Нұрлан Байғұт, ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Облыстық маңызы бар жолдардың 63,1 пайызы қанағаттанарлық жағдайда»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Нұрлан Байғұт, ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Облыстық маңызы бар жолдардың 63,1 пайызы қанағаттанарлық жағдайда»

Нұрлан Байғұт, ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Облыстық маңызы бар жолдардың 63,1 пайызы қанағаттанарлық жағдайда»
  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

– Нұрлан Мархабатұлы, жаңа қызметіңіз құтты болсын деп әңгімемізді қайта құрылған басқарманың бүгінгі тіршілігінен бастасам деп отырмын. Дәл қазіргі таңда басқармада нендей шаруалар атқарылып жатыр?

– Рахмет, мен қызметке кірісе сала, өңірдегі барлық жолдардың атауларын жіктеп, арнайы карта түздім. Онда жолдардың жалпы жай-күйі туралы мәлімет бар. 

Негізінен біздің басқарма қазіргі таңда басты назарды «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жолына аударып отыр. Әрине, бұл көлік дәлізі халықаралық жол болғандықтан, республикаға қарасты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес басқармадағылар құрылыстың басы-қасында жүр. Жақында ғана облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бірге нысан құрылысымен танысып қайттық. Тек қана халықаралық жолды емес, облыстағы ахуалды да анықтадық. Осы ретте айта кетейін, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы бойынша біздің облыста үш бағыттан тұратын ұзындығы 420 шақырымдық жол құрылысы жүргізілуде. Алғашқысы – 234 шақырымды құрайтын Шымкент-Қызылорда бағыты. Онда жұмыстардың 95 пайызы Шымкент-Ташкент бағыты бойынша 101 шақырымдық жол төселу көзделсе, Шымкент-Тараз бағытында 85 шақырымдық жол салу көзделген. Қазіргі таңда ондағы құрылыстың 80 пайызы жүргізіліп қойды. 

– Аралап шықтық деп қалдыңыз, жолдардың ахуалы қандай екен?

– Біз жылына екі рет, көктем және күз мезгілінде тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Оны тек басқарманың мамандары ғана емес, аудан әкімдіктерінің, сонымен қатар жол патрульдік полициясы қызметкерлерінен құрылған жұмысшы топ жүзеге асырады. Жолдардың жағдайы анықталған соң қорытындыны «ҚазАвтоЖол» мекемесіндегілер береді. Былтырғы жылдың күзінде жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша облыстық маңызы бар жолдардың 63,1 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда екені белгілі болды. Биыл бұл көрсеткішті 64 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Ал көктемгі тексеру шаралары 15 сәуірге дейін жалғасады.

– Облыста жалпы неше шақырым жол бар?

– Облыс бойынша 20 892 шақырымды құрайтын автомобиль жолы бар. Оның 4 330 шақырымы – облыстық маңызға ие. 2015 жылы өңірдегі 49 нысанның құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 15,1 млрд теңге жұмсалған болатын. Биыл 24,7 млрд теңге қаралды. Демек, қаржы артқан сайын құрылыс саны артатыны да белгілі. Айта кетейін, биыл Арыс қаласына кіреберіс жолдағы апатты жағдайда тұрған қос көпір жөндеуден өтеді. Одан өзге де жұмыстардың жоспары түзіліп қойған. 

– Шымкенттен Қазығұрт, Сарыағаш бағыты көлік ең көп жүретін жолдардың бірі. Жолаушының да, жүргізушінің де бүгінгі басты сұрағы осыған келіп тіреледі. Айтыңызшы, ондағы құрылыс қашан аяқталады?

– Бұл – «Шымкент-Ташкент» бағытындағы республикалық маңызы бар жол. Бүгінде ондағы құрылыс жұмыстарын үш мердігер компания жүргізуде. Жол ұзындығы – 101 шақырым. Қазығұрт асуын қосқанға дейінгі жол биыл шілде айында аяқталады. Жоспарға сай жылдың соңына дейін ол трассаның бір жолақ беті толықтай іске қосылады. 

– Ал Шымкенттен Сайрамға қарай шығатын жолдың құрылысы қашан бітеді? Бұл да талай жолаушыны әуре-сарсаңға салып біткен мәселе...

– Ол нысанның құрылысы о баста жол көлемін кеңейту мақсатында қолға алынған. Бұған дейін трассаның ені шамамен 12 метр болатын. Бұл, өздеріңіз білесіздер, аудан мен ауданды жалғайтын жол. Тіпті Алматы, Астанаға баратындар да Ақсуға апаратын жолды жүріп өтеді. 14 метр көліктің жүріп-тұруына кәдімгідей кедергісін тигізеді. Сөйтіп оны 34 метрге дейін кеңейту жоспарланды. Облыс тұрғындары мен қонақтары енді кеңейтілген трассамен жүретін күн алыс емес. Бұйыртса, құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

– Нұрлан Мархабатұлы, көптен бері көкейді тескен сұрақ – бізде неліктен алдымен жол төселіп, кейіннен құбыр жүргізу шаралары қолға алынады? Ақ қағазды мыжғылап алып, оны қанша жазсаң, қайта қалпына келмейтіні секілді, теп-тегіс жол қазылып, қайта жөнделгенімен, ойдым-ойдымы шығып жатады.

– Сіз бұл сауалды қаладағы жағдайға сүйеніп қойып отырған сияқтысыз. Бұл жерде бар мәселе тиісті қызметтердің бір-бірімен келісе отырып жұмыс істемеуінде ғой. Жұмыс дұрыс үйлестірілмей жатыр. Мәселен, жылыту орталықтары бұған дейін жекенің меншігінде болған. Әкімдікке біртіндеп өтіп жатыр. Енді ондай проблема болмайды деп ойлаймын. Бірақ ол қаланың деңгейіндегі жұмыстар, сол себептен кесіп ешнәрсе айта алмаймын.

– Бізде жолдың сапасына берілетін кепілдік мерзімі қанша жылды құрайды?

– Орташа жөндеуге 3 жыл, ал күрделі жөндеуге 5 жыл кепілдік уақыты бекітіледі.

– Бірақ, биыл төселген асфальттың келер жылы қайтадан жөнделіп жатқанын көретін кездеріміз аз емес..

– Иә, ондай жағдайлар болып тұрады. Бірақ кепілдік мерзімінде ақау пайда болса, жөндеу мердігер компания есебінен жүргізіледі. Себебі тапсырыс беру тараппен түзілген келісімшартта солай көрсетіледі. Егер жұмыс барысында мердігер қандай да бір кемшілікке жол берсе, мәселен нысан құрылысын аяқтау мерзімін кешеуілдетсе, оған айыппұл салынады.

– Соңғы сұрақ. Көп шенеуніктерден «жол мен құрылыс – бас ауруы көп сала» дегенді жиі естиміз. Келісесіз бе?

– Мен ешқандай жауапкершіліктен қашқан емеспін. Сеніп тапсырды ма, барынша сенімнен шығуға тырысамын. Меніңше кез келген басшы мықты менеджер бола білгені жөн. Ұйымдастырушылық қабілетің болмаса, еңбегіңнің текке кеткені. Талап ете білген абзал. Біз мемлекеттік қызметкерміз. Демек, мемлекет сеніп тапсырған іске адал болуымыз қажет. Мемлекеттен бөлінетін әрбір тиынның дұрыс бағытта жұмсалуы үшін жауаптымыз.

– Әңгімеңізге рахмет! 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter