Сапарбаевтың гүлқұмарлығы мұғалімдерге сор болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сапарбаевтың гүлқұмарлығы мұғалімдерге сор болды

Сапарбаевтың гүлқұмарлығы мұғалімдерге сор болды
  • Korrespondent.kz

«Гүл өссе – жердің көркі». Мағынасы тереңде жатыр. Негізінен гүлге сүйрік саусақты бұрымдылардың жаны жақын деуші еді. Сөйтсек, гүлге ғашық ерлер де бар болып шықты. Ер болғанда да анау-мынау емес, Шымкентке көршілес жатқан Ордабасы ауданының әкімі Самат Сапарбаев гүл десе, ішкен асын жерге қояды екен. Оны қоя беріңіз, ауданға әкім болып бара сала білім беру мекемелеріне ғимарат ішін гүлге толтыру керектігі туралы тапсырма да беріп тастапты.

Мұғалімдер жыны келсе де амалдары құрып, әкімнің тікелей тапсырмасы болған соң орындауға көшкен. Орындамаса гүлқұмар әкім жұмыстан қуа ма, кім білсін?! Естуімізше, аудандағы мектеп, балабақшалардың кейбір кабинеттерінде 20-30 «штук» құтыдағы гүл бар. Ал ата-аналар болса, «балаларымыз ауасы таза кабинетте білім алатын болды» деп әкімнің мұнысына сұмдық алғыс айтып жүр. Әрбір құтыдағы гүл кемі 2-3 мың теңге тұратынын жақсы білетін шығарсыз. Мұғалімдер де соны білген соң ғой, қандары басына шауып жүргені. Әкім мұғалімдерді бүйтіп қинағанша аудан бюджетінен гүлге ақша бөлдірмей ме? Мұғалім де, әкімнің аты да тыныш болар еді...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter