Қаңыраған үй көп, бірақ кезек ұзын-сонар
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қаңыраған үй көп, бірақ кезек ұзын-сонар

Қаңыраған үй көп, бірақ кезек ұзын-сонар
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Бүгінгі таңда жас отбасылардың бас сауғалайтын баспана таппай жүргені жайлы аз айтылмайды. Көптеген отбасылар пәтер алу үшін жылдар бойы ақша жинайды. Үй алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрғандардың саны адам жаңылыстырады. Тіпті, тұрғын үй салу үшін алақандай жер ала алмай жүргендер де аз емес. Баспана басты мәселе болып тұрған бүгінгі заманда кейбір қалаларда қаншама үйлер қаңырап бос тұрғынын көресің. Жаппай жекешелендіру науқаны жүрген жылдары арзымайтын тиын-тебенге сатылып кеткен ғимараттар осылайша қараусыз қалған.

Ақтөбе облысындағы іргелі аудандардың бірі саналатын Мұғалжарда сонау тоқырау жылдары қаңырап қалған көпқабатты тұрғын үйлер әлі бар. Ауданмен аттас газеттің келтірген мәліметтеріне қарағанда, қаңырап қалған үйлері көп ауданның өзінде екі мыңға жуық отбасы пәтер кезегінде тұр. Жергілікті журналист осы үйлерді қанша жылдан бері пәтер кезегінде тұрғандарға жөндеп беру туралы ұсыныс айтады. «Тәуелсіздіктің елең-алаңда «Жастық» мөлтекауданындағы №18, 19, 43, 79, 78, 38, 39 секілді көпқабатты үйлердің есік, терезелері үңірейіп, қараусыз қалды, - дейді Әнуар Есқара. - Кейін ел экономикасы тұрақталған шақта аталған үйлердің үшеуі (№78, 38, 39 үйлер) бюджет қаражатының есебінен қалыпқа келіп, кезекте тұрған жергілікті тұрғындарға берілді. Қалған үйлер жекенің меншігі болғандықтан, жаңарту, жаңғырту жұмыстары тұралап тұр. Әрине, араларында өз меншігіндегі үйлерді қайта жөндетіп жатқандары да бар. Мысалы, жеке кәсіпкер Бақытжан Қадыралин №18,19 үйлерді жөндеу жұмыстарын өткен жылы қолға алды. Ал №79 үй қашан жөнделетіндігі белгісіз.

Қала тұрғындарының айтуынша, 1999 жылға дейін бұл үйлерде бос пәтер болмаған. Әскери қалашық саналған қаланың ортасында әскери қызметкерлер тұрса, шетіндегі бұл үйлерде қаланың қарапайым тұрғындары тұрған. 1999 жылдың 2000 жылға аяқ басқан қысында мұнай қалдығымен жылу беріп тұрған орталық жылу қазандығы қатып, тұрғындарды күтпеген жерден әбігерге салады. Суық пәтерде тұру мүмкін болмаған соң, тұрғындар қала ортасындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі әскери қызметтегілерден босап қалған пәтерлерді паналап кетеді. Сол жылдардан бері көпқабатты бес үй күні бүгінге дейін қаңырап тұр.

Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, аталмыш қаладағы коммуналдық меншіктегі бос тұрған екі көпқабатты тұрғын үйдің жөндеуге жобасы дайын. Жұмсалатын шығыны да белгілі. Момышұлы көшесіндегі №11 үйдің бос тұрған 45 пәтері 164 миллион 754 мың теңгеге, 90 пәтерлік №15 үй 300 миллион 148 мың теңгеге бағаланып отыр. Қаражат болса, мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған жергілікті тұрғындар баспанамен қамтамасыз етілер еді. Себебі, қазір жалдамалы пәтерді жағалап жүргендер көп. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша бүгінгі таңда ауданда мемлекеттік тұрғын үй кезегінде 1820 адам тұр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter