Ибраһим ата
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ибраһим ата

Ибраһим ата
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Қазақ жеріне ислам дінін таратушы болған Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесін білмейтіндер кемде-кем шығар. Киелі Түркістанның топырағы бұйырған Ясауидің әкесі Ибраһим Атаны ше? Бүгінде XI ғасырдың аяғы мен XII ғасырдың басында Сайрамда өмір сүрген Ибраһим Ата мен оның жары Айшаның мазарын айналып өтпейтіндер аз емес. Ысқақ бабтың 13-ші ұрпағы саналатын ол туралы аңыздар не айтады? Сайрам ауданындағы кесененің бүгінгі хәлі қалай?

Кесене неге қирады?

Сайрамның солтүстік-батысында, Ақсу ауылына баратын жолдың бойында орналасқан күмбез ХVІ-ХVІІ ғасырларға дейін салынған. Көненің көзі саналатын бұл кесененің еденіне де кірпіш төселіп, қабырғасы күйдірілген кірпішпен қаланған. Ал кесене ғимаратының іші цемент қосылған лаймен сыланып, әктеліпті. Кезінде қатты жер сілкінісінің кесірінен күмбезі құлаған кесененің XIX ғасырда шатыры қайта ауыстырылып, қайта жөндеуден өтеді. Төбеде тұрған кесене қасынан өтетін жол 90-жылдары мемлекеттік бюджеттен ақша аударылған соң, 20 метрге бері тарихи күмбез ақ жапырақты қаңылтырмен қапталған. Сондай-ақ, жәдігердін Оңтүстікке қараған кіреберістегі зиярат ететін орынның ағаш жақтаулы терезесі бар.

Қожа Ахметтің жеті жасында көз жұмған

Ескі жазбаларға сенсек, XI ғасырда Сайрамда діни ұстаздар мен ғалымдар көптеп тұрған. Сол бір ислам діні құлашын кеңге жайып тұрған кездегі текті отбасынан туған Ибраһим ата да өз заманында танымал уағызшы, діни көсем болған. Ислам қағидаларын қатаң ұстанып, Құранды, хадистер ілімін терен меңгерген екен. Ол туралы аңыз-әңгімелерге сенсек, оның мұқтаж адамдарға ұдайы қол ұшын созып, балалардың діни сауатын ашқанын, сондай-ақ диқаншылық кәсіппен айналысқанын аңғаруға болады.

Өзі шырақшылықпен шұғылданған жылдары мешіт медресесінде баласын оқытқан. Ибраһим ата өмірмен қош айтысқанда Қожа Ахмет Ясауи небәрі 7 жаста еді. Ал анасы, яғни Ибраһим атаның жары Мұса шайықтың қызы Айшаға кейін ел құрметтеп «Қарашаш ана» деп ат берген. Көріпкелдігімен көпке танылған Қарашаш ананың да бейіті – Сайрамда. Қыз-келіншектерді оқытқан ол Ибраһим ата дүние салғаннан кейін көп ұзамай бақилық болған. Сондай-ақ Түркістанның топырағында Қожа Ахмет Ясауидің қызы, Ибраһим атаның немересі ретінде Гауһар ананың аты жиі аталады. Көп деректер кездесе бермейтін кесенеге жолымыз түскенде, әулие басына келгендердің құдықтан шыққан тастай суды төбесінен құйса, денесіне шыққан жараның «төгіліп түсетінін», ішсе, дертіне шипа болатынын естігенбіз. Жергілікті халық «әулие ана» атап кеткен бейіттің басына әліге дейін жиі барып, құран бағыштап тұратындар баршылық.

Атамқұлов екі күнде су шығарып, Мырзахметов екі ай сайын барған кесене

Естеріңізде болса, өткен жылы Сайрамдағы кесене шырақшысы ата-бабаларға жиі зиярат ететін шенеуніктер туралы айтқан болатын. Сонда «мұнда кім келіп, кім кетпейді» деп сөзін бастаған қарияның байлар мен кедейлердің де, дертіне шипа іздегендер мен тірлігі алға баспағандардың, берекесі кеткендердің келетінін айта келіп, ОҚО-ның экс-әкімі Асқар Мырзахметовтың отбасысымен әр екі ай сайын келіп тұратынын, сол кезде жуырда ғана тағайындалған тағы бір экс-әкім Бейбіт Атамқұловтың да келіп-кетіп, 2 күнде су құбырын тартқызып берген.

Осыған дейін де әулие мен әмбие аралаудың бүгін ғана белең алмағанын, оның сонау батырлар жырынан бастап, бертін келе елге белгілі тұлғалардың да бейіт басына барып, құран бағыштап, тәу етуімен жалғасып келе жатқанын жазғанбыз. Бұл да – соның көрінісі. Бәлкім, білдей-білдей азаматтарымыздың осындай көне орындарға ат ізін салмағанынан гөрі, оқта-текте болса да ат басын бұрып тұрғаны да жөн шығар. Өйткені келешекте Оңтүстік туристік аймаққа айналатын өңір болса, алыстан ат терлетіп келгендерге алдымен ұялмай көрсететін дүниеміздің бірі осы ертеден қалған ескерткіштер болмай ма?! Кезінде Қонаевтың өзі Түркістанға тәу етсе, өткен нөмірімізде Асанәлі Әшімовтың да «Қыз әулиеге» құран бағыштап кеткенін жазған едік. Олай болса, Мырзахметов пен Атамқұловтың ауық-ауық Ибраһим атаның басына барып тұрғанынан астар іздеудің қажеті де шамалы шығар...

Қажетіңді адамнан, әруақтан емес, Алладан сұра

«Қожа Ахмет Ясауидің ата-анасы – Ибраһим ата мен Қарашаш ананың кесенесінде Киелі Құранның «Бақара» сүресінің 255-аяты тасқа қашап жазылған. Бұл аятта «Алланың құзырында Өзінің рұқсатынсыз шапағат жасайтын кім болмақ. Алла олардың алдыңғысын да (дүниедегі), кейінгісін де (қияметте не боларын) біледі. Ал олар Алланың білдіргенінен басқа ештеңені де сезбейді» деген сөздер жазылған. Иә, бұл – Аятул Күрсі. Кесенелер алдында арнайы тасқа қашалып жазылған аяттың мағынасы – қажетіңді адамнан, әруақтан емес, Алладан сұра дегенді меңзеп тұр», – дейді әріптесіміз Үсен Асқаров. Шынында да, бүгінде осыған дейін сансыз баптар мен әулиелер туралы жазған болсақ, қай-қай шырақшы болса да, кесене мен қорымға зиярат етіп келгендердің әулиеден емес, Алладан сұрау керегін айтқанын айтудай-ақ айтып келеміз. Мектеп қабырғасында жүргенінде Сайрамдағы сансыз баптарды аралағанын айтқан танысымыз Мадина да: «Оқушы кезімізде біраз әулиенің басына бардық. Арнайы сынып-сыныппен жинап, апарушы еді ғой. Онда тұрған ешқандай сөкеттік жоқ деп ойлаймын. Қазір уақыт тығыз, жұмысбасты болған соң, жол түскенде бармасаң, кесене аралауға қол да тимейді. Бірақ сол кезде Ибраһим атаның Қожа Ахмет Ясауидің әкесі болғанын, тұрғызылған кесененің кезінде қирап қалып, кейін қайта тұрғызылғанын естідік, әліге дейін білеміз. Сондықтан, меніңше, көзбен көріп, келешек ұрпаққа әулиелерімізді таныта білуіміз керек. Мейлі, алақан жайып, керегімізді сұрамай-ақ қояйық. Мұндай ғимараттардың ғасырдан ғасырға аман жеткенінің өзі табан тоздырып баруға арзиды ғой», – дейді.

Бағбан әкеге жаны ашыған Ахметтің таңғажайып таяғы

Жұпыны өмір сүрген Ибраһим туралы аңыздарда ертеден қара кешке дейін тынбай еңбек ететін оның бар байлығы аядай бақша болғаны айтылады. Сол бір пенденің ұл-қыздары жетілген сайын ризығы азая беріпті, азая беріпті. Бірақ соған қарамастан қарттың балаларын көрсе, көзі нұрланып кетеді екен. Тек ол үлкен ұлы Ахметке қараған сайын жанарынан мұң көретін, оңаша, оқшау жүргенге жаны құмар, тұйықтау перзентіне іштей алаңдайтын. Қайыршылармен тамағын бөлісіп жеп, тірлікке ебі жоқтау болып есейген тұңғышының 15-ке келгенінде бақшаға келіп, шөп жұлып отырған қарт әкесін көріп, қатты қамыққан бала қолындағы ұзын таяғын сермеп кеп жіберіп «Осы бақшада тек қана жемістер өссінші» дегенінде әлі жұлынбаған шөптер үйіле-үйіле қалыпты. Аңтарылып қалған Ибраһим шал осы таңғажайыпты көзімен көрген соң, ұлына Құдай үйіп берген қасиеті барын айтып, Пайғамбардың дегенімен жүру керегін айтып, жөнелтіпті. Содан ұзақ сапарға шыққан ол Қаратауда асасын қадаған жерден бұлақ аққан екен. Әрмен қарай Түркістанға тоқтаған деседі. Иә, осы тектес аңыздарды «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» кітабынан көптеп келтіре беруге болады. Осындайда дана қазақ «ат тұяғын тай басар» демеуші ме еді?! «Ұстаздан шәкірт озар» дегенді де осы тұста бүгінге мәшһүр алғаш әкесі Ибраһим оқытқан Ахметтің атынан аңғаруға болатын сыңайлы.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter