«Ж.Шанин атауы өзгермейді»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 19 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

«Ж.Шанин атауы өзгермейді»

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Облыстық Ж.Шанин атындағы Академиялық театр биыл көрермендеріне 8 қойылым ұсынды. Бүгінде театр қорында жиырмадан астам спектакль мен онға жуық ертегі бар. Қазіргі таңда келушілерге аптасына 4 рет кешкі қойылымдар ұсынады. Жоғарыдағы 8 қойылымның бірі – балалар ертегісі. Сондай-ақ биыл театрда әртіс, ҚР Мәдениет қайраткері Мұхан Шәкіровтың 70 жасқа, суретші-гример Бейсенкүл Әлжанованың 60 жасқа толғанына орай 2 жоба өткізілген. 

Театрдың жыл бойғы жетістігімен алдағы атқарар жұмыстарын оқырмандармен бөлісу мақсатында, театр басшысы Қалтөре Жұмақұлов мырзамен әңгімелесіп қайтқан болатынбыз. 

– Қазіргі таңда театр сахнасында ешқандай спектакль ұсынылып жатқан жоқ,-деп бастады ол сөзін. – Себебі сахнада техникалық ақаулар болғандықтан әртістеріміздің қауіпсіздігін ескеруді жөн көрдік. Осы бойынша әкімшілікке хат жазғанбыз, мамандар келіп зерттеп жатыр. Жақын арада жөнделер деп күтудеміз. Оның үстіне желтоқсанның соңғы онкүндігінде театр әртістері мектептерге қойылымдар қойып, жаңа жылдық балалар шыршасына қатысу үстінде,-дейді. 

Осыған дейін театрдың аты өзгеруі мүмкін екен деген сөз желдей ескен еді. Қырық жылдан астам уақыттан бері аты ауыспаған мәдениет орталығы туралы бұл әңгімені біреу қостап, біреу даттап жатты. Осылайша қалың жұртшылықты қызықтырған сауал жөнінде театр басшысы: «Шанин театрының аты әзірге өзгеруі мүмкін емес, өзгермейді»,-деп қысқа қайырды. Алайда биыл театрдың статусы жоғарылаған. Бұрын облыстық драма театр болса, қазір аты дардай «Академиялық драма» театр атаныпты. Енді осы атқа лайық болу мақсатында театр да өз жауапкершілігін сезіне бастағанға ұқсайды. Қалтөре мырзаның сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта театр шығармашылығы ұлғайып, әртістердің шеберлігі бұрынғыдан да шыңдала түспек. Қазірдің өзінде осы мақсатта Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан арнайы мамандарды шақыртып, дәрістер өткізіле бастаған. Бүгінде театр құрамында 143 қызметкер болса, оның 43-і әртіс екенін естеріңізге сала кетейік.

Кез-келген театрдың өзіндік тарихы бар. 1972 жылы Жұмат Шаниннің аты берілген театрдың тамыры 1934 жылы Қызылорда қаласынан бастау алған еді. Биыл шығармашылық ұжым осы қалаға 4 күнге гастрольдік сапармен барып-қайтқан болатын. Олар өнерге жаны құмар қызылордалықтарға 4 спектакль ұсыныпты. Атап айтар болсақ, Думан Рамазановтың «Абылай ханның арманы» драмасы мен Сәбит Досхановтың «Тозақ шеңбері» трагедиясы, сондай-ақ Дулат Исабековтың «Әпкесі» мен Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясы. Ал театрда биыл осымен қатар А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық айы», Б.Әбдіразақовтың «Әйел сыры» қойылымдары да көрсетілген. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл тұрғыдан театрдың ілгерілегені байқалады. Өйткені осыған дейінгі соңғы 4 жылда театр 4 қойылымнан ұсынып келген. 

Жылдың басында ғана жаңа ғимаратқа көшкен театр өз көрермендерінен бастапқыда көз жазып қалды. Алайда қол қусырып қарап отыруды жөн санамаған қызметкерлер қала халқын хабардар ету мақсатында «Театрға нұрлы көш» атты іс-шара өткізген еді. Олар бұрынғы ғимараттан жаңа театрға дейін шеру жасап, көшіп келді. Театрдың көрерменсіз қалған күні жоқ. Әйткенмен, қала сыртына ауысқан театрға келіп-кетуге қиналатындар да жетерлік. 

Бір анығы, билет бағасы көрерменнің қалтасына салмақ сала қоймайтын сияқты. Балаларға қойылымға кіру құны 200-300 теңге болса, жасөспірімдерге 300-500, ал ересектерге 500-700 теңге көлемінде. Бірақ осы тұрғыда қымбат па, болмаса алыс па деген сауалдарға жауап іздегеніміз қаншалықты дұрыс? Өйткені театрдың қасында тұрған «Түркістан сарайына» концерт көруге ағылып келіп жатқан қарақұрым халық баршылық. Бағасы да кемі мың теңгеден басталып, шарықтап кете барады. Ал жастардың дені кешкісін 1500 теңгеден жоғары киноларға еш қиынсынбай кіріп жатыр. Сонда бүгінгілердің талғамы басқа ма?! Өз көрермендерін қанша болса да азсынбайтын, бір адам келсе де спектакль қоюға әзір әртістердің ерен еңбегін халық қаншалықты бағалап жүр? Ал көлік мәселесінің шешімін іздеген театр басқарушысы: «Біздің кешкі қойылымдардың алды сағат 20.30-да аяқталады. Сосын көрермендер үйіне қайтуға қиналады. Тіке қалаға жететін көлік жоқтың қасы. Осы мәселеге алаңдаған соң біз де бүгінгі таңда театр маңайынан өтетін қоғамдық көліктермен жұмыс жасап жатырмыз. Тіпті олардың басқармасына репертуарларымызды беріп қоямыз. Жүргізушілердің нөмірлерін де алып алғанбыз. Оларға мың рахмет, келіп, қызметтерін артығымен орындап жүр»,-деді. 

Ал алдағы жылы театр бізге не береді?! Қандай қойылымдар ұсынбақ?! Мүмкін жаңа жылдан бастап өз-өзімізге жаңа талаптар қойып, құндылығы жоғары қазақ қойылымдарынан өзімізге керегімізді алармыз?! «Театрда классикалық шығармалардың қойылмағанына біраз жыл болған. Алдағы жылы осы олқылығымыздың орнын толтырайық деп Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебегін» алып отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі өзекті тақырыпқа айналып отырған, жастардың жат ағымның етігіне жармаспауының алдын алу мақсатында Ерғалиевтің «Жан шырылы» атты драмасын да репертуарымызға енгіздік. Ал балалар ертегісінен «Ер Төстікті» ұсынамыз деп жоспарлаудамыз. Театрдың жылдағы үрдісіне айналған «Театр көктемі» деген фестиваль бар. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – оның драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналуы. Сондықтан осы кісінің «Бас» деген драмасын да қоятын боламыз»,-деп түйіндеді сөзін театр басшысы. Олай болса алдағы жыл театр үшін көрермендердің рухани құндылығын арттыруға себепкер болатын жыл болғай деп тілейміз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Ешкім
0 Ешкім 11.01.2016 14:15
Бәрібір қазір театрға баратындар аз ғой. Оған күнкөрістің қамымен әлек болып жүрген халықта уақыт та жоқ өзі.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы Валентин күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан виртуалды достарын әулие Валентин күнімен құттықтады. Жылы лебізін шенді қызметкер «фэйсбук» әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

83
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

83
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

78
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

84
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

78
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter