Бейғам болмайықшы
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бейғам болмайықшы

Бейғам болмайықшы
  • С.Қасымов

Біздегі болып жатқан ақпараттардың көптігі соншалық, бара-бара жантүршігерлік жайттарға да селт етпейтін болып алғанбыз ба? Әйтпесе, Таразда өзін-өзі өртеп жіберген жігіттің, оның алдында бесінші қабаттан қос сәбиін лақтырып, артынша өзі секірген келіншектің, тағы бірде өзіне тапанша кезеп қол жұмсаған депутаттың қайғылы өлімі қоғамды бей-жай қалдыратын нәрсе емес. Естіп-білгенге төбе шашың тік тұратын, жаның шырылдайтын ахуал, бұл қоғамға ескертіп жатқан дабыл секілді...

Кешегі күні «Нұр Отанның» қақ алдына барып, отқа оранған бейбақты нашақор дедік. Хош. Бесінші қабаттан баласын лақтырғанды теріс ағымнан көрдік. Депуттаттан саяси астар іздедік. Ал, енді осылай тұрмыс тауқыметі екен, күйзеліске түсіпті, басын тау мен тасқа ұрыпты деп қол қусырып отыра береміз бе? Біздің қоғамда ел болып, мемлекет болып, мұндай оқиғалардың алдын алатын, лажы болса болдырмауға күш салатын амал-әрекет жоқ па?! Неге біз тек болып өткен қылмыс мен қателіктердің орнын толтырумен, оны ашып, қатаң жаза көрумен ғана шектелеміз?

«Туған әкесі бес жасар перзентін пышақтап өлтірген безбүйрек қоғамда өмір сүріп жатырмыз» деп жайбарақаттық танытпай, неге біз мұны қоғамның нағыз ащы мәселесі деп қарап, адуынды алып шыға алмаймыз? Біз өзіміз өмір сүріп отырған ортадан тысқары салқынқанды қала алмаймыз! Біздің айналамызды туыстарымыз, бауырларымыз, әріптестеріміз, таныстарымыз қоршап жүрген болса, олардың басына түскен хәлге қаннен-қаперсіз қарай алмайтынымыз секілді, көпшіліктің арасында болып жатқан жағдайға «айдалада жүрген біреу» деп қолды сілтеп, селқостық танытуға келмейді. Болашағымызға енжарлықпен қарай алмайтынымыз сынды, бұл да назар аударып, шара қолданатын өзекті тақырып. Өйткені, бәріміз бір кеменің, бір қоғамның ішіндеміз. Әлгіндегі қасіретті тағдырға тап болып жүрген

өз қандас бауырларымыз, өз қазағымыз. Аз қазақтың азабын шешудің қамын ойлап, оның жан даусын, жанайқайын ести алуға тиіс жол табуымыз керек.

Билік өкілдері мұндай оқиғаларды «БАҚ-тағы ақпараттар» немесе құқық қорғау органдарының кезекті мәліметі, есебі деп қарамай, қалайда әлеуметтік мәселенің түйінін шешуге барса, қанекИ! Соңғы жылдары басқармаларға қарасты түрлі орталықтар көптеп ашылып жатыр. «Ақпараттық оңалту орталығы» бар, бұл дәрігерлердің салғырттығынан «ВИЧ-ке» шалдыққан сәбилер мен олардың аналары қысылмай келіп емделетін орын болып қалды. Ал, енді күйзеліске ұшырап, тығырықтан жол таппай, қайда барарын, кімге мұң шағып шағымданатынын білмеген, зорлық-зомбылықтың ықпалында қалғандарға, заңнан хабары да, сауаты да жоқ тұрғындарға көмек, не бағыт-бағдар беретін, кәсіби тұрғыдан кеңес беретін орталық ашылса оңды қадам болар еді. Жанын құрбандыққа шалғандар, өзіне қол жұмсағандар аяқ астынан осыған бара қалған жоқ, бәлкім, ұзақты күндер, айлар, тіпті жылдар бойы жан азабымен арпалысып, ақыры тұйықтан шығар жол таппай, ауырлықты осылай жеңуге бекіген болар?

Қалайда мұндай адамдар ішкі күйзелістердің сатылы процесстерін бастан өткергендер ғой. Оның шарықтау шегіне жетпей тұрып, өзіне қол жұмсауына ұрынбай көмек беруге, алдын-алуға, тізгіндеуге қарекет жасайық. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter