырыншылар не дейді?

Таяуда республикалық «Қазгид-ромет» ауа райын болжау орталығының алдағы қысқа қатысты болжамдары жарияланды. Аталған мекеменің ұзақмерзімдік болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышеваның айтуынша, алдағы қараша айының ауа райы тұрақсыз, құбылмалылығымен ерекшеленеді екен. Жаңбыр, қар, көктайғақ болып, тұман басуы жиі орын алады. Еліміздің солтүстігінде, шығысы мен орталығында кейде түнгі ауа температурасы 15-тен 27 градусқа дейін суық болуы мүмкін. Күндізгі температура 8 – 16 градус аралығын қамтиды. Елдің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кейде түнгі температура 5 – 12 градус, ал күндіз 0 – 5 градус суықтық арасында болады.

«Қазгидрометтің» болжамынша, желтоқсан айындағы температура Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы облысының оңтүстігінен басқа аумақтарда орташа климаттық көрсеткіштен 1 градус суық болады. Ылғал Батыс және Шығыс Қазақстанда қалыптағыдан аз түседі, Қостанай, Алматы, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Қарағанды облысының басым аумағында ол әдеттегіден көп түседі. Қыстың ең суық кезеңі қаңтар және ақпан айлары.

Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай еліміздегі болжаушылармен бірге шетелдік синоптиктер де биыл қыстың ерте түсетінін, 2016-2017-ші жылдың қысы қарлы, аязды, боранды болатынын болжап отыр. Біреулері соңғы бір ғасырда болмаған қыс келеді десе, енді бірі кейінгі 20 жылдағы қыстардан суық болады дегенді айтуда. Қалай дегенде де «Кәрі құда» Еуропа жұртшылығын біраз әбіржітетін сияқты. Әсіресе Ресейдің батыс аумағына, Сібір, Орал бойы мен Қиыр Шығыс жағына, Украина мен Белоруссияға, Шығыс Еуропадағы елдерге қыс жайсыз тиеді деп жатқандар бар.

Осылайша синоптиктер соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін екенін айтып, біраз адамды ойландырып тастады. Дегенмен соңғы хабар қараша айынының біршама жылы болатынын айтып, көңілдерді жайлағаны тағы бар. Кім білсін...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter