Қымбатшылықты қолдан жасап жатқандармен күресті күшейтпесе болмайды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қымбатшылықты қолдан жасап жатқандармен күресті күшейтпесе болмайды

Қымбатшылықты қолдан жасап жатқандармен күресті күшейтпесе болмайды
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Таяуда болған бір жиында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бағаның бақылаусыз кеткенін айтып, мәселе көтерді. Базардағы нарықтың асау аттай мойнына құрық салдырмай кеткенін коммуналдық қызметтердің көтерілуінің кесірінен деп топшылаған Премьер-министр газ, су, электр энергиясын қымбаттатпау туралы қатаң тапсырма берді. Әншейінде жоғарыдан айтылған сөзді іліп алып, алаулатып әкететін шенеуніктер бұл жолы неге екенін Мәсімов көтерген мәселеге миығынан күлгендей болып отыра берді. Содан шығар, Үкімет басшысының тәп-тәуір тапсырмасы Министрлер үйінен шықпай жатып-ақ үні өшті. Есесіне, баға бәз-баяғыша өзінің алған бетімен ауа жайылып өсіп барады. 

Әрине, бұл жерде біздің экономикамыз нарықтық қоғамда дамып келе жатқанын да жоққа шығаруға болмас. Ал, нарықтық қоғамда баға сұранысқа қарай қалыптасып отыратынын түсіну қиын емес. Бірақ, нарық заңдылығы солай екен деп елді басиесіз қалдыруға болмайды. Қай уақытта да қараша халықтың әлеуметтік материалдық жағ-дайы ескеріліп, бағаны мемлекет өз бақылауында ұстап отыратын болған. Осы тұрғыдан келгенде, біздегі  бағалардың өсуін бақылайтын Табиғи монополияны реттеу агенттігі өз міндетін тиісті деңгейде атқаруды ұмытқан тәрізді. Бір жарым жылдан бері еліміздегі монополистік тұлғалар азық-түлік пен тұрмыста қолданылатын заттардың баға-сын ай сайын еш кедергісіз өсіріп отырғандығын баспасөз беттеріндегі есептерден байқауға болады. Электр энергиясы, су, газ және жылыту бағаларының да соңғы жарты жылдың ішінде екі рет өсірілгені белгілі. Бағаның бұлайша көтерілуі заңдылыққа еш сыйыспайтынын, ол тек монополистердің пайдасын өсіру үшін ғана істеліп жатқандығын білікті экономистер айтып жүр. Бірақ олардың пікірін ескеріп жатқан пенде жоқ. Әрине, мүлдем жоқ деп кесімді пікір айтуға да болмас, өйткені Кәрім Мәсімов те бағадағы бассыздықты бекерге көтеріп жатқан жоқ. Бірақ оны тыңдап жатқан кім бар дейсіз?! Осы тыңдамаудың салдарынан біздегі кейбір кәсіпкерлер мен монополисттер ақшаны күреп тауып, қарапайым халық мәдениетті түрде оларға тоналумен келеді.

Ақиқат салыстырғанда айтылады. Қазақстан азық-түлігі мен дәрі-дәрмегі және тұрмыстық заттары ең қымбат елдердің қатарында екен. Өйткені, бұ-лардың бәрі елімізге шекара асып келеді. Дәлірек айтсақ, Қазақстанға азық-түліктің 80 пайызы, дәрілердің 85 пайызы, тұрмыстық заттардың 90 пайызы сырттан әкелінеді. Өзі тасымалданатын тауарға кеден салығы мен жеткізілу құнын қоссаңыз, қымбатшылықтың қалай орын алатыны өз-өзінен түсінікті болып шыға келеді. Бірақ, бір қызығы тауары қымбат елде жұмысшылардың алатын айлығы аз. Тағы да салыстырмалы түрде сөйлейік, қымбат тауарды тұтынуға мәжбүр болып отырғандар біздегі мемлекеттік қызметкерлердің төменгі буыны, жұмысшылар, зейнеткелер, былайша айтқанда, қарапайым халық. Ал, олардың айлық табысы еуропалықтардан бес-алты есе, ресейліктерден екі есе төмен. Былайғы уақытта дамыған елдерді мысалға алып жататынымыз бар. Соларға қарап бой түзегіміз келетіні бар екен, ендеше неге нарықты халықтың ырқына қарай икемдеуге келгенде олардан үлгі алмаймыз? Бұл мәселені әлемдік деңгейде қарастыратын болсақ, Еуропаның дамыған барлық елдерінде хал-қының қарапайым бөлігінің әлеуметтік материалдық жағдайы өте  жақсы қамтамасыз етілген. Яғни, олар-дың  айлық еңбек табысы  айлық азық-түлігін, тұрғын үй төле-мін және басқа да тұрмыстық қажеттілігін толық өтеуі есептелген. Тіпті кейбір дамыған елдерде байлар мен қарапайым еңбек адамдарының табыстарының  айырмашылығын азайту үшін саяси және эконо-микалық қадамдарға баруда. Ал, бізде бәрі керісінше, орташа еңбек адамының  айлық табысы отбасының азық-түлі-гін қамтамасыз етейін десе, үйлерінің жылуы мен жарығына ақшасы жетпей жатады. Балаларын оқытуды былай қойғанда, киімдерін алып берудің өзі мұңға айналған. Сон-дықтан, азық-түліктің, тұрмыста қолданылатын басқа да заттардың бағаларының  апта сайын, ай сайын өсуіне негізсіз жол беріп,  «Біз капиталистік қоғамға өтіп бара жатырмыз, мемлекетке иек артуды  қойыңдар» деп халықтың екі бүйірінен қыса берудің жөні жоқ.

Біздің қазақ «Жұт жеті ағайынды» дейді. Бүгінгі қымбат-шылықты сол жеті ағайынды жұттың біріне жатқызуға болады. Өйткені қызылкеңірдектен алатын қымбатшылық ас атасы наннан бастап, барлық тауарларда, тіпті қызмет түрлерінде де байқалады. Тұрғын үй салу, пәтер жалдау құны қымбаттаған сайын адамдардың баспаналы болу арманы да алыстап кетті. Бүгінгі күні құрылыс материалдарының құны екі-үш есе өскен. Соның салдарынан еліміздің үлкен қалаларындағы үйлер мен  пәтерлердің құны шетелдің мегаполистеріндегі үйлер мен пәтерлердің бағасына теңесіп, кейде асып кетеді. Жалпы, Еуропадағы көптеген елдердегі үйлердің бағасы біздегіден көп арзан. Таяуда бір отандасымыз Францияға барып, бар болғаны 7 мың АҚШ долларына үлкен үй алғаны туралы баспасөз беттерінде айтылды. Сондай ақ, Мексикада барлығы үш мың долларға  үйдің тұтас сыртқы құрылымын фундаментке бір-ақ күнде отырғызып береді екен. Курортымен аңыз болған Болгарияда үйдің құны бізден екі-үш есе арзан көрінеді. Ал, біздегі, яғни Қазақстандағы үлкен қалалардағы үйлердің бағасының шарықтап кеткені сонша оны сатып алуға анау-мынау адамның қалтасы көтере бермейді.

Жалпы, соңғы кезде шетелге қарай қоныс аударып кетіп жатқандар жайлы да жиі айтыла бастады. Қымбатшылық пен қолайсыз өмірден қашып кетіп жатқандар да жоқ емес шығар, бірақ қолдан жасалған қиыншылықтың себеп-салда-рымен күресудің орнына Отанын тастап кетіп жатқандардың бұл әрекеті нағыз опасыздық емес пе? Ендеше асты-үсті байлыққа тұнған елде қолдан қымбатшылық жасап жатқандармен күресу керек. Мәсімовтың меңзеп отырғаны да, міне, осы болса керек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter