ҰБТ-ның талабы өзгерді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ҰБТ-ның талабы өзгерді

ҰБТ-ның талабы өзгерді
  • Жан КЕНЖЕ

«Мектептегі қорытынды аттестацияда төрт міндетті пән мен бір таңдау пәні болады. Міндетті пәндерді орыс немесе қазақ тілінде тапсырады және әдебиеттен эссе формасында тапсырады, ал Қазақстан тарихы ауызша емтихан ретінде, математикадан – бақылау жұмысы, сонымен қатар, оқу тілі бойынша тестілеу болады (қазақ тілінен тестілеу – орыс мектептерінде және орыс тілінен тестілеу – қазақ, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде білім алғандар үшін). Таңдау пәні де тестілеу бойынша тапсырылады – физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет немесе шетел тілі», – деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Аталмыш ведомствоның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәкидің айтуынша, жоғары оқу орындарына (ЖОО) түсушілерге ҰБТ-ны тапсырудың жаңа форматы үш міндетті пәнді қарастырады: математикалық сауат, сауатты оқу және Қазақстан тарихы, 20 сұрақтан тұратын емтихан және 30 сұрақтан екі бейінді пән болады. Тестілеудің жалпы уақыты – 210 минут. Министрлік сұрақтардың санын арттырғанымен, шектік балды 50 деңгейінде қалдырып отыр.

«Сауатты оқу – бұл төрт мәтін, оның әрқайсысы бойынша бес балдан беріледі, олар жалпы тақырыпта болады, талапкер оны оқып, сараптама жасап, мәтіндік сұрақтарға байланысты мәтінде келтірілген жағдайға қатысты жауап беруі тиіс. Жалпы бұл «SIT» (System Integration Test – Авт.) жүйесінен алынған. Бұл емтихан арқылы жағдайға сыни көзқараспен қарау, сараптама жасай алуын тексеруге бағытталған», – деді Дархан Ахмет-Заки.

«ЖОО-ға түсушілерге арналған сынақ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, тестілеуге қатысуға өтінім 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады екен. Сондай-ақ, шектік деңгейге балы жетпеген түлектер ҰБТ-ны тамызда немесе келесі жылдың қаңтарында қайта тапсыра алады», - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Осыған дейін министрлік өкілдері 2017 жылғы түлектерге ҰБТ-ның екіге бөлінетінін жариялаған болатын. Олар: мектептердегі мемлекеттік емтихан форматындағы қорытынды аттестация және таңдалған мамандыққа байланысты 14 пәннен екі бейінді пәні бойынша ҰБТ.

Айта кетейік, ҰБТ енгізілгелі 13 жылдан бері оған 1,5 миллион бала қатысқан.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter