Жұмыспен қамту орталықтары не бітіреді?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жұмыспен қамту орталықтары не бітіреді?

  • Айдын СӘТЖАН

Ресми дерек елімізде жұмыссыздық деңгейі біршама азайғанын айтады. Алайда, жұмыс істеуге қабілетті жастардың барлығы бірдей екі қолға бір күрек тапты десек, мұнымыз шындыққа жанаспайды. Өйткені жұмыссыздық мәселесі – әлі күнге елдің ең басты проблемаларының бірі.

Рас, елдегі жұмыссыздықты жою үшін үкімет тарапынан түрлі бастамалар қолға алынып жатыр. Соның бірі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы болса, мұның өзі саладағы мәселені түбегейлі шешуге дәрменсіз болып тұр. Осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі сынақ мерзімі біткенге дейін салпақтап жүріп, кейіннен керексіз кадр болып қала береді екен. Оның бір себебі, сауатсыз маман даярлайтын сапасыз оқу орындарында жатса керек. Өзінің аты-жөнін айтудан бас тартқан жас маман бес жыл бойы алған білімі бойынша жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады. «Мен өзіміздегі жоғары оқу орындарының бірін экономист мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Диплом алған жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастым. Әрине, алты айға келісімшартқа отырдым. Мекеменің жеңіл-желпі жұмыстарына жегілген мен өз мамандығым бойынша жарытып жұмыс та істемедім. Сөйтіп жүргенде тұрмысқа шығып, бірер жыл үйде отыруға тура келді. Енді жұмысқа шығайын десем, мекеме тәжірибенің болғанын қалайды. Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелмекші болғанымда, ондағылар балам үш жасқа толмай, жұмыссыз ретінде тіркеле алмайтынымды айтты. Қазіргі кезде өзім де, жолдасым да жұмыссыз. Жас отбасымыз, екі баламыз бар. Тұрақты жұмысқа орналасқымыз келеді. Ауылда жұмыс жоқ. Қалаға барайық десек, үй жоқ».

Қолында табақтай дипломы бар тағы бір жас маман бүгінде қара жұмысқа жегіліп жүргенін айтады. «Ауылда жекелеген адамдардың құрылыс жұмысына жалданып жүрмін, - дейді өзін Айбол деп таныстырған жас маман. - Қалаға барайын десек, ол жердегілердің де қарық болып жатқаны шамалы. Жұмыс болса, тұратын үй табу қиын. Үй жалдап тұрсаң, тапқан тиыныңды соған бересің. Әкем біраз жыл бұрын дүние салды. Үйдің үлкені ретінде артымнан ерген бауырларымды аяққа тұрғызу – менің міндетім. Алайда, ыңғайлы жұмыс болмай тұр».

Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына көңілі толмайтындар да жетіп артылады. «Мұндай орталықтар жұмыссыз болып тіркелгендерді бір мекемелерге қағаз жүзінде жібергенсіп, сол мекемелермен ақшаны бөлісіп отырады екен» дейтін қауесетті де құлағымыз талай шалған. Ол аздай, өзі жұмыссыз, қалтасында ақшасы жоқ адам жұмыссыз ретінде тіркелейін десе, сол тіркегені үшін ақша талап ететін орталықтардың бар екенін де талай естігенбіз. Тіпті мұндай орталықтардың кейбіреулері қызмет орындарын бизнес көзіне айналдырып, енді бірі интерполдың іздеуінде жүрген біреулерді де жұмыссыз ретінде тіркеп жіберген көрінеді. Ал Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы келгелі осы мекемедегі талай қызметкер жұмысынан кетіп қалыпты. Және бірталай адам жұмысқа кірген. Енді не істеу керек? Ендігі жерде жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын қатаң қадағалауға алып, жұмыстарын жиі тексеріп, мемлекеттің қаржысының босқа шашылмауын, арам жолмен шенеуніктердің қалталарына кетпеуін қамтамасыз еткен жөн. Бұл істі дереу қолға алмаса болмайды. Себебі жоғарыдағы әңгімелер ел аузындағы сөз болғанымен, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны екі бастан белгілі.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter