Қоғам
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қоғам

Отбасын сағынған мүгедектің сыры

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернатта 8 жылдан бері тұрып жатқан Ерболат Қосымбаев nur.kz порталы арқылы балаларына деген сағынышын жеткізді. Апталдай азамат балалары алып кететін күнді күтіп, қарттар үйінде әлі тұрып жатыр. Бірінші топ мүгедегі ұлының құтқарушы, келінінің мұғалім болып жұмыс істейтінін айтады.

9 жасар оқушы қыз мұңын айтып, министрге хат жазды

Қазақстанға оралғанымен еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін кері қайтарылған қандастарымыздың қарасы қалың. Солардың қатарында 9 жастағы Мейіргүлдің де ата-анасы бар. Қазіргі уақытта Алматыда жалғыз өзі қалып, туыстарының үйін паналаған кішкентай қыз бүгін елордаға арнайы келіп, мұңын Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа ақтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меценат қылмыскер болып шықты ма?

Осы аптада Ақтөбе облысы мен Қазақстанның кейбір аймағында жүргізілген арнайы операция барысында мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаумен және заңсыз тасымалдаумен айналысқан деген күдікпен бірнеше адам ұсталған. Бұл туралы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Оған қоса радикалды салафизмді ұстанатын қылмыстық топтың бірнеше мүшелері де құрықталды. Олар мұнай тонаушыларға көмек көрсетіп, қамқорлық жасап келген.

Асығыңыз! Тозығы жеткен көліктерді қабылдап жатыр

21 қарашадан тозығы жеткен көлікті жою бағдарламасы жүзеге аса бастады. Ескі автоға алғашында 315 мың теңге төленетіні туралы сөз болып еді. Жоба жүзеге асырыла бастағанда бұл сома қысқарып, 48 бен 150 мың теңгенің арасын құрап отыр. Төленетін өтемақы мөлшері утилизацияға өткізілетін темір тұлпардың күйіне байланысты.

Шетелдіктер біздің «пробиркадағы балаларға» үйір

Қазақстанда ЭКО-ұрықтандыру нәтижесінде дүниеге келген ең алғашқы баланың жасы жиырмаға толды. Жалпы алғанда, бұл сала осы 20 жылда айтарлықтай дамып, перзенттен үміті үзілуге шақ қалған жұбайларға қуаныш сыйлаумен келеді. Елімізде бедеулік деген – үлкен проблема. Қазіргі таңда жыл сайын 30 мыңнан астам пациент осы дерттен жапа шегіп жүр. Соның 8 мыңы жасанды жолмен сәби сүюге талпынып, медициналық орталықтарды жағалайды екен. Алайда, бұл жаңашылдықтың бір кесірі де болып тұр. «Пробиркадағы балаларға», әсіресе, шетелдіктер қатты қызығушылық танытып отыр.

Қайсарлықтың үлгісін көрсеткен бүлдіршіндер

Өмір мен өлім... «Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің» деп сан ғасыр бұрын Майқы би болжам жасаған ғасыр осы болса керек. Ал, ең ауыры, оған тілсіз жау мен тасқын су жұтқан жандарды қосыңыз. Биылғы қаңтар-маусым айларында, яғни небәрі 6 айдың ішінде елімізде 195 адам суға батып қайтыс болса, былтыр 300-ден аса адамның өмірін тілсіз жау жалмапты. Аз көрсеткіш емес, алайда бүгінгі күннің батырлары болмаса, бұл көрсеткіш мұнан да ұлғая түсер ме еді?!

«Болашақтықтар» шетелде қалуға неге құмар?

Шетелде білім алып, елге пайдасы тиер деген «болашақтықтар» туралы дау-дамай әлі де толастамай келеді. Өйткені 22 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпіріне оқуға кеткен олардың Қазақстанға қайтпай қалғандары қаншама. Шетелдегі қандастарымыз қазақтың топырағына жете алмай жүргенде, «болашақтықтар» неге елден безеді? Олардың шекараның арғы жағында қалып қоюына не түрткі? Сонда, шынында да, елдің еңсесін тіктейді-ау деген жас-тарымыз, жол ортадан «өзге елде сұлтан» болу үшін туған елді тәрк ететін болғаны ма?

Ұлттық компаниялар коррупцияның ошағына айналды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі квазимемлекеттік сектордағы соңғы уақытта тым жиілеп кеткен сыбайлас жемқорлық фактілеріне алаңдай бастады. Сараптау нәтижелері аталмыш саладағы коррупциялық құқықбұзушылықтардың өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскенін көрсетіп отыр (143-тен 202-ге дейін). Әсіресе, мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ел қазынасына қасақана қол сұғу, өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, парақорлық сықылды заңға қайшы әрекеттер өршіп тұр.

«Асарға» газет бармайды

Күнделікті ақпаратты интернет арқылы білетіндер кейінгі кезде газет-журналдарға деген сұраныстың азайып кеткені жайлы сыңаржақ пікір айтып жүр. Бірақ, әлеуметтік желілер арқылы тарайтын жаңалықтар қанша дегенмен газет бетіндегі байыпты мақалалардың орнын баса алмайды.

Бас мұғалім ақша сұрататындардың әрекетіне тосқауыл қоя ала ма?

Таяуда әлеуметтік желілердің бірінде Шымкентте ағаш егу үшін ата-аналардан ақша сұратқан шақыру хаттың көшірмесі көпшілікке тарады. Бұл желі қолданушылар арасында қызу пікірталастың тууына түрткі болды.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter