Диплом бар, жұмыс жоқ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Диплом бар, жұмыс жоқ

Диплом бар, жұмыс жоқ
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Әлемде жастардың 13 пайызы, яғни 75 миллионы жұмыссыз жүр. Ең өкініштісі, олардың 6 миллионы жұмыс табудан біржолата күдерін үзген. Бұл Халықаралық еңбек ұйымының өткен жылы ұсынған мәліметі. Ал бір жыл бұрынғы Қазақстандағы жұмыссыздар көрсеткіші 117 мыңды құраған. Оңтүстікте 800 мыңға жуық жастар болса, соның 12 мыңнан астамы жұмыссыздар. Аз ба, көп пе? Жалпы жұмыссыздық жалқаулыққа жата ма? Күні кеше қазекемнің «іздегенге сұраған» дегенінің жұмыссыз іздегендерге қаншалықты қатысы бар? Бар болса, неге дипломы бар жұмыссыздардың саны күн санап күрт көбейіп келеді?

«Диплом бар да, жұмыс жоқ» деп жүргендердің қарасы қалың. Өйткені ең алдымен жұмысқа тұру үшін жылдар бойы жиған тәжірибе қажет. Ал «стажың» жоқ екен қыс-жазың қырық мыңды қанағат тұтқызады. Бұл тұрғыда Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі: «Еңбек кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі туралы норма бар. Алайда кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастар заңда белгіленген мерзім ішінде «сынақтан өтушілер» есебінде ешбір еңбекақысыз жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды шамадан тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады. Оның үстіне сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа алынушының біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалғандары шетке қағылады. Әсіресе, мұндай берекесіз тірлікке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке құрылымдар, соның ішінде ірі банктердің филиалдары көбірек барады. Бұл дегеніміз – біздің жастарымызды қанаудың бір түрі емес пе!», – деген еді өзінің мақаласында. Ұлы Абай да жұмысы жоқтық пен қарыны тоқтықтың адам баласын аздырарын айтпап па еді?

Бұл бұл ғана ма, оқу бітіре салып дипломын құшақтап, онсыз да жұмыс іздеп табанынан тозған студенттердің жаңа заң жобасы бойынша, яғни «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабына сәйкес мемлекеттік тапсырыс негізінде түлектер кемінде үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті. Жасыратыны жоқ, оқу бітіріп басқа салада жұмыс жасап жүргендер өзіміздің айналамызда да жетерлік. Сондықтан, бәлкім мемлекет тарапынан қойылған бұл талап та дұрыс шығар. Бірақ, бірағы сол, жұмысқа орналасуға олар қаншалықты ықпал ете алады? Осыған дейін де газетіміздің өткен нөмірлерінде жоғары оқу орындарының бітіруші түлектерден жұмысқа тұрғандығы жөнінде анықтаманы алдын ала алдырып алатынын айтқанбыз. Бұл анықтаманың қаншалықты шындыққа саятынын ішіміз біліп отыр. Осылайша өз түлектерінің тентіреп кетпегеніне қолдарында дәлелі бар кейбір оқу орындары өз көрсеткішін түгендеп әлек. Сонда бұл көзбояушылық кімге опа береді?

Бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамтудың бір жолы – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы. Бірақ ол да, өкінішке орай, көңіл көншітпей тұр. Шынында да, қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама еліміздің барлық аймағында жұмыс істеп жатыр. Оның аясында «Жастар практикасы» сынды ауқымды бағдарламалар да жолға қойылған. 29 жасқа дейінгі жоғары оқу орнын бітіріп, соңғы үш жылда өз мамандығы бойынша жұмыс істемеген барлық жас мамандар осы арқылы өзіне қызмет қарастыра алады. Алайда еңбекақысын республикалық бюджеттен алатын оларға жоғарыда айтқанымыздай 6 ай бойы ай сайын бар-жоғы 40 мың теңге төленеді. Мұны қанағат тұтпаған жастардың көбі жұмыс істеуден қашқақтап, жұмыссыздардың көрсеткішін көбейтіп жүр. Кімді кінәлайсыз, осындай аз сомаға жастарды жұмысқа жегуге құлықты қоғамды ма, айлығы мен шайлығына шәлкес қарай алмайтын жастарды ма? Сіз не десеңіз де, жыл сайын бір ғана «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясында 30 мыңдай жас маман ауылға барады екен. Бірақ күні кеше ауылдан келген ауыл баласы ауылға қайта ат басын бұрғысы келмейтіні тағы бар.

Бүгінгі таңда біз тілдескен бірнеше азаматтарымыз бен азаматшаларымыз мемелекеттік жұмыстан гөрі қосымша жұмыстардың айлығы көбін алға тартады. Төрт-бес жыл бойы та-ананың қас-қабағына қараудан қажыған олар енді өздері қолғабыс етулері керегін, ал азын-аулақ айлықтың жүріп-тұруынан, ішіп-жеуінен артылмайтынын айтып әлек. Өкініштісі сол, елімізде жастарды жұмыспен қамту барысында бірнеше бағдарламалар жұмыс істеп тұрғанымен, әлі де болса жұмыссыздар көрсеткіші кемитін емес.

Осындай сансыз сауалдың жауабын табуға келгенде қиналып қаламыз. Осыдан небәрі бір жыл бұрын бітірген түлектің бірі ретінде «Жұмыспен қамту орталығына» жүгіргендердің бірі едік. Бірақ мекемелер тарапынан айтылғандай мамандығыңа сай жұмысты ол жерден табу оңай ма? Жо-жоқ, қолыңызға ұстатқан ұзын-сонар тізімнен табылғанын қанағат тұтасыз. Ал ол мекемеге барған соң алты айдан соң жұмысқа қабылданған-қабылданбағаның анықталады. Былайша айтқанда, кәдуілгі тәжірибе. Оған бүгінгі жастардың жүйкесінің шыдас бере қоюы тағы қиын. Иә, біз де қос қолын төбесіне қойып өзіміз жұмыс іздеуге кіріскендердің біріміз. Бәрін айт та бірін айт, бүгінгі таңда оқу бітіргенмен дипломын сандықтың түбінде сақтап, дипломды қажет етпейтін жұмысқа жегіліп жүргендер көптігі көңілге кірбің ұялатпай қоймайды. Мағжан сенген жастардың сенделісі сенімнің үдесінен шықпағанының бір дәлелі болса керек. Сұраныс бар жерде ұсыныс бары ақиқат. Олай болса жауапты мекемелерге қандай мекемеде қандай жұмыс орыны бос болатыны тайға таңба басқандай белгілі болатын дүние ғой. Ендеше жастарды оқуға орналастыруды оқу орнынан бастаған жөн-ақ. Анықтама алдырып, жылы жауып қоя салмай, төрт жыл бойы білім берген оқу ордасының да біліммен қоса берері болуы керек емес пе?

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter