«Қатырған дымың жоқ»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Қатырған дымың жоқ»

«Қатырған дымың жоқ»
  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Ордабасы ауданының әкімі Самат Сапарбаев 1962 жылы 31 желтоқсанда ОҚО, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1985 жылы Шымкенттегі Қазақ химия технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Самат Айдарханұлының 2002 жылы мемлекеттік қызметте жұлдызы жанды деуге болады. Дәл сол жылы өзі туып-өскен ауданы – Сайрамның Қарасу ауылдық округіне әкім болып барады. Әкім болып жүрген жылдардағы еңбегі көптің есінде қалды деп айта алмас-пыз. Себебі, «Сапарбаев мынаны істепті» деген бір деректі құлағымыз шалмаған. 

2006 жылдары қызметі тағы жоғарылап, Сайрам ауданы әкімдігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2009 жылдың қазан айынан бастап аудан әкімінің орынбасары болды. Сөйтіп жүріп тұтастай бір ауданға басшы болып барды. Нақтырақ айтқанда, 2013 жылдың 28 маусымында Ордабасыға қызметін ауыстырды. Бір ауданның билік тізгінін ұстаған екі жарым жылда Сапарбаев мырза халықтың есінде несімен қалды? 116 мыңнан астам тұрғыны бар ауданның бүгінгі тіршілігі қалай? 

Осы сауалдарға жауап іздеп таяуда Темірланға арнайы барып қайттық. Күн сайын мың-сан адамды тасымалдайды ғой деп орталық базар маңына жақындау орналасқан ауданаралық «таксистерге» жақындадық. Айтуларынша, ауданда бірінші кезекте газ, жарық пен жол мәселесі өзекті екен. Соның ішінде Қажымұқан ауылдық округіндегі жағдай қиын көрінеді. Айтылған пікір дәлелді болуы үшін аталған округке де бардық. Жасы 73-тен асқан Үржан әжей айдың күннің аманында ел секілді жарқырап жарыққа қол жеткізе алмаудамыз деп зар илеп отыр. «Кешке қарай жарық қуаты тым төмендеп, немерелерімізден обал болды. Бұлыңғырланып, көз деген ауырып бітті. Бізді мақұл, жасарымызды жасап қойдық, бір күні балаларымыз соқыр болып тынбаса игі»,-дейді әжей. Сондай-ақ, кейуана ауылдық округтегі орталық көшенің тозығы жеткенін тілге тиек етті. Дәл осы ауылдық округке қарасты Найман ауылы, М.Мәметова көшесінің тұрғыны Әбдіқадыр қарияны да электр жарығының тым көмескілігі мазалайды. «Трансформатор сонау Кеңес Үкіметі кезінде пайдалануға берілген. Одан бері қанша жыл өтті. Әбден тозығы жетті ғой. 30-40 үй сол ескі құрылғыға телміріп отырмыз. Жергілікті билікке барғанымызда «мақұл-мақұл» деп құрғақ уәдемен шығарып салады. Осы проблеманы жанын шығарып тұрып жазыңызшы» деп өтінді ақсақал. 

Ал Шұбарсу ауылдық округінде проблема шаш-етектен. Соның ішінде бірінші кезекте көгілдір отын тұрғындарды әбден әбіржітіпті. Одан өзге ауыз суға да зәру болып отырғандар бар. Қалтасы көтергендер суды өз көшелеріне жүргізіп алған. Ал нәпақасын әрең тауып жүргендер суды тасып ішіп жүр. Ол аз дегендей, «Шұбарсуда аурухана мәселесін ертерек шешпесе, әбден қиналдық» дейді тұрғындар. Бүгінде 40 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдық округте бір ғана медициналық тірек елге қызмет көрсетеді. Оның өзінде белі сыздап, аяғы қақсаған, денсаулығы мазалаған халық ұзын-сонар кезек күтіп тұруға мәжбүр. «Емханаға қаралу үшін кейде аудан орталығындағы орталық ауруханаға барамыз. Онда да мәселеміз түгелімен бітпейді. Сонымен қатар кейде құжат рәсімдеуге тура келеді. Жарты сағаттай Темірланға ат арылтып барып жүрміз. Бір күнде рәсімдеу жұмыстары бітсе бір сәрі. Кейде бірнеше күн Темірлан мен Шұбарсу аралығында табан тоздыруға мәжбүрміз. Ал екі ауылдан орталыққа барып келу үшін 500 теңге кетеді» деп ашынды шұбарсулық тұрғын Айнұр есімді келіншек. Бұл округтің халқы биліктегілер жұртшылықты қинамай, Шымкентке өткізіп жіберсе, мұнша қиналмас едік деп отыр. «Темірланға барғаннан, Шымкентке бару жақын әрі бағасы арзан» дейді олар. 

Мектеп тапшылығы да оқушыларды әбден әбігерге салыпты. «Бір кабинетте сығылысып отырып, үш ауысымда оқитын балаларымызда білім қайдан болсын?» деп алаңдайды тұрғындар. Мектеп мәселесі тек Шұбарсу ауылдық округінде емес, аудан орталығы Темірланда да толығымен шешілмеген. Айтпақшы, Ордабасыға барғанымызда тұрғындардың аудан әкімі туралы пікірлерін білмек болдық. Бір қызығы, сауалнамаға қатысқан оннан астам адамның тек біреуі ғана аудан басшысы кім екенін біледі екен. «Әкіміміз Самат Сапарбаевты жұмыс жасап жатыр дейді ғой. Бірақ, жеке өзім «мынау ісін көрдім» деп кесіп айта алмаймын. Бірақ әкім болып келгенде белсенді болған деседі жұрт», – деді есімін айтқысы келмеген тұрғын. Ал Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындары әкімін танымақ түгілі, есімін де білмейтін болып шықты. Шұбарсулықтардың да біразы аудан басшысын танымайды. Орталықтағы Темірлан тұрғындары екі жарым жылда Сапарбаевтың атқарған жұмысын естеріне түсіре алмады. Ал енді бірі жолдардың жөнделгенін, кіре-беріске арка орнатылғанын айтса, орталық базардан күнін көріп отырған саудагер «Бұрынғы әкіміміз жақсы еді. Анда-санда аралап, жағдайды бақылап отыратын. Бес жылдан бері базарда сатушы болып отырамын. Әкімді әлі көрмеппін. Тіпті танымаймын да», - деді. 

Бұл біздің емес, халықтың пікірі. Халық қашанда бәрін бақылап отырады. Айтпақшы, биыл алғашқы жартыжылдықта Самат Сапарбаевтың атқарған жұмыстары туралы облыс әкіміне берген есебі төңірегінде біраз жағымсыз әңгімелерді естідік. Бұл есеп беруге неге екені белгісіз, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылмаған болатын. Бірақ, ел арасында сөз жатады дейсіз бе? Сол жиынға қатысқандардың бірі болған мән-жайды журналистерге жайып салғанға ұқсайды. Қысқасы, Самат Сапарбаев сол кездегі аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің алдында басы салбырап, сұрақтарына жауап таба алмай, әбден қиналған. Қол астындағы қызметкерінің атқарған жұмысын тыңдаған Мырзахметовтің көңілі толмағаны соншалық, «қатырған дымың жоқ» деп қатаң сынға алыпты. Ол ол ма, Ордабасыда пара алғыш шенеуніктер қатары азаяр емес. Анау-мынау емес, ауыл әкімдері ақша көріп, жолынан тайған. 

Бұйыртса, 31 желтоқсан күні 53 жасқа толатын әкімді жергілікті тұрғындардың кейбірі қызметінен әне-міне кетеді деп жүр екен. Соңғы уақытта көңіл күйі болыңқырамай жүрген әкім әзірге жаңа қызметін қарастыра қоймапты дейді ұзынқұлақ. Бірақ, темірландықтардың біразы Сапарбаевтың орнына «замдарының» біреуі отырады деп жүр. Мұндай әңгіменің желдей есіп тұрғанына қарағанда ордабасылықтар онша танымайтын әкімдерінен жалығып, орнына жергілікті біреу отырса екен деп жүр-ау...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Улдан
0 Улдан 26.12.2015 12:06
Ойййй, иттин ишине май жакпас. Кай акимин сагынып жур екен,кане сол сойлескен тургындарын. Темирланнын корки кирип, аудан орталыгына уксаганы енди шыгар.осы акимнин тусында. Казактын осынысы неси ей,балактан тартып. Халыкка жакын болса,менсинбей занкойланып шыга келетини. Робот сиакты, бетине кулки уйирилмейтин, ашуланган кейипке енип тук битирмей ешкимди менсинбей журетин акимдерде отти сол орыннан,сол кезде сол тургындар бугыыыып жатты емес пе,кайда журди.... биреу айтактатты екен деп Шам алып изине тусуин кашан догарады екен , ар жерден шауилдеген дыбысты термей, зерттеп барып жазындар журналист атын алгандар. Карап отсам мына сайт Кошербаевка да шуйлигипти гой ... жанашыр деген акимдерди андитын сайт ау. Бул менин жеке пикирим.
Жауап беру
Сайлаубек Темірлан
0 Сайлаубек Темірлан 26.12.2015 19:31
Қатындарға құмартып, демалыс болса ішіп алып қатын жағалап кетеді екен деп естіп жүрмін. Әкім болған алғашқы кезде бірдеңелер істесе істеген шығар, содан кейін қатырған дымы жоқ. Найманауылдың кішкентай ғана ауылының светін дұрыстап бере алмаған сол бәтшағардың несін мақтайсыңдар а?
Жауап беру
ОРАЗБЕК
0 ОРАЗБЕК 07.01.2016 12:22
Ия арақ ішіп, қатын құмар боп кеткенін мен де естіп журм. Осы бір былжыраған сорлыны несіне әкім қылып отыр екен а? Облысқа жаңа әкім келсе де кетірмейді екен. Мырзахметовке взятканы молынан берген ау соған қарағанда...
Жауап беру
Мадина
0 Мадина 08.01.2016 14:50
Бұл әкім әлі орнында отыр ма не? Кетеді дегені қашаааан еді. Ақшасы көп-ау, қазіргі ЮКО әкімін де майлап қойған шығар аузын.
Жауап беру
Өмір ағай
0 Өмір ағай 09.01.2016 08:30
Мардан Сапарбаевтың туысы ма ?
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter