Алматылық ақындармен жүздескен күн
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Алматылық ақындармен жүздескен күн

Алматылық ақындармен жүздескен күн
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Жуырда Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында «Әдебиет әлемі әдемі» тақырыбын арқау еткен алматылық қаламгерлермен кездесу өтті. Кеш шымылдығын «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Зәкира Пәрімбекова ашса, жүздесуді сыншы, әдебиеттанушы Ұлан Еркінбай жүргізді. 

Оқырман мен қаламгер арасындағы еркін тілдесуге құрылған іс-шарада ақын, Тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбай өзінің кеше ғана Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлінің атқосшысы болса, бүгін Оңтүстікке аға буын боп ақындарды ерте, көш бастап келгенін айтып, сөз бастады. Келесі сөз тізгіні тиген «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім кейінгі кездері кітапханалардың жабылып қалуы жиілегеніне қынжылысын білдіріп, бірқатар өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ жыр кешінің құтты қонағы «Заң» газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбаев пен Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Алмат Исаділ, журналист, Жазушылар Одағының мүшесі Әлібек Шегебай сынды біраз ақындар көпшілікпен төл туындыларын бөліссе, «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Есей Жеңісұлы «Өзім Хан Тәңірінің баласымын. Бірақ Қаратауды көргенде ерекше бір күй кештім. Апыр-ай, құдай осынша керемет қылып жаратар ма еді...» деп, Оңтүстікке деген ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар жазушы, сыншы Сәкен Сыбанбай, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қырғыз Республикасының «Молда Бағыш» атындағы сыйлығының лауреаты Дәулетбек Байтұрсынұлы сынды ел зиялылары да шараның жақсы өтуіне атсалысты. 

«Елге сағынышын» ала келген Әлібек Шегебайдың «Туған жер», «Аялаңдар ақынды», «Сұлу еді» сияқты бірнеше өлеңдерін №90 мектептің оқушылары жатқа айтса, жас ақын Дәурен Айманбетов өзінің «Асық жайлы» өлеңін оқыды. 

Сілтідей тынып, ойға батқан көрермендерді композитор Қалдыбек Құрманәлі естеліктер мен әзіл әңгімелерін айтып күлдіртсе, екі сағаттан аса уақытқа созылған жыр кешінің нүктесін ақын Нармахан Бегалиев қойды. Оңтүстік қаламгерлері атынан сөйлеген ол соңғы кезде поэзияда «тұспал» деген ұғымның жұтаңдап бара жатқанын айтып: «Кейбір өлеңдерден гөрі маған Тәкен Әлімқұловтың прозасы жақсырақ болып көрінеді»,-дей келе ақын-жазушыларға әлі де болса көбірек иек артатынын жеткізді. 

Осы күні аталмыш кездесуден соң ақындар ауыл аралап, Бадам ауылдық мектебінде оқушылармен кездессе, Оңтүстік қаламгерлері әдеби жыл қорытындысын жасады. Ал кешке Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ақын Әлібек Шегебайдың «Елге сағыныш» атты шығармашылық кеші өтті. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter