Ақтөбе әкімі 86 жастағы қарт сатушыны көріп, риза болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақтөбе әкімі 86 жастағы қарт сатушыны көріп, риза болды

Фото: aktobenews.kz

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа тұрғындар кабинетте былай тұрсын, енді базар ішінде де шағым айтуға көшті. Аймақ басшысы  «Табыс» коммуналдық базар ішін аралап жүргенінде, келеңсіз жағдайдың куәсі болды. Бақылау таразысының қасында тұрған сатып алушылардың бірі Бердібек Машбекұлына ет сатушысының өзін бағадан жаңылыстырғанын айтып шағымданды. Әкім кінәлі сатушыға "Бұлай халықты алдайтын болсаңыз, сізге сауда жасауға рұқсат берілмейді!"деп қатаң ескерту жасады. Бұл туралы aktobenews.kz жазды. 

Ал базарда тұрып, тары мен талқан, құрт сататын 86 жастағы Ханзада әжеге өңір басшысы риза болды. Әжейге қажет өнімді Әйтеке би ауданында тұратын келіндері дайындап, беріп жіберетін көрінеді.
— Бойымда күш-қуатым бар кезде осылай жұмыс жасап, оларға көмектескенімнің несі айып, — дейді Ханзада әжей.
Қарт ананың белсенділігіне риза болған облыс басшысы:
— Міне, қит етсе жұмыс жоқ деп шағымданатын жастарымыз үшін үлгі болар жан. Халыққа көрсетіңдер. Осындай адамдар туралы жазу керек, — деді кейуанаға ризашылығын білдірген өңір басшысы. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тоқтар Серіковтің сахнадан кетуіне "қызтеке" әншілер себеп болыпты

"Көршінің қызы" деп ән салған Тоқтар Серіков сахнаға не үшін шықпай жүргенін жайып салды. Отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында әнші сахнадан көрінбей кетуінің негізгі себебін кәсіпкерлікті қ...

Korrespondent.kz Мәдениет

Танымал журналист Астана әкімін өтірікшіге теңеді

Танымал журналист Дина Елгезек (Төлекова) Астана әкімі Әсет Иесекшевті ел алдында өтірікші деп сөгіп тастады. Бұған күні кеше астаналық миллионыншы тұрғынның дүниеге келуі себеп болған. Әрине, дүйім ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Ақтөбе әкімі 86 жастағы қарт сатушыны көріп, риза болды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа тұрғындар кабинетте былай тұрсын, енді базар ішінде де шағым айтуға көшті. Аймақ басшысы  «Табыс» коммуналдық базар ішін аралап жүргенінде, келеңсіз жағдайд...

Korrespondent.kz Қоғам

Алматыда белгісіз әйел дәретханада туып, сәбиін шұңқырға тастап жіберген

Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан жаңа туған нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter