Азабын қазақ тартады, қызығын басқалар көреді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Азабын қазақ тартады, қызығын басқалар көреді

Азабын қазақ тартады, қызығын басқалар көреді
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Бұрындары дімкәс балалар өте сирек кездесетін. Бүгінде жақсы жетілмеген жасөспірімдер жайлы жиі айтылатын болды. Жарымжан көңілін жабырқаған болып, ауыруы туралы жұмсартып айтамыз. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар» дейміз. Туылмай жатып арбаға таңылған тағдырлардың мөлдіреген жанарлары жүректерді ауыртады. Бірақ, аяғаннан басқа амалың, мүсіркегеннен басқа мүмкіндігің жоқ. Тіпті, әр оныншы баланың осылайша ауру болып туылуын қалыпты жағдай деп қабылдайтын болдық. Бұл түрімізбен көп өтпей-ақ мүгедектері ең көп мемлекетке айналып кетпейміз бе? Соңғы кезде жарымжан балалар неге көбейіп кетті? Түрлі аурулардың асқынып бара жатқаны экологиялық жағдайдың ауырлығынан емес пе?

Рас, экологиялық аймаққа жататын аудан тұрғындарына денсаулығын күту үшін айлықтарына үстеме ақша қосылып беріледі. Бірақ оның өзін ала қойды бөле қырыққандай етіп, алалап береді. Мысалы, біздің оңтүстік өлкенің өзінде Созақ, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс, Түркістан қалалары экологиялық дағдарыс жағдайына жақын орналасқан аймаққа жатады. Ондағы тұрғындардың бәрі бір ауаны жұтып, бір құбырдан келетін суды тұтынып отырғанына қарамай денсаулығын түзету үшін берілетін жәрдем жалпыға бірдей төленбейді. Жұмыс істейтіндердің жалақысына 20 пайыз қосылғаны болмаса, қарапайым халыққа жасалған жағдай шамалы. Онда да мемлекеттік мекемелер болмаса жекелеген кәсіпорындар мүмкіндік болса көбірек жұмыс істетіп, азырақ ақша төлеуді көздейді. Созақтағы уран өндіретін кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтардың айлық-жалақысы бір қарағанда едәуір көп сияқты көрінгенімен, қайта қалпына келмейтін зор байлық – денсаулығының алдында түкке де тұрмайды. Қаншама жастар денсаулығына қауіпті екенін білсе де, жұмыссыздықтан уран өндірісіне тәуекел етіп жатады. Жоғары жалақы, тіршілік тауқыметі осылайша өрімдей жастардың болашақ өмірін жалмап жатыр. Сұрастырып көргенімізде, сауалнамаға қатысқан оншақты адамның қай-қайсысы да жастар арасында белсіздік пен бедеулік белең алғанын, ерте қартаю қасіретінің де жоқ емес екенін айтады. Арнайы тексерген мамандар да Созақ ауданындағы экологиялық ахуалдың сын көтермейтінін көрсетіп берді. «Гигиеналық еңбек пен кәсiби сырқаттар ұлттық орталығы» ОҚО филиалының директоры Гүлжан Досыбаеваның айтуынша, тұрғындарда иммунитет тапшылығы байқалған. «Созақ ауданы тұрғындарының ағзасында улы элемент – кадмийдiң мөлшерi көп екендiгi белгілі болды. Аймақ халқының шашынан, қанынан, ауыз қуысының iшкi бетiндегi тiннiң сiлекейi мен мұрын сөлiнен алынған анализдер адам ағзасында йодтың, мырыш пен мыстың төмен екендiгiн байқатты. Аудан халқының арасында жүрек-қан тамырлары аурулары көбейіп кеткен. Оның негізгі себебі – қан құрамында холестериннiң көбеюі болып отыр. Жасы ұлғайған 40-50 жас аралығындағылардың мұндай кеселге көбiрек шалдығуы майлы мал етін көп тұтынатындығымен байланысты болса керек. Иммунитет тапшылығы, ауыр металдардың зардабы қытайдың арзан тағамдарын, ыдыс-аяқтарын пайдаланудан туындауы мүмкін деп қорытынды жасауға болады», – дейді ол.

Иә, айтса айтқандай, соңғы кезде табиғат ананың қатты ластануынан, техногендiк және химиялық өзгерiстердiң әсерiнен осы өңірлерде тұратын халықтың денсаулығы тіптен төмендеп кеткенін ұзақ уақыттан бері зерттеп жүрген мамандар да жоққа шығармайды. Медициналық экология зертханасының меңгерушiсi, медицина ғылымының докторы Зұлхия Намазбаева бұл жайлы былай дейді: «Басты байлыққа, ең алдымен, қоршаған ортаның зор әсер ететіні сөзсіз. Бүгінгі таң-да экологиясы ушыққан аймақтарға Семей полигоны, «Азғыр» полигоны, Созақ ауданындағы уран өндiрісі кіреді. Әсiресе уран кенiн өндiру – радионуклидтердiң топырақтың жоғары қабатына шығып, айналадағы өсiмдiктер дүниесiмен араласып кету қаупiн жоққа шығармайды. Олардың таралу аймағы шектеулі өлшеммен өлшенбейдi. Оның адамдардың созылмалы қорғасындық ин-токсикациясына алып келерi даусыз».

Міне, мамандар осылай деп дабыл қағады. Ал, біз жыл санап жарымжан балалардың көбейіп бара жатқанын айтумен ғана шектеліп жүрміз. Тіпті, соңғы кездері экологиялық аймаққа теңестірілген аудан тұрғындарына төленетін 20 пайыз жәрдемақыны да көп көріп жүргендер бар сияқты. Себебі, Шарараны туристік аймаққа айналдырамыз деп жүрген атқамінерлер ауданды осы статусынан айыруға атсалысып жатқан көрінеді. Егер «экологиялық аймаққа жатпайды» деген бір жапырақ қағаз болса, Шардарадағы теңіз жағасындағы алтын жағажайға қарай жаздың күндері ағылатындар көп болады-мыс. Онда да қызығын ақ жағалылар көрмесе, қарапайым халық... Осылайша уранның да зардабы мен зиянын қарапайым халық тартып, қызығын басқалар көріп жүр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter