Қазақ жерінде қанша мұнай бар?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қазақ жерінде қанша мұнай бар?

Қазақ жерінде қанша мұнай бар?
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Сонымен, мұнайдың бағасы $30-дан да төмендеді. Қара алтынға қарап қалған қазақтың теңгесі де бірге құнсызданып барады. Былтыр білгіштер «Қазақстанда 1 АҚШ доллары 400 теңге болады» деп болжаған еді. Дегендері келейін деп тұр. Әлемдік нарықта көмірсутегіне деген сұраныс азайып, саудадағы мөлшері көбейіп кетті.

Жермай бағасының құлдырауы жаһандағы көптеген елдердің экономикасын тұралатып, әлемдік нарықты теңселтіп тұр. Апта басында еуропа мен азиядағы ірі биржалардың индекстері игеруге келмей, төмендеп кетті. Қара алтын құнының төмендеуінің бір себебі шикізат нарығындағы «артық» сатушыларды ығыстыруда жатыр. Мұнай бағасы 30 АҚШ долларының төңірегінде болуы көмірсутегін өндіретін көптеген елдерге тиімсіз. АҚШ-тың СNN арнасы келтірген дерек бойынша: Бразилияда бір баррель қара майды жердің бетіне шығару құны $48,8 екен. Ал, Канадада бір баррель мұнайды өндіруге 41 доллар жұмсалады. АҚШ, Норвегия, Колумбия сынды елдерде бұл сома 35 пен 36,5 АҚШ долларының төңірегінде. Иран мен Біріккен Араб Әмірлігінде мұнайдың бір баррелін өндіру құны 12,3-12,6 доллар. Ал, Иракта – $10,7, Сауд Арабиясында $ 9.9. Нағыз қара алтын Кувейтте өндірілетін мұнай екен. Сапасы жағынан емес, өндіруге кететін шығын жағынан. Парсы шығанағындағы ел үшін бұл қаражат барреліне небәрі 8,5 АҚШ долларын құрайтын болып шықты. 

Мұнай бағасының арзандауы Сауд Арабиясы секілді әлемдегі ірі мұнайлы алпауыттың экономикасын да тежеп тұр. Мемлекеттік кірістің 90 % мұнай саудасынан түсетін елде қазір бюджет тапшылығы 15 % төңірегінде. Мұнай бағасы құлдырап бара жатқаннан соң мұнда да қазына шығысы шектеліп, электр, ауызсу секілді өркениет белгілерінің бағасы өскен. Мұнайдан түскен ақшаға өмір сүріп үйренген арабтар үшін бұл тығырықтан шығар жол емес. Бүгінде Сауд Арабиясының 45 миллион тоннаға жуық мұнай қоры бар. Соны сату керек. Оның үстіне бірталай жыл экономикалық бұғауда отырып, жаңа жылдан жаһандық нарыққа Иран шығып жатыр. Бұл онсыз де алушыдан сатушысы көбейіп кеткен мұнай базарында басы артық бәсекелес. «Иран мұнайын экспортқа шығарады» деген әңгіме былтыр басталғанда-ақ Brent бағасы арзандай бастаған-ды. Есебін тауып ресми Тегеранды нарықтан шеттетпек болған Әр-Рияд әрекетінен түк шықпады. Баға бәрібір арзандап кетті. Қала берді, Сауд Арабиясының Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы ақпан айында солтүстік-батыс еуропаға мұнайдың баррелін $0,60-қа, жерорта теңізі жағалауындағы елдерге әр барреліне 20 цент жеңілдік жасауға уәде берді. Оның бұл әрекеті осы аумақтарға мұнай сататын өзге бәсекелестерді нарықтан ығыстыруға саяды. 

Мұнайдың арзандауының тағы бір себебі – экономикалық даму қарқыны бәсеңдеген Қытайдың ішкі нарыққа беймделуге бет бұруы. Аспан асты елінің бұл әрекетін нарықтағы ойыншылар оны шикізат сұранысын айзайтпақ деп топшылап отыр. Салдарынан энергоресурс саласындағы сауда да суи түті. 

Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде. Қара алтын арзандағанда Сауд Арабиясы сықылды мұнай алпауытының ахуалы мынау болса, Экономикасы сол шикізатқа тәуелді боп тұрған Қазақстанның халі не болмақ? Бізде бір баррель мұнай өндіруге $27,8 жұмсалады екен. Ал, нарықтағы баға 30 долларға шақ тұр. Сонда өзімізге қалары екі ақ доллар ма? Сол қалғанның салығы ғана қазынаға түсерін ескерейік. Оған қоса, өндірілген өнімді өңдеуде де өкініштер баршылық. Бүгінде біздегі мұнайды алу коэфиценті 30% екен. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген осы шығар. 

Сапасына келсек... Қазақ жермайының сапасы онша емес деген – әпсана. Американдық мұнай институтының (IPC) мамандары осындай қорытындыға келген. Теңіз бен Қарашығанақ кеніштерінен алынатын майды зерттеген IPC сарапшылары оның Brent пен Urals-тың да сапасынан жоғары екенін айтады. Осы екі кеніштен алынатын май қоспасына қатысты әлемдік мұнай жайлы әдебиеттерде СРС-blend деген теримн пайда болды. Бұл дегеніңіз – біздің мұнайдың бағасы өзгелерден жоғары болуы тиіс деген сөз. «Онда сол мұнайды көп мөлшерде сатып, мына дағдарысты елді қинамай еңсеріп алайық» деген ой келуі мүмкін. Бағы төмен боп тұрған мына заманда мұнайды көп өндіріп, жер қойнауын қансыратқаннан басқа ұтарымыз шамалы. Оның үстіне бүгін аздап тарықсақ ертең, етіміз тіріледі, іскерлікке үйренеміз. Қайткенде де биліктің әрекетінен осы пиғыл байқалады. 

Бағаны тұрақтандыру үшін мұнай экспорттаушы елдер – ОПЕК Қазақстанға көмірсутегін өндіруді қысқарту туралы қолқа салыпты. Бірақ, былтырғы басқосуда сол ұйымның өзі ондайдан бас тартқан болатын. Онсыз да соңғы үш жылда бізде мұнай өндіру мөлшері қысқарып келеді. 2013 жылы елде 81,8 млн тонна мұнай өндірілген болса, 2014 жылы 81 млн тонна өндірілген. Бұл көрсеткіш былтыр тағы 1 млн тоннаға қысқарған еді. Күніне 1,8 млн баррель (әлемдік өндірістің 2%-авт. ) мұнай өндіретін қазақ жерінде қарамай жетеді. Сарапшылардың айтуынша, Ұлы даладағы мұнай қоры 11-12 миллиард тонна. Көптеген ғалымдар Қазақ жерінің қойнауындағы қара алтын қоры туралы сөз болғанда 76 миллиард тонна деген санды айтады. Ал, табиғи газ қорының көлемі 6 трлн м³.

Әлі қойнауы зерттелмеген аумақтар бар. Өкінішке орай, геологиялық зерттеу бізде әлі де кенде қалып отыр. Жеріміздің геологиялық картасын жасау жақында ғана қолға алынды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter