Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

Фото: khabar.kz
Фото: khabar.kz

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын айтып араша сұрады, деп жазды Азаттық. 

 

Министрге жолданған хатта қызметкерлер "Қазақ радиосының" Алматы бюросының жабылуына наразы екені айтылған. Хатта «Екі басшы және 14 журналистен тұратын «Алматы студиясына» дәл қазіргі уақытта жабылып қалу қаупі төніп тұр. 95 жылдық тарихы бар "Қазақ радиосының" «аптекаға» айналғанына үш жылдай уақыт өтті. Күнде "Қазақ радиосының" эфирінен берілетін жарнамалық хабарлардың эфирден алып отырған уақыты да ауқымды екенін айтпасқа болмайды. Күн сайын берілетін төрт бірдей хабар бір ғана дәрілік қоспаны (балдырды) насихаттайды» делінген хатта жарнамалық хабардың тек Алматы студиясы есебінен берілетіні жазылған.

Жаңа құрылған министрліктен Қазақ радиосының Алматы бюросының жабылмауына араша сұраған қызметкерлер «Егер экономикалық қаржыны үнемдеу қажет болған болса, "Қазақ радиосын" айтпаған күннің өзінде, таза қазақ тілінде хабар тарататын ұлттық бағыттағы "Шалқар радиосын" Астанадан Алматыға қайта көшіру арқылы «Қаз Медиаға» ай сайын төленіп жатқан миллиондаған аренда ақысын үнемдеуге болмас па еді? Алматыдағы "Қазақ радиосының" Алматы студиясына өзінің жеке жиілігі бар «Алматы-радиосы» мәртебесін беріп, эфирдегі уақытының үлес- салмағын көбейтіп, оның базасы мен сапасын жақсартып, ел игілігіне қызмет етуін оңтайлы жолға қояр деп сенім артамыз!» деп аяқталған хат соңына 30 адам қол қойған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter