«Бізге базар жақын»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Бізге базар жақын»

«Бізге базар жақын»
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Қоғамдық көлік іші астаң-кестең. Кеш – елдің жұмыстан шығып, үйлеріне қарай асығатын уақыты. Анасының тізесін құшақтап тұрған кішкентай қыз кенеттен: «Мама, біз кедейміз бе?»-деді.

Аяқасты қойған сұраққа тосырқап қалған шешесі: «Оны қайдан шығардың»,-деп қабағын түйіп, қатулана жауап берді. «Айдана көйлекті дүкеннен алыпты, мен киімімді ылғи базардан аламын ғой. Біз неге ол жаққа бармаймыз? Онда сонша бәрі қымбат па?»-деді. «Жоқ, жәй бізге базар жақын. Келесі жолы дүкенге апарам»,-деп құтылды әйел қызарақтап. 

Ақсүйектер мен қарапайым халық деген ұғым бұрыннан болған, бай баласы мен кедейдің баласы деген сөздер де сонау заманнан бертін бар. Кім-кімнің де өз тапқанын қалай жұмсау мәселесі өз еркінде. Әйткенмен, ел тамағын алып жеп отырған базарлардағы азық-түліктің бағасы мен дүкен мен дүңгіршектердегі азықтың, базардағы қолжетімді киім-кешек пен дүкендегі киімдердің сомасының арасы жер мен көктейлігін көріп те, естіп те, оқып та жүрміз. Шынымен, қазір дүкендерден құстың сүтінен өзгенің бәрін табуға болады. Қалталылардың ақшаны судай шашуы, ал қарапайым халықтың дүңгіршектерге бас сұғуға жүрексінуі осыдан болса керек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter