Қошқар ата
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қошқар ата

Қошқар ата
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Елімізде Қошқар атаның атымен аталатын ауыл да, өзен де, кесене де көп. Елімізден бөлек, өзбек пен қырғыз ағайындар да «Қошқар атадан» құралақан емес көрінеді. Шежірешілердің сөзіне сенсек, Қазақстанда тап осы атауды арқалап тұрған 11 ауыл бар екен.

Қошқар ата кесенесі

Ортағасырлық сәулет өнерінің сапындағы кесене Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында орналасқан. Шағын ғана, бір бөлмелі көпқырлы конус тәрізді күмбезді кесененің ішкі бөлігі қос кірпішпен қаланып, желкен тәрізді қуыстармен безендіріліпті. Аласалау ғимарат алып болмаса да, Оңтүстіктегі киелі мекендердің тізімінде алдыңғы шепте аталады.

Газетіміздің былтырғы қарашадағы нөмірлерінде жарияланған тарихшы Еркебай Бүрлібайұлының «Қошқар ата, Исмаил ата, Сексек ата кім болған?» атты мақаласында әулие туралы жазбаларға жан-жақты тоқталып кеткен болатын. Сонда Мұхтар Ануарбектің сөзіне сүйенген автор «Қаратау аймағының халқы бұл мекенді Қошқар ата ауылы деп атайды» деп сөзін бастайды. Сөйтіп сөзді Қошқар ата сағанасымен қостап, биіктігі екі қабатты үйдей болатын әулиенің сағанасы Қошқар ата өзенінің иіріліп ағатын беткейінде орналасқанын баяндайды.

Қошқар атаның Шымкенттің іргесін қалағаны рас па?

Қошқар ата туралы ел ішінде аңыз-әңгімелер де аз емес. Соның бірі, Қаратаудың қойнауында XI ғасырда өмір сүрген Қылыштың жастайынан алғыр болып жетіліп, 7 жасында Бұқараға оқуға аттанғаны туралы. Сол замандарда ауыл арасына аты әйдік Арқар деген көзсіз батыр кісі болыпты (Арқар Қылыштың төртінші атасы болған). Оқуға кетерінде ата-анасы ұлына: «Сен Арқар атаңдай болмасаң да, қошқардай бол, балам»,-деп баталарын беріп, ат қойса керек. Осыдан бастап Қылыш бала Қошқар атала бастапты. Сол Қылыш Бұқарада ондаған жыл оқып, еліне келіп мешіт пен медресе ашып, қазіргі алып шаһар Шымқаланың іргесін ең алғаш болып қалаған деседі. Әліге дейін елімізде әулие жерленген деген 10-нан аса орын бар екен. Өйткені ол барып, бұлақ көзін ашқан өңірдің барлығын дерлік қарапайым халық жан баласы баспайтындай етіп шеңгелмен, қышпен қоршап отырыпты.

Ал оның Бұқарада білім алып жүрген шағындағы аңыздарда оған ұстазының айрықша ілтипатпен қарап, құрмет танытқаны баяндалады. Ұстазының мұнысын ұқпаған шәкірттері өздерінен бөле-жара қараған баланы көп шеттетеді. Сонда бір күні бүкіл балаларды орманға отын жинатуға алып барған ұстаз, Қошқарды өзеннің арғы бетіне барып отын жинап келуге жұмсайды. Сонда ол батпай, судың бетімен сырғып жүріп өтіп, арғы жағаға жеткен екен. Мұны көрген құрдастары да осыдан кейін оның бойында Құдай берген қасиет барына көздерін жеткізіп, басқаша қарай бастапты.

Шымқаланы түгел «аралап шығатын» өзен

Қошқар ата өзені қаланы қақ ортасынан кесіп өтеді. Бұрынғы атын білетіндер Мыңбұлақ болған деседі. Қазығұрттан бастау алған бұл өзен Екпіндіге келіп сіңіп кетеді екен. Содан соң қайтадан бастауға барып, сол жерден сарқырап ағатын көрінеді. Шымқаланы түгел «аралап шығатын» өзен суының буын ауруларынан айықтыратын шипасы бары осыған дейін де талай айтылып келеді. Қаланың ылғалдылығын сақтауға ғана емес, сондай-ақ 600 гектар жерді суландырып, климатты қалыпты ұстап тұратын өзенге қысы-жазы шомылатындардың қарасы қалың.

Қаладағы демалыс аймақтарының қатарын толықтырып тұрған өзен маңын биыл қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аралап шыққан еді. Осы жолы ол, әсіресе, жаз ауасында қоқыстан көз ашпайтын өзеннің айналасын айнадай етіп ұстауды тапсырған. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұндағы халықты тынығатын орындармен қамтамасыз ету – атқарушы биліктің міндеті екенін де жеткізген еді.

«Жануарлардың тілін түсінген...»

Маңғыстауда Қошқар атаның қорымы барын жоғарыда да айтқанбыз. Бұл Шымкенттегі кесенеге қарағанда алып аумақты алып жатыр. Ақтаудан 17 шақырым жерде орналасқан мола туралы көзкөргендер «Алыстан көз салсаңыз, кәдімгі қала іспетті»-дейді. Ондаған ғасыр бұрын өмірден өткен адамдар жерленген қорымды көпшілік «кесенелер қалашығы» деп те атайтын көрінеді. Мұндағы тараған аңыздарға сенсек, Қошқар ата өз заманында Қорасаннан келіп тап осы Маңғыстауға қоныстанған. Адамдардан алыс аймақта тұрып, бұғы етімен қоректеніпті. Аңыз-әңгімелерде жануарлардың тілін түсінетіндігі туралы айтылған әулиенің алдына бұғылар өз аяғымен келгенін көргенде жұрт таң қалған екен. Бұл да Ақтаудағы Қошқар атаның атымен аталатын жалғыз орын емес. Онда әулиенің атымен аталатын ойпат та бар, ол өз алдына ұзақ жыр.

Өзі салдырған кесенеге жерленген

Сондай-ақ кей аңыздарда Қошқар атаның осы өзен бойында оқ тиіп жарақаттанып, содан ауыр хәлде жатқанында кесенені тұрғызғаны да айтылады. Бірақ кейін құлан-таза айығып кеткен әулие дәм-тұзы таусылғанда өзі салдырған орынға жерленсе керек.

Енді бірде «Әзіз әулиелер» кітабының авторы Шардарбек Әлімұлы Шымкенттегі Қошқар ата кесенесінің шырақшысы Халықбай Назарқұлға жолығыпты. Сонда ол кесенені өз қаржысымен тұрғызып, енді соны қарауылдап жүргенін айтқан шырақшыға: «Бұл жерде Қошқар атаның сүйегі бар ма өзі?» деп төтесінен сұрақ қояды. Сосын барып өзінің бұрын әулиенің мүрдесі басқа жақта деп естігенін айтқанда ақсақал «Дұрыс, бұрын мына теміржол торабының бергі жағындағы төбеде жатқан, соны кешегі бір имансыздар бұздырып, жай салмақшы болды. Қошқар ата сүйегін қариялар жасырып, «Қасқа» деген жердегі қорымға қайта көмген, сол жерден осында әкеліп қайта көмдік. Бір өкініштісі, бас сүйегі жоқ болып шықты. Оны қариялар таппаған. Әлгі имансыздар қорымды жаппай сүре берген ғой» деп жауап берген екен.

Түркі халықтарында қошқар ұлылық пен ақыл-парасаттың символы саналады. Осының өзі әулиеге берілген аттың да өз салмағы барын білдірсе керек. Қошқар ата туралы ел ішінде аңыз-әңгімелер көп болғанымен, нақты дерек-дәйектер жоқтың қасы. Оның атымен аталатын елімізде кесенелер мен ауылдардың көптігі сонша, әліге дейін оның нақты қайда жерленгенін ешкім дөп басып айта алмайды. Тек әр өңір, жоғарыда айтқанымыздай, оның өз жерінде қоныстанып, өз өңірінде өмір сүргеніне сенеді. Бәлкім, бұл да әулиенің кезінде елдің түкпір-түкпіріндегі адамдарға шарапатының тигенінің бір дәлелі болса керек. Бүгінде оның мазарының маңынан тоқтап, зиярат ете кететін ел көп. Ал оның атымен аталатын Оңтүстіктегі өзен әлі де болса талай адамды ауруынан айықтырып, талайдың дертіне шипа болар, бәлкім...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter