Ақмешітке құрт ауруы қауіп төндіріп тұр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақмешітке құрт ауруы қауіп төндіріп тұр

Ақмешітке құрт ауруы қауіп төндіріп тұр
  • Әділ АЙТАР

Қызылорда қаласында туберкулезге шалдыққандарды емдейтін екі диспансер бар. Бірі шаһардан қашық, келесісі керісінше. Тура орталықта. Тасбөгет кентінде. Тұрғын үйлердің тап ортасында орналасқан. Аурухана мен тұрғын үйлердің арасын бірнеше метр жер бөліп тұр.

Оның үстіне емдеу орнына апаратын жол көпқабатты үйлердің ауласымен өтеді. Бұрын мектеп-интернаттың ғимараты саналған бұл маңға аталмыш емдеу мекемесі 2000 жылы көшіп келген екен. Қазір мұнда дертіне шипа іздеп жатқандардың көпшілігі – өкпе ауруының ашық түріне шалдыққандар. Бұл төңіректегі тұрғындардың зәре-құтын ұшыратыны да – осы. Дүйім жұрт, әсересе, сырқат жандардың сыртта емін-еркін жүретініне алаңдайды. Бала-шағасының денсаулығын ойлаған тасбөгеттіктердің бұған бас қатырып жүргеніне бірталай жыл болды. Бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Арыз-шағымдарын жазып, талай табалдырықты тоздырды. Өкінішке қарай, талаптарына пысқырып та қараған ешкім табылмапты. Жауаптылар «Көшіреміз, көшіреміз...» деген шығарыпсалма жауаптан әріге бармайды екен. «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасынның» кері.

Жергілікті халықтың сөзіне сенсек, диспансер ауруларды қадағаламайтын көрінеді. «Жұқпалы ауруға шалдыққан науқастар аурухана аумағынан кез келген уақытта аяқты алшаң басып шығып, үй аулаларында демалып жүреді. Тіпті көшеде бетпердесіз ерсілі-қарсылы серуенге шығуды әдетке айналдырған. Олар керекті азық-түліктерін де осындағы дүкеннен саудалайды. «Құрт ауруы» бала-шағамызға жұға ма» деген үрей бірнеше жылдан бері маза бермей келеді. Ал, дәрігерлер «қазақбайшылыққа» салынып, науқастарды оқшаулауды оғаш көреді» деп ашынады олар.

Шынын айту керек, туберкулезді жұқтыру – оңайдың оңайы. Ал, құтылу ше? Азап. Мұны ойланған кім бар? Әкімдіктегілер ме? Дәрігерлер ме? Әй, қайдам! Шенділер ойланса, бұл түйткілді бір жүйеге келтіріп, біраз тірлікті реттер еді. Ақ желеңділер ойланса, науқастарға көпшілік ортада жүруіне болмайтындығын, өкпе ауруының қауіпті екендігін түсіндірер еді. Тым құрығанда.

Диспансердің ел-жұрт қоныстанған жерден жыраққа көшірілгенін тек тасбөгеттіктер ғана емес, күллі қызылордалықтар қалайды. Себебі, қалаішілік №18 бағыттағы қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы – сол медициналық нысанның жанында. Ал, қоғамдық көлікке науқастың өзі де, оның көңілін сұрауға барған туыстары да мінетінін дәлелдеудің қажеті жоқ.

Бір қызығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар «Диспансер үнемі біздің қадағалауымызда тұр. Ғимарат есіктері ылғи жабық болады. Сол себепті науқастардың бейберекет сыртта жүруі мүмкін емес. Көшеге шықпайды» деп таңғалдырды. Сонда тұрғындардың өтірікші болғаны ма? Біздіңше, «халық айтса, қалт айтпайтынын», сондай-ақ «ауруын жасырған арам өлетінін» басқарма басшысы Ақмарал Әлназарова білсе керек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter