Мұғалімдердің көбі шынымен де сауатсыз ба?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Мұғалімдердің көбі шынымен де сауатсыз ба?

Мұғалімдердің көбі шынымен де сауатсыз ба?
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Үстіміздегі жыл білім саласы үшін берілген уәделерге, басталған бағдарламаларға толы болды. Әйткенмен, білікті ұстаздардың жоқтығы – бүгінгі күннің басты тақырыбы. Еліміздің түкпір-түкпірінен ашылып жатқан мектептерге сауатты мұғалімдер ауадай қажет. Иә, таяқ лақтырсаң, ұстазға тиетін заманда білімді мұғалімдердің аздығына сену қиын. Алайда ұстаз сөзіне «білімді», «білікті» сөзін тіркестірерде тіксініп қаласыз...

Отыз-қырық баламен жұмыс істеу, олардың қас-қабағын бағып, бағындыра білу, құжат пен қағаздарды толтыру оңай шаруа емес. Сондықтан әзірге «Алтын белгі» ала тұра ұстаз болғысы келгендерді өте сирек байқаймыз. Мектеп бітіргендердің дені заңгерлік пен қаржыгерлікке, одан қала берді мемқызмет жағалауға ыңғайлы мамандықтарға бет бұрады. Сонда олар неге мұғалім болудан қашады?

Әлемнің дамыған 30 елінде, әсіресе, Еуропа елдері мен АҚШ-та оқытушының жалақысы жоғары, ал бізде керісінше. Ақпарат көздеріне сүйенсек, аталмыш елдерде мұғалімнің жалақысы орта есеппен айына 4 000- 5 000 доллар көлемінде. Есесіне, білім сапасы да өте жоғары. Ал бізде ше? Бізде он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұстаздың өзінің айлығы – жетпіс мыңның жобасында. Алғашқы кедергі осы болса, келесісі – қағазбастылық. Бүгінде мұғалімдердің жұмыс күнінің дені сабақ өтуден гөрі, құжат толтырумен құриды. Ал, ең қиыны, олардың мектепке ақшамен жұмысқа орналасуы. Аты-жөнін көрсетпеуімізді өтінген бойжеткеннің бірінен мектепке қанша сомамен жұмысқа орналасқанын сұрадық. «Қазір 400-500 мың бересің ғой. Енді одан ары қарай өзің келісесің, мүмкін танысың болса азайтар. Мен де оқу бітіргеніме бір жылдан асты. Биология пәнінің мұғалімімін. Алматыда оқу бітіріп, Оңтүстікке келін болып түстім. Шыны керек, мұнда жұмысқа кіру үшін біліміңді тексермейді де. Астанада мұғалімдер жұмысқа тегін орналасады дегенді жиі естимін»,-дейді ол. Шынында да, кім де болса 4 жыл ақша шығындап, тағы ақша беріп жұмысқа орналасқысы келмейтіні айдан анық.

Мектепті үздік оқыған оқушының мұғалім болуды армандайтыны некен-саяқ. Сондықтан көбіне мұғалімдікке орташа оқитындар мен техникалық оқу орындарында оқуға шамасы келмейтін түлектер түсетін көрінеді. Кімнен жасырасыз, кімді кінәлайсыз? Білім сапасы да осындайдан күрт төмендейді. Бұған сырттай оқу бітіріп, түк білмегендей сабақ беріп жүргендерді қосыңыз. Өзіміз де сырттай оқу бітіріп алып, талай ұстаз болып кеткен аспаз бен еден жуушыларды көрдік. Адам баласын бір-бірінен кем көрейін деген ойымыз жоқ, тек осындай қырыққа келіп оқуды сырттай бітірген мамандардан сауатты ұстаз шығады деу тағы қисынға келмейді емес пе?! Былтыр Британ сарапшыларының Қазақстанды ХХІ ғасырдағы білім саласы бойынша даму қарқыны ең жоғары 25 елдің қатарына кіргізгенін естідік. Бірақ сырттай оқу бітіргендерді сауатты дегеніміз күлкілі шығар. 2012-2013 оқу жылында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің 39,1%-ы, орыс тілі пәні мұғалімдерінің 28,4%-ы, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 21%-ы, неміс тілі пәні мұғалімдерінің 7,4%-ы, өзбек тілі пәні мұғалімдерінің 19,8%-ы сырттай оқу түрін бітірген. Бұл дегеніңіз жақсы көрсеткіш емесі көзге ұрып тұр. Ақшамен маман болған ұстаздан шәкірті қалай оза қойсын... Ал сауатты, білімді де білікті ұстаздардың қатарын көбейткіміз келсе, оларды жұмысқа қабылдарда біліміне, тілді меңгеру деңгейі мен жетістігіне баса назар аударған жөн-ақ. Мұғалімнің сауатсыздығы туралы айтқанда, әсіресе, ЖОО-да білімді сырттай оқыған мұғалімдерге тексерісті күшейткен жөн.

Ал солардың ішінде ең оңайы қазақ тілі деп, оған жүрдім-бардым қарайды. ОҚО-ның Бәйдібек ауданындағы қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің 66,1%, Төлебидегі мұғалімдердің 60%, Сайрамдағы мұғалімдердің 56%, Отырардағы мұғалімдердің 55,1%-ы сырттай оқыған екен. Олай болса, қазақ тілінің болашағы алаңдауға арзымайды деп көріңіз.

Шындық – осы. Ащы да, ауыр да болса шынайы. Біз айтқанмен, бүгін-ертең ұстаздардың біліктілігі жоғарылап кетуі, басқа саладағылардың ұстаздыққа бет бұрып кетуі неғайбыл. Бірақ осылай кете берер болсақ, ақыры өскелең ұрпақтың санасына білім сіңірер сауатты ұстаздың одан сайын жұтаңдала түспесіне кім кепіл? Сондықтан ұстаздарға сыпырғы ұстатып, көше тазалатуды, үй мен үйді аралатып мектепке баратын бала жинатуды, көл-көсір құжат толтырғызып, табанынан тоздыруды, жұмысқа бума-бума ақша алып қабылдауды бірден доғару керек шығар... Сонда ғана оларға қойылар талап та, бұл мамандыққа деген сұраныс та арта түсер ме еді?! Әрине, жалақы мәселесі де тізімдегі аталғандардың көш басында тұруы қажеті тағы бар.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Серік
0 Серік 05.09.2016 01:33
Мектеп директорларынан отдел кадрлықты алу керек оңтүстікте.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter