Жас ақындар мүшәйрасы өтті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жас ақындар мүшәйрасы өтті

Жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Жуырда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Шабытыма арқау болған 25» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми кітапхана ұйымдастырған мүшәйраға Нармахан Бегалы, Ханбибі Есенқарақызы, Бақытжан Алдияр, Абай Қалшабек сынды Оңтүстіктің ақындары қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Қорытынды келелі кешке Исраил Сапарбай қонақ болып, жастардың аяқ алысын аңдап, ағалық ақылын айтты. Егемендігімізді жырға қосып қана қоймай, өлеңмен өнерді дәріптеген жас өрендердің арасынан Нұркен Нұрғазы, Арайлым Мұраталиева, Гүлшырын Жұмабай, Бидос Қалшабек, Бақбер Алтай сынды жас ақын қыз-жігіттер ынталандыру сыйлығын иемденсе, ІІІ орынды Қанат Сарыбаев пен Ерболат Айнабеков бөлісті. Ал II орын Ұлмекен Лесбековаға бұйырды. I орынды жастар арасына есімі етене таныс, өрелі өлеңдерімен аға буынның қатарына қарай ойысып келе жатқан Мұқағали Кенжетайұлы қанжығасына байлады.

Еліміздің 25 жылдағы жетістігін дәріптеп, жастарға ата-бабаның асқақ арманы Тәуелсіздік екенін ұқтыруды мақсат тұтқан шара жастардың поэзияға деген құштарлығын арттырып қана қоймай, қонақтарды қара өлеңмен сусындатты.

Естеріңізде болса, қараша айында жарияланған байқау шарттары бойынша мүшәйраға 18-25 жас аралығындағы жастар қатысуына рұқсат етілген еді. Ал ынталандыру сыйлығын иемденетін 5 ақынға 30 мың, III орынға 50 мың, II орынға 150 мың теңге сыйақы қарастырылса, I орынға 250 мың теңге тігілген.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter