Шымкенттің әкімі «шумахерді» ұстады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттің әкімі «шумахерді» ұстады

Осыдан бір аптадай уақыт бұрын Шымкенттің ірі көшелерінің бірінде «сороковка» мінген бір жүргізуші тәртіп бұзып, полицейлерден қашқан ғой. Шенділердің қызметтік көлігі жапондық көлікке ілесе алмапты. Қызықтың көкесі де осы кезде басталған.

Тура бір кино секілді. Әлгі қашқын жүргізуші көлігін элиталы аудандардың біріне бағыттап, «ал, енді ұстап көр» деп тығылып қалмақшы болған екен. Алайда шытырман оқиға соңы «хэппи энд» бола қоймаған. Тура сол сәтте көшенің бойынан қаланың әкімі өзге қызметкерлерімен бірге өтіп бара жатып, «қуу мен қашу» операциясын байқап қалады да, «шумахердің» көлігін «дәу» джиптерімен қысып тоқтатыпты. Тіпті сенесіз бе, ұзынқұлақтың айтуынша, шаһар «мэрінің» өзі көлігінен түсіп, «сороковканың» тура алдына тұрып алыпты. Ал әлгі жүргізушінің жағдайы не болғанын өзіңіз де болжап отырған шығарсыз. Мойнына бір емес, төрт бап бойынша жаза ілініп, енді басы бәледен арылмай жүр екен.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter