Ақтөбелік ана баласына екі қойғаны үшін мұғалімнен милллион теңге талап етіп отыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақтөбелік ана баласына екі қойғаны үшін мұғалімнен милллион теңге талап етіп отыр

Фото: verge.zp.ua
Фото: verge.zp.ua

Ақтөбеде №35 мектеп оқушысының ата-анасы ұлына екі қойған мұғалімнің үстінен шағым түсірді. Тіпті ол үшін арызданушы ұстаздан миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр деп хабарлайды "Рика-ТВ"  арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы.

 

Оқушы алгебра пәнінің мұғалімімен жанжалдасып қалған. Оның анасының сөзіне сенсек, олар мектеп әкімшілігіне шағым түсіргеннен кейін мұғалім балаға өштігіп, себепсіз екі қойған.

"Үй тапсырмасын жасаған жоқсың деп сылтауратқан мұғалім "енді анаң директорға тағы шағымданып жүрмесін" деп өзге оқушылар алдында ұлымды кемсітті", - дейді ашулы ана.

Мұғалімнің бұл сөздерінен кейін 7 сынып оқушысы күйзеліске түскен, музыкалық мектептегі көрсеткіштері төмендеген.

Мұны байқаған әйел ұлының зардап шеккенін айтып, прокуратура мен білім беру бөліміне шағым түсірген. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, оқушы мұғалімнің оған қысым көрсеткенін "диктофонға" жазып алып, тыңдаттырған.

Содан кейін де анасы мұғалімнің ұлына қысым көрсетіп жүргенін анықтаған. Сабақтардың бірінде тақтада есеп шығара алмай қиналып тұрған балаға оқытушы "енді диктофонға жазудың қандай екенін біліп жүретін боласың" деп сынға алған.

Қарашадан желтоқсан айына дейін оқушы мектепке барудан бас тартып, жаңа оқытушы келгенде жағдай өзгеріп сала берген.

Анасының айтуынша, алгебраға сүйіспеншілігі қайта оралған ұлы музыкадан да көтеріле бастаған.

Енді ұлдың анасы бұрынғы оқтыушысының жазалануын талап етуде. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter