«Майдангер» киносын көрдіңіз бе?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Майдангер» киносын көрдіңіз бе?

«Майдангер» киносын көрдіңіз бе?
Бейне google.kz сайтынан
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Көрерменмен қауышқанына бес айдан асқан «Майдангер» киносы есіңізде ме? Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған 25 минуттық қысқаметражды фильмді шымкенттік режиссер Серік Таласов түсірген. Кинотүсірілімінде Шымкент қаласының «Даңқ» мемориалы мен Қазығұрт шағынауданы және Бәйдібек ауданының Бірлік елдімекені көрініс тапқан. Режиссердің сұхбаттарына сүйенсек,картинаға 50-60 адам түсіріліп, қалғаны компьютердің көмегімен көбейтіліпті. Фильмдегі жер-көктің апай-топайын шығарған жарылыстар да, оқтар да шынайы. Пулемет, қарулар музей және ішкі істер департаментінен алыныпты.

Кинодағы оқиға 18 жасар Болаттың өз еркімен соғысқа аттанғанынан басталады. Онда қарапайым ауылдың тұрмыс-тіршілігі, екі ұлын соғысқа аттандырған шал мен кемпірдің кенжесін қан майданға қимауы, Болаттың сүйгені Салтанатпен қоштасуы, ауылдасы Бектемірмен бірге соғысқа аттануы, сондай-ақ окоптағы соғыстың қан сасыған көріністері суреттелген. Фильм елге аман оралып, қарттығымен қауышқан Болат пен Бектемірдің «Даңқ» мемориалында майдандағы қандыкөйлек жолдастарын еске алып, тағзым етуімен тәмамдалады.

Отандық киноның қаншалықты танылғанына көз жеткізу үшін әлеуметтік желіде жастарға сауалнама жүргіздік. Нәтижесінде, олардың 10пайызы аталмыш фильмді тамашаласа, 30 пайызы ол туралы естігенімен, көруге мүмкіндігі болмағанын айтты. Ал, ең өкініштісі, қалған 60 пайызы кино жөнінде бұрын-соңды мүлде естімеген. Ал сіз «Майдангерді» көруге жарты сағат уақытыңызды бөлдіңіз ба?

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter