Оңтүстік Қазақстанда гастарбайтерлер жұмыс берушіні пышақтап, 2,5 млн теңгесін қолды етті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оңтүстік Қазақстанда гастарбайтерлер жұмыс берушіні пышақтап, 2,5 млн теңгесін қолды етті

Фото: www.alexnews.info

Оңтүстік Қазақстанда жалдама жұмысшылар жұмыс берушінің бірнеше жерінен пышақтап, 2,5 миллион теңгесін қолды еткен. Осы оқиғаға қатысы бар бір күдікті ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі  істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 

Оқиға 2016 жылдың 5 шілдесі күні, күндізгі уақытта Қазығұрт ауданында орын алған. Қазығұрт АІІБ-нің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан жергілікті жердің  1976 жылы туылған азаматшасы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен полицейлердің жәбірленушінің сөзі бойынша анықтағаны, 40-жастағы жәбірленуші жұмысшыларды үйіне жалдамалы жұмысқа алған. Олар жәбірленушіге пышақ жарақтын салып, байлап, содан соң 2,5 миллион теңге ақшасын қолды еткен.
Аталған жайт Қазығұрт АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 192-бабымен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді.
Полицейлер жедел-тергеу тобы құрып, жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары барысында   күдіктілердің бірі 1994 жылы туылған Өзбекстан азаматын құрықтады.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар 1986 жылы туылған Өзбекстан азаматшасын қолға түсіру шараларын жалғастыруда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тыңдармандарымен суретке түспей қойған Алтынай Жорабаева аяқ киімін шешіп жүгірген

Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде өзін сөгіп, тіпті ренішін білдірген тыңдарманына ақталып әлек болды. Қымбат есімді желі қолданушысы әнші Алтынайды суретке түспей қойғаны үшін өзімшіл деп атаған.  ...

Korrespondent.kz Мәдениет

Журналист: "ОҚО әкіміне Шәмші ағамыздың әруағы риза шығар"

Шымкенттік журналист, "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газетінің бас редакторы Абай Балажанның айтуынша, Отырар ауданындағы Шәмші ауылына баратын жолдың тарихы тереңде. Оңтүстік Қазақстан облысы партия к...

Korrespondent.kz Қоғам

Оңтүстік Қазақстанда гастарбайтерлер жұмыс берушіні пышақтап, 2,5 млн теңгесін қолды етті

Оңтүстік Қазақстанда жалдама жұмысшылар жұмыс берушінің бірнеше жерінен пышақтап, 2,5 миллион теңгесін қолды еткен. Осы оқиғаға қатысы бар бір күдікті ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық І...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Атамқұлов 84 түлекті тегін оқытатын болды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 84 түлекті тегін оқытатын болды. Яғни,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 84 мектеп бітірушісіне ақысыз оқуға мүмкіндік беретін облыс әкімінің білім гран...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter