Ғасыр індетінің ізі әлі күнге сайрап жатыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ғасыр індетінің ізі әлі күнге сайрап жатыр

Ғасыр індетінің ізі әлі күнге сайрап жатыр
  • Алтыншаш Пазылбекова

Осыдан біраз жыл бұрын Оңтүстіктің аты бүкіл әлемге танылған-тұғын. Аузынан ана сүтінің дәмі кетпеген қаншама бала-бүлдіршіндер ғасыр дертіне шалдығып, елді кәдімгідей шулатқаны әлі естен шыға қойған жоқ. Бұл қасірет қалай ұмытылсын, қаншама бала туылмай жатып аты жаман ауруға шалдықты емес пе? Бала-бауырының болашақ тағдырын ойлап, жүрегі қан жылаған ата-аналардың сол сәттегі бастан кешкен азабын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сол кездері ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалардың саны күн санап көбейе берді. Адамдар бір-біріне үрке қарайтындай хәлге жетті. Туылмай жатып тағдырдан таяқ жейтіндей жас сәбилердің еш жазығы жоқ еді...

Бүкіл елді шулатқан індет жайлы сол сәттерде әртүрлі қауесеттер де желдей есіп жатты. Ата-аналар жағы ауру жұқтырған балаларының болашағын ойлап, бас қатырып жатса, медицина қызметкерлері жауапқа тартылып кетеміз бе деген қауіп үстінде жүргені де рас. Жел сөзге жақын жүретін тағы біреулер балалардың жаппай жаман дерт жұқтыруының астынан саясат іздеп әуреге түсті. Кім білсін, «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дегендей, белгілі бір дәрежеде бұл айтылғандар да ақиқат ауылынан алыс жатпаған шығар...

Осы аптада ғана СПИД-ке қарсы күрестің дүниежүзілік күні өтті. Бірақ, 1-желтоқсан бізде Тұңғыш Президент күні болғандықтан жұрт жаппай осы мерекені атап өтті де, ғасыр індетіне қарсы күрес сол мерекенің көлеңкесінде қалып қойғандай болды. Әрине, Елбасымыздың өзі айтқандай саламатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ өсіре білсек еліміздің ертеңі жарқын болары сөзсіз. 

Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын жасағанды жөн көретін дана халқымыздың әлімсақтан қалыптасқан берік қағидасын ұстанып, түрлі ауру-індеттердің алдын алуға әрекет жасап баққанның артықтығы болмас. Үгіт-насихат жұмыстары мен түрлі мақалалар да осы әрекеттердің бірі болып саналады. Сол себепті бүгінгі СПИД-ке қарсы күрес күнін негізге алған біздер бұл тақырыпқа қайта айналып отырған жайымыз бар. Бірақ, өкінішке қарай ғасыр індетінің тырнағы батқан балалардің бүгінгі жай-күйі, тағдыры қалай болғаны жайлы мәлімет жоқтың қасы. Есесіне интернет желілерінде осы тақырыпқа байланысты ескі мақалалар өріп жүр. 

Жалпы, бұл аурудың біздің елге келгеніне 30 жылға жуықтап қалды. Шетелдік студент әкелген бұл дерт сол жылдан бері елімізге жаппай тарап, бүгінде ең маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Содан бергі 28 жыл бойы дәрігерлер қауіпті дерттің сырын ақтарғанымен, әлі күнге дейін оны толық емдеп-сауықтырудың қырын таппай келеді. Дейтұрғанымызбен, аждаһа дертті ауыздықтаудың алғышарттары – антиретровирустық терапия кең көлемде жүргізіліп келеді. Жыл сайын желтоқсан айының басында Дүниежүзінің дәрігерлері СПИД, өз тілімізбен айтсақ Жұқпалы иммунитет тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес күнін атап өтіп, оның алдын-алу, емдеу-сауықтыру ісіндегі әлемдік тың ізденістері мен іс-тәжірибелерін ортаға салады. Халыққа аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау тәсілдерін түсіндіреді. 

2006 жылы ВИЧ инфекциясын жұқтырып алған 220 баланың 11-і сол кезде-ақ көз жұмғанын білесіздер. Екі бала басқа облысқа көшіп кетті, біреуін шетелдік азаматтар асырап алды. Екі сәбиді балалар үйіне тапсырған. Мамандардың айтуынша, «дәрігерлер ісі» бойынша 21 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Медицина саласының 16 қызметкері 2-8 жыл аралығында бас бостандықтарынан айырылды, 5 адам шартты түрде жазаланды. Сол кезде жәбірленуші жақ бұл үкімнің тым жұмсақ екенін айтып шағымданған. Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларды СПИД-тен қорғау қорының президенті Жаннета Жазықбаеваның айтуынша, кейіннен бұл іс қоғам назарынан мүлде тыс қалған. «Бостандыққа ертерек шығып, фамилияларын өзгерткен дәрігерлер де Шымкенттегі ВИЧ жұқтыру оқиғасының түпкілікті себебі де жұртшылыққа әлі күнге дейін белгісіз, - дейді ол. Мамандардың айтуынша, түпкілікті қорытынды жасалған жоқ. Ресми түрде вирустың қоздырғыш көзі табылған жоқ. Жалпы болжам бойынша, оған аурухана ішіндегі тәртіптердің сақталмауы түрткі болған...

Азаттық тілшісі «дәрігерлер ісіне» байланысты сотталған, қазір бұрынғы қызметін істеп жүрген азаматтардың біріне хабарласқан еді. Бірақ ол 5 жыл бұрынғы оқиғаның егжей-тегжейін еске алудан, қазіргі кәсібін сөз етуден бас тартқан екен. Әрине, өткенді қайта қопарып, қасірет шеккен жандардың жарасын қайта қозғау кімге болса да оңай емес. Тек алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің жолы кесіліп, балаларымыз белгілі-белгісіз аурулардан аман болса екен дейсің. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter