Қоғам
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қоғам

Қақаған қыста аяқжол салатындары несі?

Кешегі бір күндік жаңбыр Шымкенттегі шала жұмыстарды су бетіне қалқып шығарғандай болды. Басқасын айтпағанда, жаяу жүргіншілер жаңадан төселген аяқжолдарда су кешіп, арақ ішіп алған адамдай әр жерден бір басып жүруге мәжбүр. Өйтпегенде ше, толарсақтан келетін топан су ағып кететін жол таппай, жаңадан төселді делінген «тротуарларда» жиналып, кішігірім көлшікке айналды емес пе?!

«Премия» бар ма, жоқ па?

Дәл қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде бір мәселе қызу талқыланып жатыр. Ол – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай берілетін сыйақы. Оны әр аймақ өзі шешеді. Бір облыста бюджеттің қалтасы тесік, сондықтан сыйақы тұрмақ, шұнақ та жоқ. Енді бір аймақтар қолдан келгенше, 2700 теңгеден болса да, үлестіріп жатыр. Ал Алматы мен Астана қалалары бұл мәселені оң шешіп, бюджеттік сала қызметкерлеріне қомақты сыйақы беретін болды.

Біреулер үшін – «азап дәлізі», біреулер үшін – күнкөріс көзі

Шекарадан өтудің машақаты жайлы адамдар арасында аз айтылмайды. Екі елдің арасындағы байланыс «көпірінен» сәтті өтуің кейде шекарашылардың көңіл-күйіне байланысты болса, кейде заң талаптарын дұрыс білмегендіктен аяқ астынан «азап дәлізіне» тап келуің мүмкін. Жалпы, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас пен мемлекет басшыларының өзара сыйластығына байланысты қысқа күнде қырық құбылып тұратын шекарадағы тәртіптің қатал талабын орындаймын деп жүріп діңкелегендер де аз емес. Есесіне, ары-бері өтіп, алыпсатарлық жасап, жағдайын түзеп алғысы келетіндер де табылады. Заң талаптарын ескере бермейтін «саудагерлердің» кесірін кейде қарапайым жолаушылар тартып жатады.

Әріптесіміз медальмен марапатталды

Осы аптаның сәрсенбісінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірдегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып, ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың ұлық мерекесімен құттықтады.

«Бич-пакет» қазақтың ұлттық асына айналып барады

Ел ішінде «бич-пакет» деп аталып кеткен тез дайындалатын кеспелер мен ботқалар отандық дүкен сөрелерінде шамамен 20 жыл бұрын пайда болды. Диетологтар мен тағамтанушы мамандар оның құрамына мұқият үңіліп, зияны мен зардабы туралы талай ескерткенімен, бұл тағамды тұтынушылар көбеймесе, азайған жоқ. Өйткені, дайындалуы тез, ыңғайлы, дәмді. Бағасы да қолжетімді – 50-250 теңге аралығында. Әлемде оның дәмін татып көрмеген адам кемде-кем.

Ынталының тұрғындары қоқыстың ақшасын қымбатсынып отыр

Таяуда біздің редакцияға Ордабасы ауданы, Ынталы елдімекеніндегі бір оқырманымыз қоңырау шалды. Өзін Гүлжан Мамырбайқызы деп таныстырған кейуана көптен бері көкейінде жүрген ойымен бөлісіп, өзін толғандыратын мәселеге байланысты мақала жазуымызды сұрады.

Сарыағашта ауызсуға жарымаған ауылдар бар

Күні кеше ел болып Тұңғыш Президент күнін тойладық. Сәл күнде еліміз үшін тағы бір қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтпекпіз. Әрине, еліміз осынау жиырма бес жылда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Осыдан бес-он жыл бұрын алдымыздан қайта-қайта шығатын ауызсу мәселесі бүгінде біршама шешілген. Шешілмегенде ше, халықты таза сумен қамтамасыз ету мақсатында бір емес, екі бірдей бағдарлама өмірге келіп, келелі жұмыстар жүзеге асты емес пе? Бірақ, «аспаннан киіз жауса да, кедей сорлыға ұлтарақ бұйырмапты» дегендей, екі бірдей бағдарлама қабылданып, қаншама жұмыстар атқарылса да, әлі күнге дейін ауызсуға жарымай отырған ауылдар бар.

Көргеніміз құлдың күнінен артық емес...

Қайсыбір күні Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кезекті рет кедейшіліктің шегін белгілеп берді. Өкініштісі, оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен екі еседен астамға төмен болып отыр. Жалпақ жұрттың қынжылысын туғызған бұл жағдайға әзірге атқамінерлер жайбарақат қарайтын сияқты. «Бес дұшпаның – білсеңіз» деп Абай сақтандырған мақтаншақтық пен бекер мал шашпақтан арылуға ақжағалылар ынталы еместей. Бәз-баяғыша түкке тұрғысыз той-томалақтар мен даңғаза сән-салтанатқа уыстап емес, қаптап ақша жұмсап жүрміз.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter