Қыдырәлі болмағанда қырылып кеткендей екенбіз...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қыдырәлі болмағанда қырылып кеткендей екенбіз...

Қыдырәлі болмағанда қырылып кеткендей екенбіз...
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

«Қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы». Қарақат пен Қыдырәлінің тоқал төңірегіндегі әңгімені не үшін ойлап тапқаны туралы берген сұхбатын оқып, ойға осы мақал орала берді. Бірі «Время» газетіне, екіншісі «Sputnik Қазақстан» агенттігіне берген пафосқа толы сұхбатында халық жер үшін толқып жатқанда қос жұлдызды өздерінің концерті ғана толғандыратыны байқалды.

Бәрін басынан бастайық. Қыдырәлі Болмановтың туған күні қарсаңында Қарақат сүйікті жарына тоқал сыйлайтынын мәлімдеді. «Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым... Көп... Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын бойжеткендер аз емес... Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын», - деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл мамыр айының 19-ы болатын. Әншінің бұл сөзі қоғамда қызу талас тудырғаны рас. Бірі жақтаса, екіншісі даттап жатты. Әрине, тоқал алу - отбасының ішкі мәселесі. Бірақ, артынша Қарақат Құдай қосқан қосағына тоқал орнына темір тұлпар сыйлады. Ал, екінші әйел туралы әңгіме концерт алдындағы өзін жарнамалаудың әдісі екенін айтты.

Ал, жуырда Қыдырәлі «Время» газетіне берген сұхбатында «тоқал тақырыбы» жер реформасына наразы елдің толқуын басу үшін, халықты митингіден қайтару ниетімен әдейі ұйымдастырылғанын айтыпты. «Бұл менің шарасыздықтан ойлап тапқан таза маркетингтік айлам болатын. Мен ондайға өмірімде алғаш барып отырмын. Өйткені, мен адамдарды сол кезде елімізде өрши бастаған басты, өте маңызды тақырыптан ауытқыту үшін тәуекелге бардым» деген әнші әрі продюсер 86-ы дағы Желтоқсанды басынан өткізген адам ретінде бұл қадамға елдің тұтастығын ойлап, халықтың амандығын ойлап барғанын айтады. Мұның артынан Қарақат Әбілдинаның өзі де «Sputnik Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында «Халық арасында жер мәселесі туындап, көпішілік дүрлігіп жатты. Сол үшін неше түрлі чаттар ашылып, алаңға шығу туралы мәселелер талқыланды. Алда мерекелер келе жатқан еді – біздің жеке концерттеріміз, басқа да концерттер. Бүкіл халық мереке туралы ұмытып, митингке шығуға әзірленіп жатты. Өзімнің ұялы телефонымда әртүрлі қалаларда құрылған төрт-бес чат болды, ол жерде жастар мен өнер адамдарының жазғанын оқығанда, жүрегіңе қорқыныш ұяламай қоймайтын еді», — депті. Әншінің айтуынша, жер митингілері жұлдызды жұптың жоспарланған концерттеріне кедергі келтіруі мүмкін болатын. «Стадионда алғаш рет концерт беретін едік. Оның үстіне, шетелдік әншілерді шақырмай, өз күшімізбен аншлаг жинайық дегенбіз. Бұл (тоқал туралы жаңалық) пиар үшін жасалғаны анық, әрине. Концертті белгілеп қойғанбыз, оған қаншама қаражат кеткенін өздеріңіз де білесіздер. Аяқ астынан соғыс басталып кетсе немесе тағы бірдеңе болса, кімге жақсылық келер еді?», — дейді Қарақат.

Қос жұлдыздың соңғы мәлімдемесі жұмсартып айтқанда «біртүрлі» болды. Өйткені, Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беру ниетінің арты қоғамда қызу талқыға ұласқанда Болманов «Шығармашылық адамдарының әлемі мен жан-дүниесі де өзгеше болады ғой. Мұны да тілегін ерекше жеткізгісі келгені деп білемін. Оның астарында тек әппақ көңілі мен ниеті жатыр. Дұрыс қабылдауларыңызды, дұрыс түсінулеріңізді өтінемін. Осынша шуға айналып кетеді деп ойламаппыз. Бұл бар болғаны “Қарақат Сұлудың Қыдырәлі Көрпешке” жазған ешкімге залалы жоқ жүрекжарды хаты ғана. Және солай қабылдануы керек», – деп сүйіктісінің әрекетін ел еркесінің бір «тентектігіне» жатқызғысы келген. Енді келіп, қос әнші «Отан үшін, ел үшін» деген ұрандар айта бастады. Осыдан кейін жеке басының мүддесін халықтың қамынан артық қойған әншілерге сеніп көр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter